Жаңалықтар

...
«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»
2026 ж. 16 ақп., дс, 07:50

2026 жылдың 12 ақпаны күні Астана халықаралық

университеті Педагогикалық институты Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының «Сырлы сөз» үйірмесі (үйірме жетекшісі: ф.ғ.к.,

доцент Резуанова Г.К.) асқаралы, жүрегі отты, асқақ рухты нар

тұлға, қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың

туғанына 95 жыл толуына орай Мұқағали рухына тағзым етіп,

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» әдеби-шығармашылық кеш өткізді.

Кеште Мұқағали Мақатаев өмірінен бейнебаян және «Мұқағали.

Бұл ғасырдан емеспін...» деген фильмнен үзінді көрсетіліп, қазақ

тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, биология мамандығының

білім алушылары ақынның өлеңдерін оқыды, оның сөзіне жазылған

әндер шырқалды. Сондай-ақ, Астана халықаралық университетінің

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Кусаинова

Дильназ, ⁠Алдебек Дәурен, ⁠Қабден Ақбота, ⁠Сембаев Ілияс ақынға

арнаған өлеңдерін оқыды. «Мұқағалиға өлең арнау — ақындық

міндет қана емес, рух алдындағы парыз. Қазақ поэзиясының

көкжиегін кеңейтіп, өлеңге адам жанының бар тереңін сыйдырған

мұндай ұлы тұлғаны жырламау – сөз өнеріне адал болмаумен тең»,

- дейді олар. Бұл кеште оқылған әрбір өлең – жай ғана өлең оқу

емес, ұлы рухпен сырласу, поэзия алдындағы шынайы тағзым

болды.

...
«Ән – халық қазынасы»: AIU-де Ерболат Шалдыбековпен шығармашылық кездесу өтті
2026 ж. 16 ақп., дс, 07:47

2026 жылы 12 ақпанда AIU қабырғасында «Ән – халық қазынасы» атты

тағылымды шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараның құрметті қонағы – Қазақстан

Республикасының мәдениет қайраткері, республикалық конкурстардың лауреаты,

Қазақ ұлттық өнер университеті доценті Ерболат Шалдыбеков болды.

Кездесудің басты мақсаты – ұлттық ән өнерін насихаттау, қазақтың музыкалық

мұрасын дәріптеу және студенттердің шығармашылық ізденісіне қолдау көрсету

болды.

Іс-шара барысында Ерболат Шалдыбеков қазақ ән өнерінің тарихы, халық

әндерінің тәрбиелік мәні мен рухани құндылығы туралы мазмұнды ойларымен

бөлісті. Сонымен қатар, өнер жолындағы тәжірибесі, сахна мәдениеті және жас

орындаушыларға арналған кәсіби кеңестері студенттер тарапынан үлкен

қызығушылық тудырды.

Кездесу аясында қазақтың халық әндері шырқалып, ұлттық музыка өнерінің

тереңдігі мен көркемдігі кеңінен насихатталды. Студенттер белсенді сұрақтар

қойып, еркін пікір алмасты.

«Ән – халық қазынасы» атты кездесу жастардың ұлттық мәдениетке деген

қызығушылығын арттырып, рухани-эстетикалық тәрбиесіне оң ықпал етті. Мұндай

тағылымды шаралар университеттің мәдени-рухани өмірін байытып, білім

алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосады.

...
2026–2027 оқу жылына арналған «6B01502 – Биология» және «7M01502 – Биология» білім беру бағдарламаларын жаңарту жөніндегі академиялық комитет отырысы
2026 ж. 16 ақп., дс, 07:43

2026 жылдың 13 ақпан күні 2026–2027 оқу жылына арналған «6B01502 –

Биология», «7М01502 – Биология» білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау

жөніндегі академиялық комитет отырысы өтті.

Отырыс барысында білім беру бағдарламаларының мазмұны жан-жақты

талқыланып, оқу нәтижелері, пәндер құрылымы, құзыреттер жүйесі және олардың еңбек

нарығы талаптарына сәйкестігі қарастырылды.

Академиялық комитет отырысына тәжірибелі педагогтер мен сарапшылар қатысты:

– Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, педагог-шебер,

педагогика ғылымдарының магистрі, «Үздік педагог – 2016» атағының және Ы.

Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Сагатбекова Сериккайша Кабылгазиновна;

– Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі»

КММ-нің биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Елмурзаева Айжан Есеналиевна;

– А. Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Бауыржан Хуралай;

– Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі,

педагог-зерттеуші Архыматаева Арай Жаксылыковна;

– Астана қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы»

биология пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Мизекенова Рыскан Кайдуллаевна,

Солтакова Бакыт Бекмухановна.

Комитет мүшелері жұмыс берушілердің, тәжірибелі оқытушылар мен

сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру

бойынша нақты ұсынымдар берді.

Отырыс қорытындысы бойынша бағдарламаларды жаңарту және бекіту жөнінде

тиісті шешімдер қабылданды.

...
«Eco Battle –Жасыл сана»
2026 ж. 16 ақп., дс, 07:38

«Таза Қазақстан» Концепциясын іске асыру аясында Педагогикалық институттың

жоспарына сәйкес «6В01502 – Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері

қоршаған ортаны қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

мәселелеріне арналған «Eco Battle –Жасыл сана» интеллектуалдық жарысын өткізді.

Іс-шара барысында туған өлкенің тазалығын сақтау және абаттандырудағы әрбір

азаматтың рөлі жан-жақты талқыланды. Заманауи экологиялық мәселелерге ерекше назар

аударып, олардың алдын алу және шешу жолдары туралы тың идеялар ұсынылды.

Жарыс барысында қатысушыларға қоршаған ортаның жай-күйі туралы

статистикалық мәліметтер ұсынылып, ауа, су және топырақтың ластану себептері жан-

жақты қаралды. Қатысушылар қалдықтарды сұрыптап жинау, табиғи ресурстарды ұтымды

пайдалану және экологиялық акцияларға белсенді қатысу сияқты маңызды тақырыптар

бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Пікірталас сындарлы, әрі қызығушылыққа толы

түрде өтті.

Осы өткізілген іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және

азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті. «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге

асыруда әрбір адамның жеке үлесін сезінуге және белсенді өмірлік ұстаным

қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Мұндай іс-шаралар жастардың табиғатты қорғауға және қоршаған ортаның

тазалығын сақтауға деген тұрақты ынтасын арттырып, экологиялық мәдениетті

қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

...
AIU ғалымы мемлекеттік марапаттар биігінен көрінді!
2026 ж. 16 ақп., дс, 06:10

Астана халықаралық университетінің «NatureLaB» зертханасының меңгерушісі, Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Айдын Ерғалиұлы Оразов еліміздің ғылым және білім саласындағы ең жоғары марапаттарын иеленді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешіміне сәйкес, ғалым бір мезгілде Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанып, сонымен қатар   «ЖОО үздік оқытушысы – 2025» деп танылды.

Мемлекеттік ғылыми стипендия – Отандық ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми кадрларды даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген ғалымдарға берілетін беделді марапат. Бұл жетістік Айдын Ерғалиұлының «NatureLaB» зертханасы аясында атқарып жатқан ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейде екенін айғақтайды. Оған қоса, «Үздік оқытушы» атағы ғалымның кәсіби шеберлігі мен жас мамандарды тәрбиелеудегі қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Аталған марапаттар ғылым мен білім саласының үздіктерін ұлықтауға арналған салтанатты рәсімде табыс етілді. AIU ұжымы Айдын Оразовты лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!

...
AIU және CIPE: Интеграцияның жаңа белесі
2026 ж. 13 ақп., жм, 12:32

Қазіргі заманда мемлекеттердің табысты дамуы үшін көрші елдермен тығыз байланыс орнатуы маңызды. Орталық Азия әлемдік нарықтар арасындағы негізгі көпірге айналып келе жатқанда, университеттер мен сараптамалық орталықтардың рөлі ерекше рөлге ие болады. Осы бағытта ағымдағы жылдың 13-ші ақпан күні AIU базасындағы CFive зияткерлік платформасында Халықаралық жекеменшік кәсіпкерлік орталығының (CIPE) өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты біздің аймақтағы интеграциялық процестер мен экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылау болды.

 

Дискуссияға CIPE ұйымының Евразия өңіріндегі бағдарламаларын дамытуға жауапты жетекші мамандары Наталья Отель Белан, Джереми Коэн және Мақсат Короолуев қатысты. AIU тарапынан университет президенті Серік Ирсалиев пен CFive басшысы Сапарғали Шалғымбаев қатысып, сараптамалық жұмыстарды нақты экономикалық өзгерістерге қалай айналдыруға болатыны туралы ой бөлісті. Тараптардың өзара талқысы орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бизнес ортаны жетілдіру мәселелерін де айналып өткен жоқ.

 

Кездесу барысында өңірлік интеграцияны қолдау, білім беру және талдау салаларында бірлесіп әрекет ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. AIU үшін CIPE сияқты ірі халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату ауқымды стратегиялық басымдық. Бұл қадам университеттің халықаралық білім хабы ретіндегі мәртебесін нығайтып, ғалымдарға әлемдік озық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, университеттегі ғылыми зерттеулер нақты нарық сұраныстарымен және жаһандық трендтермен үндеспекші.

 

Университет басшылығы теория мен практика тоғысатын ерекше орта құрып жатқанын атап өтті. CIPE-мен ынтымақтастық зерттеушілерімізге аймақтың жаңа экономикалық әлеуетін қалыптастыруына тікелей қатыса алады. Кездесу өте жылы өткенін әрі екі жақ тараптың алдағы уақытта да бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін растады.

 

...
AIU №92 мектепте өткен мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты
2026 ж. 12 ақп., бс, 09:29

2026 жылғы 11 ақпанда Astana International University университетінің

өкілдері Астана қаласындағы №92 мектепте өткен мамандықтар

жәрмеңкесіне қатысты. Сонымен қатар жәрмеңкеге Педагогикалық

институттың оқытушылары да қатысты. Іс-шара барысында оқушылар мен

ата-аналарға университет ұсынатын білім беру бағдарламалары, қабылдау

талаптары және оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Жәрмеңке аясында тілдік білім беру бағдарламалары таныстырылды.

Атап айтқанда, «Ағылшын тілі (IP)» және қос дипломды «Ағылшын және

қытай тілі» бағдарламалары ұсынылды. Аталған бағдарлама бойынша Beijing

Language and Culture University (BLCU) университетінің өкілінің қатысуы

талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан жоғары қызығушылық

тудырды.

«Ағылшын тілі (IP)» бағдарламасы жаңартылған, инновациялық

форматтағы білім беру бағдарламасы ретінде таныстырылды, ал «Ағылшын

және қытай тілі» бағдарламасы беделді әрі болашағы зор бағыт ретінде

ұсынылды.

Astana International University университетінің жәрмеңкеге қатысуы

болашақ талапкерлерді ақпараттандыруға және мектептермен

ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

...
Білім мен ғылым – жаңа Конституциямыздың басты бағыты!
2026 ж. 11 ақп., ср, 15:41

Ата Заңның жаңа жобасы адам капиталын дамытуға және академиялық ортаны басымдықпен қаржыландыруға жол ашады. 

Астана халықаралық университетінде (AIU) өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жан-жақты талқыланды. Жаңа Конституция шеңберінде білім мен ғылымның стратегиялық басымдықтар қатарына қосылуы бұл саланы институционалды тұрғыда нығайтып, оны ұлттың басты құндылықтарының бірі ретінде бекітеді. Енді мемлекет ең алдымен білім мен ғылымға көңіл бөліп, қаржыландыру мәселесінде бірінші кезекте университеттер мен ғылыми орталықтардың қажеттілігін өтейтін болады.

Университет ректорының міндетін атқарушы Қайрат Амангелдіұлы модераторлығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау саяси модернизация мен жаңа ережелердің маңызын ашса, депутат Екатерина Смолякова бюджеттік қаражаттың ең алдымен ғылым мен білімге, академияға бөлінетінін нақтылады. AIU Президенті Серік Ирсалиев өз сөзінде білімнің сапасы қоғамның бақыты мен әл-ауқатының тікелей кепілі екенін айтса, ал заңгер-ғалым Ержан Жамбаев конституциялық реформаның ел дамуына беретін жаңа мүмкіндіктеріне құқықтық талдау жасады. 

Кездесу соңында профессор-оқытушылар құрамы «Заң мен Тәртіп» қағидаты төңірегінде өзекті сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.


...
Алексей Юрьевич Волковтың дипломатия және мәдени мұра туралы қонақ лекциясы
2026 ж. 11 ақп., ср, 06:15

2026 жылы 10 ақпан күні Astana International University халықаралық қатынастар мамандығы студенттері үшін Diplomacy and International Communication пәні аясында қонақ дәріс өтті. Дәрісті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры Алексей Юрьевич Волков оқыды.

Кездесу барысында қонақ лектор қазақстан-поляк қатынастарына арналған, сондай-ақ қазақ халқының фольклоры, музыкасы және шығармашылық мұрасы туралы жарық көрген 10 кітап жөнінде жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қазақ музыкасын зерттеуші А. Затаевичтің еңбектеріне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар спикер өзінің дипломатиялық мансабының қалыптасу жолымен бөлісіп, Төтенше және Өкілетті Елші, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтеріндегі тәжірибесі туралы әңгімеледі. Ол халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын және болашақ дипломаттарға қажетті жоғары жеке және кәсіби қасиеттерді атап өтті.

Студенттер дәріске белсенді қатысып, болашақ дипломат мамандығының қыр-сырлары туралы көптеген сұрақтар қойды. Кездесу мазмұнды әрі тағылымды пікір алмасу форматында өтті.

...
«Ұлы дала перзенті» кітабының тұсаукесері
2026 ж. 9 ақп., дс, 06:24

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 2026 жылы 4-ақпан күні «Ұлы дала перзенті» атты кітаптың салтанатты тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсаукесер-таныстырылымына қаламыздың зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, ЖОО-нан, оның ішінде Астана халықаралық университетінің оқытушы-ғалымдары, магистранттар мен студенттер, жалпы оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кітап авторлары – ҚР-ның мәдениет қайраткері, профессор Нәбиолда Кемешов пен кітапхана ісінің ардагері Нұрғайни Мұқанова. Бұл кітап – бала кезінен қиын еңбекке ерте араласқан, Қазақстандағы ең алғашқы комбайнды тізгіндеген – еңбек даласының дара тұлғасы, бала комбайншы Айтжан Башимованың өмірі мен еңбек жолына арналған тағылымды туынды. Балалық шағы ашаршылық пен соғыс ауыртпалығына тұспа-тұс келген Айтжанның тағдыры – тұтас бір дәуірдің тарихы. Кітапта оның еңбекке адалдығы, сіңірген еңбегі, өнегелі өмірі жан-жақты баяндалады.

Айтжан Башимова 1941 жылы соғыс басталғанда небәрі 13 жаста болып, Өскемен қаласындағы №7 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түседі. Механизатор мамандығын алып, 14 жасынан бастап комбайн тізгіндейді.

Елге еткен елеулі еңбегі жоғары бағаланып, 35 жасында Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланады. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Кітапта Айтжан Башимова жайлы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде, Шығыс Қазақстан облысының архивінде сақталған жеке қор құжаттары мен ауылдастардың, жақын-туыстардың Айтжан апай жайлы сұхбаттары, естеліктері, фото-суреттері топтастырылған. Еңбек арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайсар қазақ қызының тағдыры мен ерлігі жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы 2025 ж. тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде « ...Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Сондай-ақ мен осы жобаны педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынамын» - деген болатын. Шынында, кезінде ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ғибраттық сөзі бүгінде өте құнды. Жаңа тұрпатты жастарымызды отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ етіп тәрбиелесек, еліміз өзінің мақсат-мұраттарына қол жеткізетіні сөзсіз. Ойлаған адамға «Адал азамат» қоғам дамуының барлық кезеңінде болған және де бола бермек. Ендеше, Айтжан апамыз-да өз дәуірінің адал азаматы. Өйткені ол өз еліне, өз қоғамына және жасаған іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарап, шынайылық танытқан тұлға. Адал азаматтың негізгі құндылығы оның адалдығында. Ендеше бүгінгі ұрпақ Айтжан апамыздың өмірінен үлгі алып жақсы мен жаманның, ақ пен қараның арасын ажырата білуі керек.

 

Астана халықаралық университетінің профессоры, т.ғ.к. Өскембаев Қ.С.

...
Ұлттық киім – жастардың өзін тану жолы!
2026 ж. 5 ақп., бс, 05:53

2026 жылы 3 ақпанда Астана халықаралық университетінде ерекше кездесу өтті. Педагогикалық институт студенттері «Заманауи стильдегі ұлт коды: ұлттық киім жастардың болмысын қалай қалыптастырады» деген тақырыпта еркін пікір алмасты.

Кездесудің басты ұйымдастырушылары белгілі ғалымдар, профессор Замира Баубекова мен аға оқытушы Нина Власова болса, басты қонағы – «Жасар» модельдік бизнесінің жетекшісі, дизайнер Қорлан Қалиева.

Мәдениет – ұлттың тілі. Жиында тек сән әлемі ғана емес, ұлттық киімнің терең мағынасы сөз болды. Профессор Замира Баубекова: «Ұлттық киім – бұл біздің кім екенімізді білдіретін тіл. Ол арқылы біз өз құндылықтарымызды әлемге танытамыз», – деп атап өтті.

Қазіргі трендтер тез өзгеретін заманда өз болмысыңды жоғалтпау өте маңызды. Сол себепті, ұлттық нақыштағы киімдер ескінің қалдығы емес, тарих пен бүгінгі күнді жалғайтын алтын көпір.

Кездесу барысында «Жасар» ұжымы заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді таныстырды. Қорлан Сұлтанқызы ұсынған бірегей образдар студенттер мен оқытушыларды тәнті етті.

Доцент А. Қалиева: «Сахнадағы образдар қазақ қоғамындағы қайсар қыздарды болашақтың кейпіндде кездестіргендей әсер қалдырды», – деп баға берді.

Профессор К. Ибраева киімдердің нәзіктігі мен заманауи пішіміне ерекше тоқталды.

Педагогикалық институт студенттері бұл кездесуден кейін ұлттық киімге басқаша қарай бастағандарын жеткізді. Олар үшін қазақы нақыштағы киім – жай ғана сәндік үшін емес, саналы түрде жасалған таңдау мен ішкі еркіндіктің белгісі.

Кездесу соңында Педагогикалық институт деканының орынбасары Гүлім Каримова мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін айтып, бұл кездесулердің университетте игі дәстүрге айналатынына үмітті.