Жаңалықтар

...
AIU Welcome Party 2024 - Жаңа бастамалардың алғашқы қадамы!
2024 ж. 4 қаз., жм, 06:28

«Студенттік кез қателесуден қорықпайтын, бір күні – бір күніне ұқсамайтын, алыс-жақынмен қатар араласып, жаңа орта мен жаңа дос табатын, ыстық естеліктер мен  мөлдір махаббаттың негізгі куәгері. Қымбатты достар, баршаңызды Астана халықаралық университетінің студенті атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!», – деп бастады өз құттықтау сөзін Студенттік парламент Президенті Қуандық Ахмет Мамыртайұлы.

2024 жылдың 28 қыркүйегінде Астана халықаралық университетінде ерекше әрі жарқын іс-шара – Welcome Party 2024 өтті. Мерекелік кеш бірінші курс студенттеріне арналып, олар ресми түрде оқу ордамыздың үлкен отбасына қабылданды.

Студенттер салтанатты түрде Студенттік ант қабылдап, университет өміріне еніп, жаңа белестерді бағындыруға дайындықтарын көрсетті. Оқу белсенділері концерттік бағдарлама ұйымдастыра отырып, әсерлі әндер шырқап, би билеп, кештің ерекше атмосферасын толықтырды.

“One day with AIU” байқауының жеңімпаздары да осы кеште анықталып, үздік 4 қатысушыға университеттің брендтік мерчі сыйға тартылды, ал байқауға қатысқан өзге студенттерге термос сыйға берілді.

Кештің тағы бір қызықты бөлігі – студенттік ұйымдардың таныстырылымы болды. ClubFairs жәрмеңкесі арқылы жаңа студенттер өздерін қызықтырған ұйымдарға қосылып, университет өміріне белсене араласуға мүмкіндік алады. Университетте 20-дан астам алуан түрлі ұйымдар бар, олардың ішінде AIU Journalists, Dancing High Club, AIU IT community, AIU tunes, AIU basketball, «Шаңырақ» поэзия клубы және көптеген басқа ұйымдар студенттерге өздерінің шығармашылық және академиялық әлеуеттерін жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Мерекелік шараның шарықтау шегі – студенттер арасындағы би кеші болды. Осы жылы университет табалдырығын 3800 жаңа студент аттады және олар үшін бұл кеш ұмытылмас сәттермен есте қалды.

Welcome Party – бұл тек қана мереке емес, бұл жаңа студенттер үшін достыққа, білімге және табыстарға толы жаңа жолдың бастамасы.

...
Туризм апталығы: Жаратылыстану жоғары мектебіндегі жарқын шаралар, мастер-класстар мен қайырымдылық
2024 ж. 2 қаз., ср, 13:00

2024 жылдың 23-27 қыркүйек күндері аралығында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі дәстүр бойынша Туризм апталығын өткізді. Апталық туризм бойынша кітаптар көрмесінен басталды, «Ұлы дала скауттары» ҚБ жаттықтырушылары туризмнің белсенді түрлері бойынша өздерінің шеберлік класстарын өткізді, сондай-ақ «Райс тревел» ЖШС жетекшісі Раушан Мамаева авторлық туристік бағыттарды құрастыру жөнінде дәрісін өткізді. 26 қыркүйекте студенттер профессор Орденбек Мазбаевтың Антарктидаға саяхаты туралы дәрісін тыңдады. 

Туризм апталығы аясында студенттер арасында «Эрудит» конкурсы, Астана жайлы видеороликтер конкурсы және географиялық білімдерін бойынша интеллектуалды топтық ойын өткізілді. 

27 қыркүйекте  «Әлем халықтарының тағамдары» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, студенттер елдердің алуан түрлі тағамдарымен қоса мәдени ерекшеліктерін айтып, ұлттық киімдері мен геральдикасын көрсетті. Студенттердің шешімімен жиналған ақша Астана қ. балалар үйіне беріледі. 

Апталықтың қорытындысы 27 қыркүйек – Халықаралық туризм күнінде салтанатты кеш түрінде өтті. Жеңімпаздарға дипломдар және құнды сыйлықтар табысталды. "Үздік мобилограф" - Тұрар Аружан, "географ-эрудит" болып Махмет Ақтілек атанды. Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша жылдан-жылға берілетін "Жеңімпаз кубогы" РГиТ-24 В тобының «Гүлжан» командасына бұйырды. Ал барлық белсенді студенттер грамота және алғыс хаттармен марапатталды.  

Туризм апталығы жарқын оқиғаларға және ғалымдар мен практиктердің қатысуымен өткен танымдық кездесулерге толы болды. Бұл шаралар студенттердің кәсіби дамуына ғана емес, сондай-ақ бір-бірімен жақын танысып, достасуына да септігін тигізді. Кешті бимен көркемдеген бишілер @ansambl_danira тобына алғыс айтамыз!


...
ШЫҰ елдерінің аналитикалық орталықтары халықаралық форумында Қазақстан үш қатысушыдан құралған делегациямен лайықты таныстырылды.
2024 ж. 1 қаз., сс, 12:25

ШЫҰ елдерінің аналитикалық орталықтары халықаралық форумында Қазақстан үш қатысушыдан құралған делегациямен лайықты таныстырылды. Кошанова С.Е. мен Ибраева А.Е. өздерінің баяндамаларымен Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.

 

Кошанова С.Е. ШЫҰ-ның мәдени- білім беру аспектілерін талқылап, білім беру және мәдени инициативалар арқылы екі елді жақындастыруда негізгі жобалардың маңыздылығын атап өтті. Ибраева А.Е. Қазақстан мен Қытайдың ШЫҰ шеңберіндегі энергетикалық ынтымақтастығына қатысты стратегиялық маңызды баяндамасын ұсынды, бұл энергетикалық ресурстардың аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

 

Форум үш негізгі секцияға бөлінді, әрқайсысы болашақ күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды: халықаралық жағдайдың өзгеруі және ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, жаңа өндірістік күштер мен тұрақты даму, сондай-ақ ШЫҰ-ның біртұтас тағдыры қауымдастығын құруға арналған үш жаһандық бастама. Бұл тақырыптар Қазақстан мен Қытай үшін ерекше өзекті, өйткені ШЫҰ шеңберіндегі олардың серіктестігі нығайып, бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен гүлденуіне ықпал етуде.

...
Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінде (Ресей) «Орыс тілі мен орыс халық мәдениеті мектебі» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында іс-шаралар өтті
2024 ж. 1 қаз., сс, 11:00

Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінде (Ресей) «Орыс тілі мен орыс халық мәдениеті мектебі» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында іс-шаралар өтті. Бұл жоба орыс тілі мен әдебиетін өз елдерінде оқытып, зерттеуді мақсат еткен зерттеушілер мен оқытушыларды қолдауға және біріктіруге бағытталған. Жобаға Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстаннан келген орыс тілі оқытушылары қатысты.

 

Жобаның білім беру бөлігінде «Қазіргі педагогикалық технологиялар контекстіндегі орыс тілі мен мәдениеті» курстары өткізілді, олардың соңында қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәліктер берілді. Бағдарлама аясында сараптамалық және іскерлік кездесулер, аймақтың мәдени нысандарына саяхаттар, сондай-ақ Ресейдің ең ірі этнофестивальдерінің бірі – «Атмановские кулачки – 2024» фестиваліне қатысу жоспарланды. Бұл фестивальдегі дәстүрлі ойындар Ресей халықтарының материалдық емес мәдени мұрасының алтын қорына кіреді.

 

Іс-шара барысында «Халықаралық кеңістіктегі орыс тілі: маңыздылығы мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Россотрудничество, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі өкілдері, РУДН, А.С. Пушкин атындағы орыс тілі институты, Державин университеті және Астана халықаралық университетінің сарапшылары қатысты. Астана халықаралық университетінің оқытушысы Разия Ибрагимқызы Нарманова «Қазақстандағы орыс тілі: болу немесе болмау» атты баяндамасымен сөз сөйлеп, Қазақстандағы орыс тілін зерттеу жағдайы мен оның даму перспективаларын талқылады.

...
Бүгін еліміз Жоғары білім қызметкерлері күнін алғаш рет атап өтуде!
2024 ж. 1 қаз., сс, 05:05

Құрметті әріптестер!

 

Бүгін еліміз Жоғары білім қызметкерлері күнін алғаш рет атап өтуде! Бұл атаулы күн еліміздің білім беру саласының қарқынды дамуына ерекше ықпал етпек.

Қымбатты профессорлар мен оқытушылар! Сіздерді осы маңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз тек білім беру ғана емес, біздің қоғамның болашағы үшін берік негіз құру. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында жастар еліміздің дамуына белсенді қатысушы бола отырып, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алады.

Астана халықаралық университеті бүгінде ел ішінде белсенді дамып қана қоймай, халықаралық аренадағы білім мен ғылымның маңызды орталығына айналуда. Біздің жоғарғы оқу орны ғылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жоғары білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Университетімізде 460-тан астам білікті оқытушылар қызмет атқарады және біз олармен мақтанамыз! 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Педагогтердің міндеті — еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Лайықты азамат - бұл біздің Отанымыздың игілігі үшін пайдаланылатын қажетті білімі бар адам». Осы ретте, осындай лайықты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз еліне қызмет етуге және қоғамымызға оң өзгерістер енгізуге дайын жас ұрпақты тәрбиелеудегі қызметтеріңіз үшін рахмет.

Сіздерге сарқылмас шабыт, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!

 

Құрметпен,

Astana International University Президенті

Ирсалиев Серик Азтаевич

...
Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары: Венесуэла елшісінің біздің университетке сапары
2024 ж. 25 қыр., ср, 07:24

2024 жылғы 23 қыркүйекте Астана Халықаралық университетіне (AIU) Қазақстан Республикасындағы Венесуэла Боливария Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Rosalba Lo Bue Antico ханым келді.

Кездесу барысында білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, логистика саласындағы «Бір белдеу – бір жол» жобасы, AIU-да Венесуэланың мәдени бұрышын ашу, сондай-ақ Елші ханымның AIU-дағы дәрістер өткізуінің әлеуетті мүмкіндіктері талқыланды. AIU Президенті Елшіге университет жетістіктерімен таныстырып, студенттер мен оқытушылар үшін шетелдік серіктестер мен білім беру мүмкіндіктері туралы айтып берді. Өз кезегінде Елші ханым екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларымен бөлісіп, Венесуэланың Орталық университетін академиялық алмасудың әлеуетті серіктесі ретінде атап өтті.

Талқылаудың негізгі аспектілерінің бірі студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам мен ғалымдар алмасу бағдарламалары шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндігі болды. Елші ханым AIU студенттеріне Венесуэла елшілігінде тікелей білім беру практикасынан өту мүмкіндігін ұсынды, бұл олардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер ашады.

Қатысушылар серіктестік қатынастарды жолға қоюға қызығушылық білдіріп, оларды іске асыру жолындағы алғашқы қадамдарды талқылап, бірлескен бастамаларды табысты іске асыру үшін одан әрі келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.

...
Франциядағы академиялық ұтқырлық: AIU студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер
2024 ж. 25 қыр., ср, 07:18

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Астана Халықаралық университетінің (AIU) бас ғимаратында Paris Nanterre университетінің профессоры Жан-Роберт Равиомен кездесу өтті. Ресей мен посткеңестік елдерді зерттеу жөніндегі маман, профессор Равио Франция университеттерінде академиялық ұтқырлық пен білім беру мүмкіндіктері туралы талқылау үшін университетімізде қонақ болды.

Іс-шараға профессордың сөзін қызығушылықпен тыңдаған болашақ халықаралық қатынас және аудармашы студенттер мен оқытушылар қатысты. Жан-Роберт Равио өзінің университеті туралы ақпаратпен бөлісіп, халықаралық студенттерге қолжетімді негізгі оқу бағыттары мен бағдарламаларын атап өтті. Академиялық ұтқырлық пен алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер қабылдау процесі, шетелде оқу ерекшеліктері және Францияда тұру шарттары туралы белсенді сұрақтар қойды. Профессор барлық сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, халықаралық бағдарламалар бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлағандар үшін маңызды әрі пайдалы ұсыныстар берді.

Кездесу студенттерге шетелде оқу ерекшеліктері туралы көбірек білуге және жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының бірімен академиялық байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік болды.

...
Астана Халықаралық университетінде екі жаңа корпус ашылды
2024 ж. 24 қыр., сс, 06:44

Астана Халықаралық университеті (AIU) екі жаңа оқу корпусын ашты, бұл университеттің білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бір корпус Monolith бизнес-орталығында орналасып, Ақпараттық технологиялар және инженерлік жоғары мектебінің студенттері үшін арналған,  ал екінші корпус Castle Building-де орналасқан, мұнда Экономика жоғары мектебі және Құқық жоғары мектебінің студенттері білім алады.Жаңа корпустар заманауи интерактивті тақталармен және 250 жаңа компьютермен жабдықталған дәрісханалар мен кабинеттермен қамтылған, бұл оқу процесін едәуір жақсартып, студенттерге қазіргі заманғы білім беру технологияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа корпустардың ашылуы — бұл университет үшін алға басу ғана емес, сонымен қатар елдегі жоғары білімнің дамуына елеулі үлес. AIU студенттердің әлеуетін жүзеге асырып, қоғамның дамуына үлес қосу үшін оқу мен даму үшін ең жақсы жағдайлар жасауға ұмтылады.

Инфрақұрылымды жақсартумен қатар, AIU заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес инновациялық бағдарламалар мен курстарды енгізуді жалғастыруда. Университет сондай-ақ білім сапасын арттыру және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бизнеспен және халықаралық білім беру ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатады.

Бүгінгі күні Астана Халықаралық университетінде 10 000-нан астам студент оқитын алты түрлі корпус жұмыс істейді. Бұл университеттің динамикалық өсуін және барлық оқушылар үшін сапалы білім беруге деген ұмтылысын көрсетеді.

...
2024 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп «Экологиялық....
2024 ж. 24 қыр., сс, 06:33

2024 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп «Экологиялық мәдениет және халықаралық міндеттемелер: Қазақстандағы мәселелер мен даму жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев пен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов құттықтау сөз сөйледі.

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы «Қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы университеттердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, іс-шараға Министрліктің Экологиялық саясат департаментінің, оқу орындарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қоғамның экологиялық мәдениетін дамыту және экологиялық мәселелер бойынша ақпараттандыруды арттыру, қалдықтарды тиімді басқаруда және тұрақты дамуға қол жеткізуде ҮЕҰ рөлі, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық міндеттемелер аясындағы экологиялық саясатын талқылады.

...
AIU БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ЭТНОТУРИЗМ БОЙЫНША ЖОБАНЫ ДАМЫТУҒА "QAZINNOVATIONS" АҚ-НЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
2024 ж. 24 қыр., сс, 06:29

Astana International University Бизнес-инкубаторының инкубациялық бағдарламасының түлегі Алтынай Тәңірбергенова «QazInnovations» АҚ-нан өзінің «Qazaq Uy» инновациялық жобасын дамыту үшін грант ұтып алды.

«Qazaq Uy» жобасы дәстүрлі қазақ киіз үйлерін қайың лущен шпонын қайта өңдеудің инновациялық технологиясын қолдана отырып өндіруге бағытталған. Жобаның негізгі ерекшелігі — экологиялық таза және қалдықсыз өндіріс, бұл Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және этно- мен гастротуризмді дамытуға елеулі үлес қосады.

Алтынайдың айтуынша, қазақтың дәстүрлі құрылыс өнерін жаңғырту тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар халықаралық туристердің де қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Алтынай Тәңірбергенова «QazInnovations» АҚ қолдауының арқасында жобаның жаңа серпін алатынына және қазақ дәстүрлерін халықаралық деңгейде танымал етуге ықпал ететініне сенімді.

Алтынай мен оның командасына алдағы уақытта табыс пен бизнес-идеясының сәтті жүзеге асуын тілейміз!