Астана халықаралық университетінде Университеттің
Психологиялық қызметі ұйымдастырған «Психологиялық денсаулық апталығы»
шеңберінде 21 қараша күні «Мазасыздық пен депрессия: стрессті психикалық
бұзылудан қалай ажыратуға болады?» тақырыбында интерактивті дәріс өтті. Шараның
спикері - дәрігер-психиатр, психотерапевт А.Б. Жауков.
Дәріс барысында маман мазасыздық пен депрессияның
негізгі белгілерін, олардың пайда болу себептерін, сондай-ақ ұзаққа созылатын
стресс пен психикалық бұзылулардың айырмашылықтарын кеңінен түсіндірді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты клиникалық мысалдар
негізінде пікірталасқа қатысып, психологиялық саулықты сақтауға бағытталған
практикалық ұсыныстар алды.
Шара қатысушылардың психикалық денсаулық туралы
білімін кеңейтіп, қиын жағдайларда өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік берді. Университет тарапынан ұйымдастырылған бұл
бастама жастар арасында психологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды
қадам болды.

