10 қарашада басталып, 15 қараша - Дүниежүзілік
қайта өңдеу күніне орай ұйымдастырылған Astana International
University-дің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің ЭкоЧелленджі
өз мәресіне жетті. Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл іс-шараның
қорытындысы 28 қараша күні жарияланды.
ЭкоЧеллендж G-Global жасыл
экономика мен даму коалициясы мен Astana International
Universityарасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып отырған Restart
жобасының маңызды бөлігі болып табылады.
Restart жобасы: кезеңдік даму және
экологиялық сауаттылықты арттыру
Университет студенттері арасында
қалдықтарды дұрыс басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Restart
жобасы бірнеше кезең бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
🔹 AIU студенттері 2024 жылдан бастап пластик
қалдықтарын Sparklo фандоматтарына тапсыру арқылы қайта
өңдеудің қолжетімді тетіктерін белсенді қолдана бастады.
🔹 2025 жылы жоба инфрақұрылымы кеңейіп, пластик
қалдықтарын қабылдау бағыттары толықтырылды: Freedom фандоматтары,
LS Astana – қайталама шикізатты қабылдау және өңдеу пункті.
LS Astana - тұрмыстық қатты қалдықтарды
қабылдап, сұрыптап және қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтетін экологиялық
орталық. Студенттердің бұл пунктті белсенді пайдалануы экологиялық
сауаттылықтың артуын көрсетеді.
Экочеллендж нәтижелері
Челлендж нәтижесінде келесі
көрсеткіштер тіркелді:
·
50-ден
астам бейнеролик қабылданды;
·
500
студент белсенді қатысты;
·
500
кг пластик қалдығы қайта
өңдеуге жіберілді.
Бұл көрсеткіштер студенттердің
тұрақты даму бастамаларына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Жеңімпаздар
🥇 1орын – ЭиП 25A тобы
🥈 2 орын – ИЯ 24-3 тобы
🥉 3 орын –Химия 24А тобы
ЭкоЧеллендж арқылы келесі БҰҰ
Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосылды:
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен
қауымдастықтар, ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және
өндіріс, ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 17 – Серіктестікті дамыту
10-28 қараша аралығында өткен, 15
қараша - Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне арналған ЭкоЧеллендж AIU
студенттерінің экологиялық жауапкершілігін арттырып, қайта өңдеу мәдениетін
жандандыра түсті. Restart жобасы мен G-Global жасыл
экономика мен даму коалициясымен серіктестік университеттің тұрақты
даму бағыты бойынша маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
AIU келешекте де экологиялық
бастамаларды қолдауды және ТДМ бағыттарын жүзеге асыруды жалғастырады.
Ұйымдастырушылар: Қыдырова Айдана Саламатқызы, Карабалаева Айман Бейсембаевна




