Department for social and educational work

Должность Ф.И.О. Каб. Контакты
Директор департамента социальной и воспитательной работы Тлешева Айгерим Тилемисовна 333 +7 708 204 9316

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің мақсаты:

  1. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша университетте тәрбие үрдісін ұйымдастыру;

  2. студент жастардың шығармашылық әлеуетін кәсіби қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, жаңа жарқын дарындарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  3. университеттің білім алушылары мен қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелері жөніндегі жұмысын бақылауды және реттеуді ұйымдастыру;

  4. университетте жұмыс істейтін шығармашылық ұжымдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.

  5. қоғам мен жеке тұлғаның дене мәдениетін, адамның жеке, әлеуметтік дамуындағы рөлі туралы тұтас түсінікті қалыптастыру;

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің атқаратын қызметі:

  1. университет студенттерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  2. студент жастар үшін байқаулар, конкурстар, фестивальдер ұйымдастыру;

  3. білім алушыларға түрлі гранттар алуға арналған облыстық, республикалық конкурстарға, шығармашылық байқауларға, дебаттарға және т. б. қатысу үшін көмек көрсету;

  4. білім алушыларды медициналық қолдауды қамтамасыз ету бойынша медициналық кабинеттің жұмысын үйлестіру;

  5. студенттік жатақханалардағы орындарды есепке алу және бөлу;

  6. студенттік жатақханалардың жиһазбен, жабдықтармен, төсек-орын жабдықтарымен және басқа да керек-жарақтармен жабдықталуын бақылау;

  7. жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  8. ведомстволық, жоғары оқу орындары арасындағы, аудандық, қалалық, өңірлік және халықаралық іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар) қатысу және жеңістер арқылы университеттің шығармашылық имиджін құру және нығайту.