Астана
халықаралық университеті, жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің РГиТ -25
оқу тобында пән оқытушысы Н.С. Ауезова 25 қараша күні «Геология және
геоморфология» пәні бойынша жарыс
форматында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың басты мақсаты - студенттердің теориялық білімдерін бекіту, геологиялық үрдістер мен жер бедері пішіндерін тану қабілетін арттыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту болды. Жарыс форматы студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Топтар өзара бәсекеге түсіп, әр кезең бойынша білімдерін шығармашылықпен көрсетті. Сабақ барысында интерактивті сұрақтар, тапсырмалар, картамен жұмыс және геоморфологиялық объектілерді анықтау сияқты бөлімдер қамтылды.
Ашық
сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттерге мотивация берді және пәннің маңызын
терең түсінуге ықпал етті.

