Жаңалықтар

...
Университетіміз қытай тілі арқылы болашақты қалыптастыруда!
2026 ж. 27 қаң., сс, 09:27

Бүгінде Қытай тілі 1,5 миллиардтан астам адам сөйлейтін әлемдегі ең көп таралған тілдердің біріне айналып отыр. Қытай экономикасы жаһандық деңгейде жетекші орындардың бірін иеленіп, көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның да маңызды сауда серіктесі екені белгілі.

2009 жылы АҚШ-та “100,000 Strong” бағдарламасы, ал 2015 жылы “1 Million Strong” бастамасы іске қосылып, миллиондаған студентті қытай тілін үйренуге ынталандыру көзделген еді. Бұл жоба тіл білудің стратегиялық маңызы бар екенін айқын көрсетті.

Қытай тілін білу әлемде халықаралық сауда, инвестиция, логистика және бірлескен жобалар саласында үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Дәл осы тұрғыда қытай тілін меңгеруге бағытталған көптеген гранттар мен академиялық бағдарламалар жүзеге асуда.

Университет осы жаһандық үрдістерді ескере отырып, студенттерге орыс және ағылшын тілдерімен қатар қытай тілін меңгеруге мүмкіндік жасап келеді. Бұл — бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы маңызды қадам.

24 қаңтарда BLCU Kazakhstan базасында HSK және HSKK халықаралық емтихандары компьютерлік форматта өтті.

Қытай тіліне деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанының бір дәлелі осы жолы емтихағанға 124 үміткер қатысқан. Демек өткен жылдардың есебімен салыстыратын болсақ 55%-ға өскен.

BLCU Kazakhstan – Астана қаласындағы HSK және HSKK емтихандарын халықаралық стандарттарға сай цифрлық форматта қабылдайтын жалғыз ресми орталық. Заманауи формат емтиханды қолжетімді әрі ашық етеді.

Университет заманауи бағыттарды дер кезінде қабылдап, көшбасшылық позициясын нығайтып келеді.

...
«Психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық ұтқырлығы: НИУ ЖЭМ-де (Мәскеу)
2026 ж. 27 қаң., сс, 07:04

«Психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық ұтқырлығы: НИУ ЖЭМ-де (Мәскеу)

 

Халықаралық Астана университетінің 6В03103 – «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Усманова Тахмина Гаиратовна 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» (Мәскеу қаласы) базасында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық кезеңінде Тахмина психология саласындағы теориялық білімін тереңдетуге және кәсіби практикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған келесі оқу пәндерін меңгеруде:

«Ойлау психологиясы» - ойлау үдерістерінің механизмдерін, олардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, сондай-ақ шешім қабылдау ерекшеліктерін зерттеуге арналған пән;

«Дағдарыстық жағдайдағы тұлғаларға шұғыл және кризистік психологиялық көмек көрсету» - өткір стресс, психологиялық дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде психологиялық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған курс;

«Клиникалық психология» - психикалық бұзылыстардың психологиялық аспектілерін, психодиагностика, кеңес беру және психологиялық сүйемелдеу әдістерін қамтитын оқу пәні.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттің кәсіби көкжиегін кеңейтуге, психология саласындағы заманауи ғылыми және практикалық бағыттарды меңгеруге, сондай-ақ халықаралық академиялық ортада білім алу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Халықаралық Астана университеті өз студенттерімен мақтанады және олардың академиялық әрі кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Алынған білім мен тәжірибе Усманова Тахмина Гаиратовнаның болашақ кәсіби өсуіне берік негіз болады және Қазақстан Республикасында психология ғылымы мен практикасының дамуына өз үлесін қоады деп сенеміз

...
Халықаралық қысқы мектеп аясындағы дәріс
2026 ж. 27 қаң., сс, 05:46

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткен «Қоғамдық тұрақтылық және әлеуметтік әділеттілік: саясат, құқық және әлеуметтік институттардың өзара іс-қимылы» атты Халықаралық қысқы мектеп аясында Астана халықаралық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Баубекова Замира Джураевнаның дәрісі өтті.

Дәріс «Педагогикалық қатысу мәдениеті: сөз этикасы, мінез-құлық және кәсіби жауапкершілік» тақырыбына арналды. Баяндамашы педагогикалық этиканың қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызына, педагогтің кәсіби жауапкершілігі мен білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды.

Лекция барысында қазіргі таңда педагогтерге қойылатын талаптардың артуы жағдайында педагогикалық этика формальды ұстаным емес, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының психикалық саулығын қамтамасыз ететін маңызды шарт екені атап өтілді.

2026 жылғы 12–23 қаңтар аралығында өткен Халықаралық қысқы мектеп профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілерге арналған білім беру алаңы ретінде кәсіби пікір алмасу, тәжірибе және ғылыми идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді. Онлайн форматта өткеніне қарамастан, талқылаулар белсенділікпен, мазмұндылықпен және жоғары қызығушылықпен өтті.

Қысқы мектеп жұмысына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа да елдердің спикерлері қатысып, өзекті ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық мәселелерді қамтыған баяндамалар ұсынды. Мұндай көзқарастар мен тәсілдердің әртүрлілігі қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке жаңа бағыт-бағдар берді.

 

...
«Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» семинары
2026 ж. 23 қаң., жм, 10:45

23.01.2026. КазМедиа алаңында өткен «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» тақырыбындағы семинарға Халықаралық Астана университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам арасындағы өзара байланыс, мәдени мұраны сақтау және оны қазіргі заман контекстінде дұрыс қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы болды.

Сондай-ақ семинар аясында «Заманауи қоғам және құндылықтар жүйесі» тақырыбында суретші, дизайнер, «Қазақ оюлары» кітабының авторы Қожабаев Ерлан Жанахметұлы алғы сөз сөйлеп, ұлттық өнердің маңызына тоқталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы «Қазақ ою-өрнегі мағыналар жүйесі ретінде: ережелері, қолданылу мақсаты және интерпретация шектері» тақырыбында баяндама жасап, ою-өрнектің символдық мәнін ғылыми тұрғыда талдап өтті.
Ал Мерхамитқызы Фарида «Қазақтардың дәстүрлері мен ұлттық бірегейлігі: тарихи сабақтастық және заманауи сын-қатерлер», сондай-ақ «Ұлттық ою-өрнектерді дұрыс қолдану» тақырыптарында мазмұнды ой бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовпен пікір алмасып, естелік суретке түсті. Семинар ұлттық дәстүр мен заманауи қоғам арасындағы үйлесімді тереңірек түсінуге, сондай-ақ студенттердің мәдени-танымдық көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді.

...
AIU Құқық жоғары мектебінің профессоры Борчашвили И.Ш. Конституциялық комиссия құрамына енгізілді
2026 ж. 22 қаң., бс, 11:33

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Astana International University (AIU) Құқық жоғары мектебінің профессоры Борчашвили Исидор Шамилович кеңесші-кеңестік орган ретінде құрылған Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы жөніндегі комиссияның құрамына енгізілді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Комиссия келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты талдап, оларды жинақтайтынын және Қазақстан Республикасының Конституциясына нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны әзірлейтінін атап өтті.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

Құқық жоғары мектебінің профессоры Исидор Шамиловичтің Комиссия жұмысына қатысуы университеттің академиялық қауымдастығының елдегі негізгі қоғамдық-саяси бастамаларды талқылауға белсенді атсалысып, ұлттық құқықтық жүйені дамытуға қосып отырған үлесін айқындайды.

...
AIU студенті информатика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
2026 ж. 22 қаң., бс, 10:35

6В01501 - «Информатика» білім беру бағдарламасының Информатика 24-А тобының студенті Қадыржан Эльдар KKO.KZ - Қазақстандағы республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқаулар порталында студенттер арасында ұйымдастырылған «Информатика» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттің ғылыми жетекшісі - «Информатика» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Жамалова Самал Арыновна.

Аталған жетістік Қадыржан Эльдардың жоғары білім деңгейін, кәсіби даярлығын және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын айқын көрсетеді.

Жүлделі орын иесін лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы оқуында және ғылыми-зерттеу қызметінде мол табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

...
Астана халықаралық университеті Дизайн кафедрасындағы емтихан сессиясының қорытындылары
2026 ж. 22 қаң., бс, 10:30

15-30 желтоқсан аралығында Астана халықаралық университетінің Өнер, дизайн және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Дизайн кафедрасында «Графикалық дизайн», «Fashion-дизайн», «Сәулет дизайн», «Web-дизайн» және «Дизайн ТжКБ» білім беру бағдарламалары бойынша емтихан сессиясы өтті.

Сессия барысында студенттер семестр бойы меңгерген білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сәтті көрсетті. Ерекше назар студенттердің шығармашылық және жобалық жұмыстарына аударылды.

Бағалау арнайы әзірленген критерийлерге сәйкес жүргізілді:

  • негізгі көркемдік және жобалық техникаларды меңгеру деңгейі;

  • идеяның тұтастығы мен концептуалдық өзектілігі;

  • орындау сапасы мен бөлшектердің дәлдігі;

  • жобаларды орындаудағы дербестік деңгейі;

  • жұмысты дәлелді түрде таныстырып, қорғау қабілеті.

Дизайн кафедрасындағы емтихан сессиясы тек білімді тексеру кезеңі ғана емес, сонымен қатар студенттердің жобалау, визуалды коммуникация және ашық презентация дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаңға айналды. Студенттер өз жұмыстарын ұсынып, оқытушылар мен топтастарынан кері байланыс алды, бұл жобаны орындау үдерісін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

...
ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР – ТДМ КОНТЕКСІНДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҮЛЕКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ: COURSERA ЖӘНЕ HUAWEI ПЛАТФОРМАЛАРЫН ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ....
2026 ж. 22 қаң., бс, 10:13

Жоғары білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы және әмбебап әрі кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға қойылатын талаптардың артуы жағдайында халықаралық онлайн-білім беру платформаларын оқу үдерісіне интеграциялау ерекше маңызға ие болуда. Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі — студенттерге жетекші университеттер мен халықаралық білім беру орталықтарының заманауи курстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін Coursera платформасы.

2025–2026 оқу жылының 1 семестрінде экономика жоғары мектебінде «Менеджмент», «Халықаралық бизнес», «Маркетинг» және «Туризм» бакалавриат білім беру бағдарламаларына Coursera онлайн-курстарын енгізу тәжірибесі жалғасын тапты. Курстарды таңдау білім беру бағдарламаларының бейіні, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру логикасы және еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асырылды. 6B04117 «Менеджмент» білім беру бағдарламасы аясында Teamwork Skills: Communicating Effectively in Groups және Introduction to Generative AI in Human Resources курстары енгізілді. Бұл курстар командалық жұмыс, тұлғааралық коммуникация және кәсіби ортада тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған.
6B04122 «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасы үшін халықаралық сауда үдерістерін, жаһандық нарықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, трансұлттық бизнестің сипатын және халықаралық экономикалық ортаның компаниялар қызметіне ықпалын жүйелі түрде түсінуге бағытталған Fundamentals of International Business курсы таңдалды.
6B04111 «Маркетинг» білім беру бағдарламасы аясында Fundamentals of Marketing Strategy курсы жүзеге асырылды. Курстың мазмұны маркетингтік басқарудың стратегиялық тәсілдерін меңгеруге, тұтынушылық мінез-құлықты талдауға, нарықтық позициялауды қалыптастыруға және бәсекелік стратегияларды әзірлеуге бағытталған.
6B11101 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша «Эмоциялық интеллект арқылы шабыттандырушы көшбасшылық» және Effective Communication for Project Stakeholders and Teams курстары енгізілді. Бұл курстар эмоционалдық интеллектті, көшбасшылық қасиеттерді және персоналды басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл туризм және сервис саласындағы тиімділіктің негізгі факторларының бірі болып табылады.
2025–2026 оқу жылының 1 семестрінде Coursera платформасы арқылы сертификат алған ЭЖМ студенттерінің саны 120 білім алушыны құрады. Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылының 1 семестрінде HUAWEI платформасында «Overview of AI» курсы бойынша оқу бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. «Халықаралық бизнес», «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы», «Экономика» және «Туризм» бағыттары бойынша бакалавриат білім алушылары онлайн-оқудан өтіп, жасанды интеллект саласындағы базалық құзыреттерді растайтын халықаралық сертификаттарға ие болды. Бағдарламаға 1 курс бойынша 200 білім алушы қатысып, барлық академиялық топтарда 100% қамту қамтамасыз етілді.

Экономика жоғары мектебінің цифрлық білім беру контентінің кураторы Усипбеков А.А. атап өткендей, HUAWEI платформасындағы «Overview of AI» курсын іске асыру болашақ мамандардың өзекті цифрлық дағдыларын қалыптастырып, жасанды интеллекттің экономика, бизнес және басқару салаларындағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Coursera және HUAWEI халықаралық білім беру платформаларының онлайн-курстарын экономика жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларына енгізу Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 4 — Сапалы білім, ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, ТДМ 9 — Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым мақсаттарына қол жеткізуге тікелей ықпал етеді, өйткені жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бойынша заманауи курстарды халықаралық платформалармен серіктестікте енгізу білім беру ортасының инновациялық әлеуетін дамытуға және университеттің цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

...
«Қала ырғағы»: AIU студенттері мен оқытушылары жеке көрменің ашылуына қатысты
2026 ж. 22 қаң., бс, 04:30

2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері **Нұрлыбаев Жеңіс Кәкенұлы**ның «Қала ырғағы» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған мәдени іс-шараға Astana International University (AIU) Өнер және гуманитарлық ғылымдар  жоғары мектебінің «Графикалық және fashion дизайн», «Сәулет дизайн», «Web дизайн», «Дизайн ТжКБ» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттері мен оқытушылары қатысты.

Көрме аясында суретшінің 50-ге жуық туындысы ұсынылып, әсерлі түстер үйлесімі мен қалалық кеңістіктің динамикасын бейнелеуі көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Шығармалар заманауи қаланың қарқынын, ырғағы мен эстетикалық бейнесін терең көркемдік тұрғыда ашады.

Іс-шара соңында студенттер авторымен естелік фотосуретке түсіп, шығармашылық шабыт алып, мәдени әсермен тарқасты.

...
Халықаралық Астана университетінде оқу және ғылыми мақсатта күн панельдері іске қосылды
2026 ж. 22 қаң., бс, 04:22

2026 жылғы 21 қаңтарда Халықаралық Астана университетінің физика кафедрасында екі күн панелінің іске қосылуы өтті. Бұл панельдер «UNIVERSAL ENERGY» ЖШС тарапынан қайырымдылық негізінде берілді.

Осы бастаманы жүзеге асыру компанияның бас директоры Ұ Сяолянның қолдауы арқасында мүмкін болды және университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі болып табылады және физика, энергетика және тұрақты даму саласындағы мамандарды даярлауды қолдауға бағытталған.

Бұл бастама толықтай Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу стратегиясының негізгі басымдықтарына сәйкес келеді, ол жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және болашақ энергетикасына кадрлық әлеует қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға өз үлесін қосады. Атап айтқанда, ТДМ №4 «Сапалы білім беру», ТДМ №7 «Қолжетімді және таза энергия» және ТДМ №13 «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» бағыттарын қамти отырып, тұрақты даму қағидаттарын білім беру үдерісіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына интеграциялауға мүмкіндік береді.

Берілген жабдық физика кафедрасының студенттері мен магистранттарының оқу процесінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланылады. Күн панельдері жаңартылатын энергия көздері, фотоэлектрлік эффектілер, экологиялық таза технологиялар және перспективалық энергетикалық жүйелерге байланысты пәндер бойынша практикалық және зертханалық сабақтарға интеграцияланған.

Күн панельдерін қолдану студенттерге мүмкіндік береді:

  • күн сәулесін электр энергиясына айналдыру тиімділігін өлшеу және кешенді талдау жүргізуге;
  • күн элементтерінің әртүрлі ауа райы және температура жағдайларындағы электрлік және энергетикалық сипаттарын зерттеуге;
  • күн панельдерін автономды және гибридті энергетикалық жүйелерге интеграциялау мүмкіндіктерін зерттеуге;
  • күн энергиясына негізделген эксперименттік энергетикалық қондырғылардың модельдерін әзірлеуге және сынауға;
  • алынған білімді ғылыми жобаларда, стартап-жобаларда және «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған конкурстарда қолдануға.

Жаңа жабдықты іске қосу физика кафедрасының материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтып, университеттің жоғары білікті мамандарды дайындау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл мамандар Қазақстан Республикасының ғылыми және энергетикалық салалары алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге қабілетті.

Халықаралық Астана университеті «UNIVERSAL ENERGY» ЖШС-не және жеке бас директоры Ұ Сяолянға ғылым мен білім дамуына қосқан үлесі, студенттер мен магистранттарды қолдағаны, сондай-ақ инновациялық және экологиялық бағытталған технологияларды оқу процесіне енгізуге көрсеткен ықпалы үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, осы бастаманы жүзеге асыруда келіссөздер жүргізудегі және ұйымдастырушылық қолдаудағы қымбатты көмегі үшін Алан Бокаевке ерекше алғыс айтылады.

Кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Нуркенов Серік Амангелдинович

...
AIU шетелдік студенттерге ашық
2026 ж. 21 қаң., ср, 10:00

2026 жылғы 20 қаңтарда Astana International University қабырғасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға келген Тәжікстан мен Қырғызстаннан келген студенттермен мазмұнды әрі жылы кездесу өтті.

Шетелдік студенттер Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық университеті (Душанбе қ., Тәжікстан) және Ош мемлекеттік университеті (Ош қ., Қырғызстан) университеттерімен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде білім алуда.

Кездесуге университет басшылығы, сондай-ақ Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің және Педагогикалық институттың декандары қатысты. Бұл академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастыққа көрсетілетін жоғары деңгейдегі қолдауды айқындайды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін таныстырып, AIU-дағы оқу мен студенттік өмір туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Талқылау барысында білім алу мүмкіндіктері, академиялық орта, мәдени алмасу және серіктес университеттер арасындағы болашақ ынтымақтастық перспективалары сөз болды.

AIU Президенті университеттің шетелдік студенттерге ашық екенін атап өтіп, халықаралық академиялық байланыстарды жүйелі түрде дамытып келе жатқанын, студенттердің оқуына, бейімделуіне және кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасалатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай кездесулер серіктестік қатынастарды нығайтуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және біртұтас академиялық кеңістік қалыптастыруға ықпал етеді.

AIU академиялық ұтқырлық бағдарламаларын халықаралық білім беру кеңістігіне кірігудің маңызды тетігі ретінде қарастырып, оларды белсенді түрде қолдап келеді.

...
УНИВЕРСИТЕТ МЕКТЕПТЕРІНІҢ FOREST CLUB BURABAY-ДАҒЫ ҚЫСҚЫ САПАРЫ
2026 ж. 20 қаң., сс, 11:17

Қаңтар айының басында, Жаңа жыл мерекесінен кейін бірден Astana

International University-дің үш құрылымдық бөлімшесінің — Экономика жоғары

мектебі, Құқық жоғары мектебі және Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары

мектебінің оқытушылары мен қызметкерлері Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы

демалыс базасына барды. Көркем Forest Club Burabay қала сыртындағы кешені күш-

қуат алатын және жаңа идеялар туындайтын орынға айналды.

Сапардың мақсаты өткен бірінші семестрді қорытындылау ғана емес, сонымен

қатар жаңа оқу кезеңі алдында серпіліс жасау болды. Бейресми жағдайда, университет

қабырғалары мен аудиториялардан жырақ жерде әріптестер негізгі жетістіктерді

талқылап, өткен айлардың нәтижелерін талдауға және екінші семестрге арналған

стратегиялық мақсаттарды егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік алды.


Бурабайдың қысқы орманы мен таза аязды ауасы ашық аспан астындағы

белсенділіктер үшін тамаша мүмкіндік болды. Серуендеу мен командалық ойындар

әріптестердің бір-бірін жақсырақ тануына және ұйымшылдықты арттыруға көмектесті.

Астана Халықаралық Университетінің ұжымы Forest Club Burabay-да белсенді

іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бергені үшін басшылыққа алғыс білдіреді.