Жаңалықтар

...
ПРОКУРОРЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ: НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЛУДОМАНИЯМЕН КҮРЕС
2024 ж. 26 ақп., дс, 06:57

2024 жылғы 23 ақпанда Астана халықаралық университетінің құқық жоғары мектебі және студенттердің істері жөніндегі департаменті Астана қаласы Прокуратурасы басқармасының прокурорлары Сәдуақас Жәңгір Райымбекұлы және Әнуаров Ғылымқожа Әбдіқаһарұлымен білім алушылардың кездесуін ұйымдастырып, өткізді.

Ғылымқожа Әбдіқаһарұлы жастардың нашақорлық мәселесі бүгінде бүкіл әлемде мәселеге айналып отырғанын атап өтті. Себебі он нашақордың тоғызы толық емделуі екіталай. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін өмір сүрмейді. Есірткіні қолданушылардың негізгі бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағы жастар. Алайда, өкінішке орай, соңғы кездері есірткі қолданатындардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Сондықтан прокуратура мен құзыретті органдардың өкілдері нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты бірінші орынға қояды.

Жәңгір Райымбекұлы өсімдік және синтетикалық есірткі заттары мен олардың қосылыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ, есірткіні заңсыз пайдаланғаны, дайындағаны, сақтағаны, сатып алғаны, тасымалдағаны, сатқаны және жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті. 

Прокурорлар дәрістің жеке бөлігін құмар ойындарға қатыспауға шақыруға арнады, лудомания ұзаққа созылған депрессиямен, ауыр қылмыстар жасаумен, тіпті суицидпен аяқталады. Бос уақыттарыңды жақындарыңа және жеке, оқып өсуілеріңе арнаған дұрыс екенін айтты. Сондай-ақ, студенттерге қаржылық пирамидаларға, ойынға тәуелділікке (лудомания) байланысты алаяқтық әрекеттерден қорғану шаралары туралы айтылды.

Студенттерге бейнероликтер көрсетіліп, прокурордың кәсіби тәжірибесінен нақты мысалдар келтірілді, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Аталған іс-шараға АХУ-нің студенттік істер жөніндегі департаментінің директоры А.Т. Тлешева, құқық жоғары мектебі деканының орынбасары Ж.Д. Сеиллханов, студенттер департаментінің менеджері К.С. Бакенова, ҚЖМ кураторы А.К. Елубекова қатысты.

...
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «Mentor Me» бағдарламасын іске қосады
2024 ж. 26 ақп., дс, 05:50

«Mentor Me» - бұл «студент студентті үйрететін» семинарлар сериясы. 23 ақпанда тәлімгер студенттер Аружан Сайлаубекова, Ислам Темиргалеев, Гаухар Алшын, Аида Тенебек Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, алғашқы семинар өткізді.

Студенттер фото және бейнематериалдарды көрсете отырып, академиялық ұтқырлық байқауына қалай дайындалу керек, поляк университетінде білім беру қалай ұйымдастырылады және көпмәдениетті ортада өзін қалай ұстау керектігі туралы әңгімеледі. Студенттер академиялық ұтқырлық шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдаудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар басқа елдің мәдениетін іштей танып-білуге, тәуелсіз өмір сүру дағдыларын меңгеруге және жаңа байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. Тәлімгерлер сондай-ақ олардың оқуы өздерінің білімдері мен күшті жақтарын бағалауға және айналадағы нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік бергенін мойындады.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, тәлімгерлеріне берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді!

...
ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
2024 ж. 21 ақп., ср, 04:41

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде Астана Халықаралық университетінде педагогикалық практикадан өтеді.


Педагогикалық практика магистранттар мен жетекші ғалымдардың икемді интерактивті өзара іс-қимылын, бұрын алған теориялық білімдерін тереңдетуді және бекітуді қамтамасыз ететін арнайы курс болып табылады. Ол магистранттардың педагогикалық қызмет технологияларын практикалық игеруіне бағытталған.


Құқық қорғау органдарында (прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция және т.б.) жұмыс істейтін қызметкерлері болып табылатын магистранттар, ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өту барысында Құқық жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамының тәлімгерлігімен бірге сабақтар өткізіп, студенттерге өздерінің бай тәжірибесімен бөлісіп, сабақтар өткізеді.

...
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі еліміздің батысында кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді
2024 ж. 21 ақп., ср, 04:30

2024 жылғы 15 ақпанда ЖҒЖМ профессорының м.а. Нурушев М.Ж. Жаңаөзен қаласының №7 мектеп-гимназиясы және Дарын №13 мектеп-лицейінде, сондай-ақ Ақтау қаласының ең үлкен №3 жалпы білім беретін орта мектебінде бітіру сыныптарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Дәл осы кезеңде мектеп оқушылары арасында мамандық таңдау жүреді, осыған орай профессордың бастамасымен мамандықты таңдау жолында өз мүдделерін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсінуге көмектесуге бағытталған жұмыс жүргізілді.

Кездесу барысында АХУ-нің білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары айтылды, университет туралы ақпаратпен таныстыратын буклеттер таратылды. Оқушылар академиялық ұтқырлық, халықаралық конференциялар мен конкурстарға қатысу мүмкіндіктері, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысын өтеудің тиімді жүйесі туралы ақпарат алды.

Жеке консультацияларға ерекше назар аударылып, әр оқушы өз сұрақтары мен мәселелерін тәжірибелі маманмен талқылауға, білім беру жолы мен кәсіби мансапты таңдау бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

Жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмысы оқушыларды шабыттандырып, болашақ мүмкіндіктерге толы екеніне сенімділік берді. Бұл іс-шара олардың өзін-өзі тану және кәсіби жолды сәтті таңдау жолындағы маңызды қадам болды.

...
«Астана-Өрлеу» филиалымен ынтымақтастық
2024 ж. 19 ақп., дс, 03:36

Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Жанна Қуанышевна «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Астана-Өрлеу» филиалының кеңейтілген ғылыми кеңесіне қатысты. 

Ғылыми кеңесте №47 «Ақ желкен» балабақшасындағы «Балабақшада балалардың танымдық-тілдік қабілеттерін эйдетика әдістемесі арқылы дамыту» атты тәжірибелік-эксперименталдық алаң жұмысы туралы филиалдың педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Түсіпова Г.Ө. мен №47 «Ақ желкен» балабақша әдіскерлері Сәрсенбаева Г.Б., Ақжігітова М.О. айтты. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, п.ғ.д. Жиенбаева С.Н. «Ғылыми-тәжірибелік жұмысты жүзеге асыру үшін педагогикалық зерттеулер әдіснамасы» деген баяндама жасады. «Астана-Өрлеу» филиалының директоры Бекіш А.Ә. педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнiндегi кәсiби ынтымақтастықтың басымдық бағыттары туралы сөз сөйледі. 

Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Ж.К. өз кезегінде университетте сапалы кәсіби маман даярлау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Екі мекеме арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келу мәселесі талқыланды.

...
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» жаратылыстану-математика мұғалімдері арасында
2024 ж. 15 ақп., бс, 09:20

2024 жылдың 15 ақпанында Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтының оқытушылары PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нұркенов С.А., ф.м.-ғ.к., қауымдастырылған профессор Анияров А.А. жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері арасында өткен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытуда жаңа әдістерді қолдану» тақырыбында қалалық семинарға қатысты. Шараны ұйымдастырған: Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының әкімшілігі.

Семинарда Нұркенов С.А. «Ядролық медицинаның физикалық негіздері: диагностика және терапия» тақырыбында, сонымен қатар Анияров А.А. «Микроэлектромеханикалық жүйелердегі математика туралы» тақырыбына баяндама жасады. Семинардың мақсаты жаратылыстану-математика бағыттары, оның ішінде STEM технологиялары, пәндерді оқыту әдістемесі және PISA бойынша пәнаралық байланыстар аясында мектептер мен университеттер арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық болды.


...
Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің «Data science» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін психологиялық тренинг өткізілді
2024 ж. 14 ақп., ср, 11:00

Бүгін 2024 жылғы 14 ақпанда Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің «Data science» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін университетіміздің психологы Венера Елеудің қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді.  Бұл тренингтің мақсаты топтың бір-бірімен жақсы араласуына ықпалдастық тудыру, топ арасындағы кикілжіңді жою, қарым-қатынасты жақсартуына бағытталған. 

Бұл тренингтің мақсаты-топтың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын дамыту, топтар арасындағы қақтығыстарды жою, қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ топты біріктіру және тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру.

Бұл тренингтің міндеттері-топта қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру.

Тренинг барысында барлық студенттер белсенді қатысып, әртүрлі жаттығулар жасады: "Таныстыру", " Қолтырауын" және "Қызықты оқиға" және өз жауаптарын талқылап, сұрақтарға жауап берді.


...
Университет пен "Жастар рухы" партиясының жастар қанаты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2024 ж. 14 ақп., ср, 04:56

Біздің Университет әрқашан студенттеріміздің оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау үшін әртүрлі ұйымдармен және қауымдастықтармен ынтымақтастыққа ұмтылады. "Жастар рухы" партиясының жастар қанатымен меморандумға қол қою осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады. 

Университет пен "Жастар рухы" жастар қанаты арасындағы ынтымақтастық өзара пайда әкеледі және студенттерімізге көптеген мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз. Біз жастардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қолдау үшін түрлі іс-шараларды, семинарларды, тренингтер мен форумдарды ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. 

Біз сондай-ақ студенттерге саяси процесс, білім беру бағдарламалары және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тырысамыз. Біздің мақсатымыз - жастарға көшбасшылық, сыни ойлау және азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамытуға көмектесу. 

Біз студенттер мен жас белсенділерді осы қызықты сапарға қосылуға шақырамыз. Біз бірге еліміздің дамуына елеулі үлес қоса алатын күшті және белсенді студенттік қоғамдастық құра аламыз.