«Астана-Өрлеу» филиалымен ынтымақтастық

2024 ж. 19 ақп., дс, 03:36

Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Жанна Қуанышевна «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Астана-Өрлеу» филиалының кеңейтілген ғылыми кеңесіне қатысты. 

Ғылыми кеңесте №47 «Ақ желкен» балабақшасындағы «Балабақшада балалардың танымдық-тілдік қабілеттерін эйдетика әдістемесі арқылы дамыту» атты тәжірибелік-эксперименталдық алаң жұмысы туралы филиалдың педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Түсіпова Г.Ө. мен №47 «Ақ желкен» балабақша әдіскерлері Сәрсенбаева Г.Б., Ақжігітова М.О. айтты. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, п.ғ.д. Жиенбаева С.Н. «Ғылыми-тәжірибелік жұмысты жүзеге асыру үшін педагогикалық зерттеулер әдіснамасы» деген баяндама жасады. «Астана-Өрлеу» филиалының директоры Бекіш А.Ә. педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнiндегi кәсiби ынтымақтастықтың басымдық бағыттары туралы сөз сөйледі. 

Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Ж.К. өз кезегінде университетте сапалы кәсіби маман даярлау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Екі мекеме арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келу мәселесі талқыланды.


494