Астанада қазақ мұрасы мен ұлттық бірегейлікке арналған өнер көрмесі өтті

2025 ж. 1 жел., дс, 12:26

Астана Халықаралық университетінде  қазақтың мәдени мұрасын, дәстүрі мен тілін терең ұғынуға арналған қазақстандық суретші Минура Лұқпанның экспозициясы ұсынылды.Экспозиция тарихи жадыны жаңғырту, деколониялық көзқарасты дамыту және ұлттық болмысты сақтаудың өзекті мәселелерін көтеріп, көрерменге қазіргі қазақстандық мәдени тұрғыда қалыптасуына терең үңілуге мүмкіндік береді.

Көрменің өзегін «Жеті ата» ұғымының заманауи интерпретациясын құрайды. Қазақ қоғамының ғасырлар бойғы құндылықтарына негізделген бұл жүйе ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, тектік жадтың сақталуына ықпал етеді. Автор визуалды шешімдер арқылы әр адамның рухани тамыры мен ата-бабасына деген құрметінің маңызын айшықтайды.

Экспозицияда қазақтың тұрмыстық мәдени тәжірибелері де көрініс тапқан. Әсіресе шай ішу дәстүрі - қонақжайлықтың, ізеттіліктің және отбасы құндылықтарының көрінісі ретінде ұсынылған. Көрмеде күнделікті өмірдегі қарапайым ритуалдардың қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді қалыптастырудағы орны терең ашылған.

Көрменің маңызды тақырыптарының бірі – қазақ тілінің ұлттық мәдени код ретіндегі рөлі. Ұйымдастырушылар тілдің тек қарым-қатынас құралы емес, елдің рухани тұтастығын сақтайтын негізгі ресурс екенін атап өтті. Автордың жұмыстары жаһандану жағдайында ана тілінің мәнін терең сезінуге ынталандырады.

Шараға қала тұрғындары, жас өнертанушылар мен студенттер үлкен қызығушылық танытты. Көрмені «Дизайн» мамандығының магистранттары, сондай-ақ «Халықаралық қатынастар», «Тарих» және «Психология» бағыттарының студенттері тамашалап, автормен шығармашылық ой алмасуға мүмкіндік алды.

Мәдени мұраға қызығушылықтың арту себебі неде?

Философия ғылымдарының кандидаты Галина Николаевнаның айтуынша, мәдени жад - қоғам дамуының ажырамас бөлігі:

«Мәдени жад - ғасырлар бойғы әлеуметтік тәжірибенің нәтижесі. Ол белгілі бір кезеңдерде қайта белсенділеніп, өнер арқылы жаңаша сипат алады. Тарихи тақырыптарға оралулар - көркем дамудың табиғи сипаты», - дейді ол.

Көрменің қоғамдық маңызы

Көрмеге қатысушы жас автордың жұмысы қоғамда тарихи және мәдени мәселелерді талқылауға серпін беретінін атап өтті:

«Халқының тарихына бейжай қарамайтын әр азаматтың даусы қымбат. Минураның еңбектері жас буынның өткеннің күрделі кезеңдеріне деген жанашырлығын айқын көрсетеді. Автордың гендерлік мәселелерге қатысты сезімтал ұстанымы да қазіргі қоғамның рухани сұранысына жауап береді».

Өнер тұрмыстық дәстүрлерді сақтай ала ма?

«Өнер - мәдени жадты бекітетін маңызды құрал. Алайда жаһандану мен өркениеттік өзгерістер этникалық ерекшеліктерді әлсіретіп, дәстүрдің сақталуына әсер етеді. Соған қарамастан, өнер арқылы ұлттық құндылықтарды танытудың маңызы зор» -  жауап берді.

Көрменің жалпы қандай баға беруге болады?

«Минура Лукпанның көрмесі қазақстандық contemporary art бағытындағы маңызды ізденістердің бірі. Автордың әлеуметтік мәселелерді көркем тілмен жеткізуге деген талпынысы ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді», - деп қорытынды жасады.


2137