Жаңалықтар

...
Мырзағалиева Анар Базарқызы Астана халықаралық университетінің (AIU) ректоры болып тағайындалды!
2026 ж. 29 қаң., бс, 06:41

Астана халықаралық университеті Құрылтайының жалпы жиналыс шешімімен және Президенті С.А. Ирсалиевтің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №09 бұйрығымен, биология ғылымдарының докторы, профессор Мырзағалиева Анар Базарқызы Университет ректоры лауазымына тағайындалды.

Анар Базарқызы — отандық ғылым мен білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан белгілі ғалым.

Бұған дейін Анар Базарқызы Астана халықаралық университетінің Бірінші вице-президенті қызметін атқарып, жоғары оқу орнының стратегиялық дамуына, ғылым және оқу-әдістемелік жұмысына жетекшілік етті.

Астана Халықаралық университеті Анар Базарқызын жаңа лауазымымен құттықтай отыра, білім және ғылым жолында кәсіби жетістіктер тілейді!

...
Әскери кафедрада оқу бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
2026 ж. 28 қаң., ср, 15:08

Заманауи еңбек нарығында әскери тәжірибенің болуы кәсіби даму жолында маңызды күш екенін растайды. Harvard Business Review (HBR) және Korn Ferry агенттігінің көпжылдық зерттеулеріне сәйкес, әскери дайындығы бар мамандар басшылық лауазымға жиі ие болады.

Осыған орай, AIU университеті ҚР Қорғаныс министрлігі және Astana IT University-мен жасалған ынтымақтастық туралы келісім негізінде біздің студенттер AITU әскери кафедрасында білім алу мүмкіндігіне ие.

Ақпараттық кездесуде әскери кафедра өкілдері — подполковник Қайыржанов Әсет Сағындықұлы және подполковник Мұхамеджанова Шынар Сайлаухановна спикер ретінде сөз сөйлеп, студенттерге конкурстың тәртібі мен құжат тапсыру ережелерін түсіндірді. Қатысушылар іріктеудің барлық кезеңдері туралы егжей-тегжейлі мәлімет алды.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 3 ақпанда Astana IT University-де басталады. Қазіргі уақытта онда 113 студентіміз, соның ішінде 5 бойжеткен “Киберқауіпсіздік”, “Топографиялық жұмыстар”, “Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру”, “Штабтық” және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім алуда.  Университет жастардың әскери дайындығы үшін мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуді жалғастыра береді.

...
Университетте алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы өтті
2026 ж. 28 қаң., ср, 13:41

Соңғы жылдары Қазақстанда алаяқтық қылмыс саны артып келеді. Бұл туралы өткен жылы елімізде шамамен 27 мың дерек тіркелді деп хабарлайды "Nur.kz" ақпараттық порталы. Сонымен қатар, FactCheck.kz дерегіне сәйкес алаяқтық әрекеттерден келген жалпы шығын көлемі 11,1 млрд теңгеге жеткен.

Айта кетейік,"24.kz" хабарлауынша былтыр 84 миллионнан астам алаяқтық сипаттағы қоңырау бұғатталған. Бұл қарапайым азаматтар мен бизнес өкілдерінің материалдық шығынының алдын алуға мүмкіндік берді.

Осы факторларды ескере отырып, Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылдың 27 қаңтарында университетімізде «Алаяқтықтың алдын алу және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасының 2-сыныпты заңгері Қойкенов Самат Қайриденұлы өткізді.

Прокуратура өкілдері алаяқтық фактілерін уақытылы анықтап, уәкілетті органдарға жедел хабарлау қажеттігін ерекше атап өтті.

Іс-шараға Құқық жоғары мектебі деканының орынбасары Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы, сондай-ақ Педагогикалық институт пен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер құқықтық сауаттылық пен жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық материалдармен танысты.

Университет құқықтық мәдениетті арттыру және студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.

...
Университетте өрт қауіпсіздігі бойынша лекция өтті
2026 ж. 28 қаң., ср, 12:18

2025 жылы әлемдік өрт апаты рекордтық деңгейге жетті. Бір ғана Лос-Анджелестегі «отты дауыл» 60 миллиард доллар шығын әкелген. Өткен жылы әлемде өрт апаты мен оның салдарынан 100 миллион адам зардап шекті.

Ал оқу орындарындағы өрттердің 70%-ы техникалық ақаулық пен оны дұрыс қолдана алмаудан болады екен.

Сол себепті 2026 жылдың 23 қаңтарында университетімізде лекция ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде «ОБЖ» ЖШС сарапшылары:

       Мейрам Жұмабекұлы — ұйым директоры;

       Руслан Құлмағамбетов — компания инженері шақырылды.

Кездесудің негізгі тақырыптары:

       Антитеррорлық қорғаныс. Мейрам Жұмабекұлы қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмін толық түсіндіріп, күдікті жағдайларды анықтау жолдарын сипаттап берді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен өзара қатынас жасау ережелерін жеткізді.

       Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Инженер Руслан Құлмағамбетов өртсөндіргіштердің жұмысымен таныстырды. Онымен қоса өрт қауіпсіздігі нормаларын егжей-тегжейлі талдап берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын түсінді. Апат кезінде жүйелі тәсіл көрсету төтенше жағдайлар қаупін азайтады. 

...
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ МЕНЕДЖЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: SDG КОНТЕКСТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАСТАМАЛАРЫ
2026 ж. 27 қаң., сс, 11:27

2026 жылғы 27 қаңтарда Экономика жоғары мектебінде басқарушылық парадигмалардың трансформациясын талқылау үшін сарапшылар мен жас ғалымдарды біріктірген «ХХІ ғасырдың менеджері: ЖИ дәуіріндегі жаңа құзыреттер» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шараны ЭЖМ деканы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Смагулова Зубираш Қалыбекқызы құттықтау сөзімен ашып, академиялық білімді практикалық ортаға біріктірудің маңыздылығы туралы пікірталас векторын белгіледі. Модератор ретінде э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.З.Жұмағалиева сөз сөйлеп, Қазақстандағы заманауи менеджменттің келбетін айқындайтын идеялармен ашық алмасу алаңын құрды.

Бағдарламада жас зерттеушілердің адами капитал мен технологияға арналған баяндамалары басты орын алды. Астана Халықаралық университетінің докторанттары өз баяндамаларын ұсынды: Д.А. Марденова әлеуметтік жауапкершілік объективі арқылы жұмыс орнында бейімделу тақырыбын ашты, ал К.Р. Нұрсұлтанова көшбасшылықтың негізгі факторы ретінде эмоционалдық интеллект пайдасына дәлелдер келтірді. Жаһандық цифрлық тенденцияларға ілесу университетінің міндеттемесін атап көрсете отырып, ЖИ агенттерін енгізу туралы пікірталас ерекше қызықты болды. Сондай-ақ «Менеджмент» ББ магистранттары мен студенттері де өз баяндамаларын ұсынды.

Бұл іс-шара №4 ТДМ: Сапалы білім беруді жүзеге асыруға тікелей үлес болды. Осындай бастамаларды қолдай отырып, университет тек білім беріп қана қоймай, инклюзивті және инновациялық білім беру ортасын қалыптастырады. Студенттер, магистранттар мен докторанттардың зерттеу құзыреттілігін дамыту тұрақты дамудың күрделі міндеттерін шешуге және жасанды интеллект дәуірінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті жаңа буын көшбасшыларын даярлауға ықпал етеді.

...
Туризм. Әріптестік. Даму.
2026 ж. 27 қаң., сс, 09:33

AIU оқу ордасы Қазақстандағы туризм саласының дамуына және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға белсенді үлес қосуды көздейді.

Осы бағытта халықаралық тәжірибесі бар финдік құрылыс және сәулет компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ықтимал ынтымақтастық, экологиялық шешімдер енгізу және туристік тартымдылықты арттыратын нысандарды дамыту мәселелері талқыланды.

Университет туризмді білім, ғылым және халықаралық серіктестікті тоғыстыратын стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Ортақ жобалар өңір экономикасының дамуына және сапалы туристік орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар инфрақұрылымның дамуы профессор-оқытушылар құрамына демалыс мүмкіндігін кеңейтеді.

Университет – тек білім ордасы ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын белсенді институт.

Университетімізге келген финдік делегация құрамында:

• Ахти Сакари Жунтила, Onnivations Oy бас директоры

• Франк Исоними, Opus Arcticus Oy бас директоры

• Ари Тапанен Рэсанин, Thermiahirsi Oy бас директор-серіктесі

• Луис Альфонсо Гонсалес Тойвола, Grow Capital Oy халықаралық бизнес жөніндегі директоры

Осылайша, халықаралық әріптестермен ынтымақтастық бізге Қазақстанның туристік секторын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және инфрақұрылым сапасын арттыру үшін жаңа перспективалар ашады. Университет өңіріміздің игілігі үшін білім, ғылым және тәжірибені біріктіріп, тұрақты экономикалық және әлеуметтік өсуге жағдай жасайтын құзыретті орталық рөлін нығайтуды жалғастыруда.

...
Университетіміз қытай тілі арқылы болашақты қалыптастыруда!
2026 ж. 27 қаң., сс, 09:27

Бүгінде Қытай тілі 1,5 миллиардтан астам адам сөйлейтін әлемдегі ең көп таралған тілдердің біріне айналып отыр. Қытай экономикасы жаһандық деңгейде жетекші орындардың бірін иеленіп, көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның да маңызды сауда серіктесі екені белгілі.

2009 жылы АҚШ-та “100,000 Strong” бағдарламасы, ал 2015 жылы “1 Million Strong” бастамасы іске қосылып, миллиондаған студентті қытай тілін үйренуге ынталандыру көзделген еді. Бұл жоба тіл білудің стратегиялық маңызы бар екенін айқын көрсетті.

Қытай тілін білу әлемде халықаралық сауда, инвестиция, логистика және бірлескен жобалар саласында үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Дәл осы тұрғыда қытай тілін меңгеруге бағытталған көптеген гранттар мен академиялық бағдарламалар жүзеге асуда.

Университет осы жаһандық үрдістерді ескере отырып, студенттерге орыс және ағылшын тілдерімен қатар қытай тілін меңгеруге мүмкіндік жасап келеді. Бұл — бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы маңызды қадам.

24 қаңтарда BLCU Kazakhstan базасында HSK және HSKK халықаралық емтихандары компьютерлік форматта өтті.

Қытай тіліне деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанының бір дәлелі осы жолы емтихағанға 124 үміткер қатысқан. Демек өткен жылдардың есебімен салыстыратын болсақ 55%-ға өскен.

BLCU Kazakhstan – Астана қаласындағы HSK және HSKK емтихандарын халықаралық стандарттарға сай цифрлық форматта қабылдайтын жалғыз ресми орталық. Заманауи формат емтиханды қолжетімді әрі ашық етеді.

Университет заманауи бағыттарды дер кезінде қабылдап, көшбасшылық позициясын нығайтып келеді.

...
«Психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық ұтқырлығы: НИУ ЖЭМ-де (Мәскеу)
2026 ж. 27 қаң., сс, 07:04

«Психология» білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық ұтқырлығы: НИУ ЖЭМ-де (Мәскеу)

 

Халықаралық Астана университетінің 6В03103 – «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Усманова Тахмина Гаиратовна 2026 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» (Мәскеу қаласы) базасында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық кезеңінде Тахмина психология саласындағы теориялық білімін тереңдетуге және кәсіби практикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған келесі оқу пәндерін меңгеруде:

«Ойлау психологиясы» - ойлау үдерістерінің механизмдерін, олардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, сондай-ақ шешім қабылдау ерекшеліктерін зерттеуге арналған пән;

«Дағдарыстық жағдайдағы тұлғаларға шұғыл және кризистік психологиялық көмек көрсету» - өткір стресс, психологиялық дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде психологиялық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған курс;

«Клиникалық психология» - психикалық бұзылыстардың психологиялық аспектілерін, психодиагностика, кеңес беру және психологиялық сүйемелдеу әдістерін қамтитын оқу пәні.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттің кәсіби көкжиегін кеңейтуге, психология саласындағы заманауи ғылыми және практикалық бағыттарды меңгеруге, сондай-ақ халықаралық академиялық ортада білім алу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Халықаралық Астана университеті өз студенттерімен мақтанады және олардың академиялық әрі кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетеді. Алынған білім мен тәжірибе Усманова Тахмина Гаиратовнаның болашақ кәсіби өсуіне берік негіз болады және Қазақстан Республикасында психология ғылымы мен практикасының дамуына өз үлесін қоады деп сенеміз

...
Халықаралық қысқы мектеп аясындағы дәріс
2026 ж. 27 қаң., сс, 05:46

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткен «Қоғамдық тұрақтылық және әлеуметтік әділеттілік: саясат, құқық және әлеуметтік институттардың өзара іс-қимылы» атты Халықаралық қысқы мектеп аясында Астана халықаралық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Баубекова Замира Джураевнаның дәрісі өтті.

Дәріс «Педагогикалық қатысу мәдениеті: сөз этикасы, мінез-құлық және кәсіби жауапкершілік» тақырыбына арналды. Баяндамашы педагогикалық этиканың қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызына, педагогтің кәсіби жауапкершілігі мен білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды.

Лекция барысында қазіргі таңда педагогтерге қойылатын талаптардың артуы жағдайында педагогикалық этика формальды ұстаным емес, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының психикалық саулығын қамтамасыз ететін маңызды шарт екені атап өтілді.

2026 жылғы 12–23 қаңтар аралығында өткен Халықаралық қысқы мектеп профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілерге арналған білім беру алаңы ретінде кәсіби пікір алмасу, тәжірибе және ғылыми идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді. Онлайн форматта өткеніне қарамастан, талқылаулар белсенділікпен, мазмұндылықпен және жоғары қызығушылықпен өтті.

Қысқы мектеп жұмысына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа да елдердің спикерлері қатысып, өзекті ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық мәселелерді қамтыған баяндамалар ұсынды. Мұндай көзқарастар мен тәсілдердің әртүрлілігі қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке жаңа бағыт-бағдар берді.

 

...
«Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» семинары
2026 ж. 23 қаң., жм, 10:45

23.01.2026. КазМедиа алаңында өткен «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» тақырыбындағы семинарға Халықаралық Астана университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам арасындағы өзара байланыс, мәдени мұраны сақтау және оны қазіргі заман контекстінде дұрыс қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы болды.

Сондай-ақ семинар аясында «Заманауи қоғам және құндылықтар жүйесі» тақырыбында суретші, дизайнер, «Қазақ оюлары» кітабының авторы Қожабаев Ерлан Жанахметұлы алғы сөз сөйлеп, ұлттық өнердің маңызына тоқталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы «Қазақ ою-өрнегі мағыналар жүйесі ретінде: ережелері, қолданылу мақсаты және интерпретация шектері» тақырыбында баяндама жасап, ою-өрнектің символдық мәнін ғылыми тұрғыда талдап өтті.
Ал Мерхамитқызы Фарида «Қазақтардың дәстүрлері мен ұлттық бірегейлігі: тарихи сабақтастық және заманауи сын-қатерлер», сондай-ақ «Ұлттық ою-өрнектерді дұрыс қолдану» тақырыптарында мазмұнды ой бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовпен пікір алмасып, естелік суретке түсті. Семинар ұлттық дәстүр мен заманауи қоғам арасындағы үйлесімді тереңірек түсінуге, сондай-ақ студенттердің мәдени-танымдық көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді.

...
AIU Құқық жоғары мектебінің профессоры Борчашвили И.Ш. Конституциялық комиссия құрамына енгізілді
2026 ж. 22 қаң., бс, 11:33

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Astana International University (AIU) Құқық жоғары мектебінің профессоры Борчашвили Исидор Шамилович кеңесші-кеңестік орган ретінде құрылған Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы жөніндегі комиссияның құрамына енгізілді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Комиссия келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты талдап, оларды жинақтайтынын және Қазақстан Республикасының Конституциясына нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны әзірлейтінін атап өтті.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

Құқық жоғары мектебінің профессоры Исидор Шамиловичтің Комиссия жұмысына қатысуы университеттің академиялық қауымдастығының елдегі негізгі қоғамдық-саяси бастамаларды талқылауға белсенді атсалысып, ұлттық құқықтық жүйені дамытуға қосып отырған үлесін айқындайды.

...
AIU студенті информатика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
2026 ж. 22 қаң., бс, 10:35

6В01501 - «Информатика» білім беру бағдарламасының Информатика 24-А тобының студенті Қадыржан Эльдар KKO.KZ - Қазақстандағы республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқаулар порталында студенттер арасында ұйымдастырылған «Информатика» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттің ғылыми жетекшісі - «Информатика» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Жамалова Самал Арыновна.

Аталған жетістік Қадыржан Эльдардың жоғары білім деңгейін, кәсіби даярлығын және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын айқын көрсетеді.

Жүлделі орын иесін лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы оқуында және ғылыми-зерттеу қызметінде мол табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!