Реттеуші құжаттар

ТҮЛЕККЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

І. Жұмысқа жеке бөлу:

1.         Университеттің бекітілген кестесіне сәйкес түлектерді жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияға уақтылы келуге міндетті.

2.         Жұмыс берушіден мөрмен және шығыс нөмірі мен күні бар бұрыштық мөртабанның болуымен расталған өтінішхаттың болуы қажет.

3.         Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстан босатуға құқығы бар адамдар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

 

·       Жүкті әйелдерге факультет деканымен, университет заңгерімен келісілген жұмыстан босату үшін ДКК қатаң есептілік анықтамасын, университет Президентінің атына өтініш беру.

·       Үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған әйелдерге факультет деканымен, университет заңгерімен келісілген жұмыстан босату үшін баланың туу туралы куәлігін, университет Президентінің атына өтініш беру.

·       1-2 топтағы мүгедектігі бар адамдар факультет деканымен, университет заңгерімен келісілген жұмыстан босату үшін университет Президентінің атына тиісті растайтын құжат, өтініш беру.


ІІ. Жұмысқа жолдама

1.         Комиссия бөлгеннен кейін сіз ұсынылған бланкіні ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмыс істеу міндеті туралы міндеттеме түрінде толтырасыз және деканатта жұмысқа жолдама аласыз.

2.         Айналым қағазын ресімдеу кезінде өтінішхаттың түпнұсқасын, өз қолыңызбен толтырылған міндеттемені, сапаны қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру департаментінен алынған жұмысқа жолдаманы жеке өзіңіз ұсынасыз. 

Мекен - жайы: №1 оқу корпусы, Қабанбай батыр даңғылы 8, №108 кабинет


ІІІ. Жұмысқа орналастыру

1.         2024 жылғы 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде сіз жұмыс орнынан растайтын құжаттарды (жұмысқа қабылдау туралы анықтама немесе бұйрықтан үзінді) ұсынуға міндеттісіз.

2.         Магистратураға түсу кезінде бакалавриат бойынша өтеуден босату үшін магистратураға түсу туралы анықтаманы немесе бұйрықтан үзінді көшірмені ұсыну қажет.

3.         Тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелген кезде растайтын құжатты (анықтаманы) ұсынасыз.

4.         ҚР Қарулы Күштеріне (армия) шақырылғандар жұмысты кейінге қалдыру үшін әскери қызметтен өткені туралы анықтама береді.

 

Маңызды!

Жергілікті атқарушы органның гранты (ЖАО гранты) бойынша оқыған және ЖОО бітіргеннен кейін магистратураға түскен түлектер үшін Астана қаласы әкімдігінің білім бөліміне түсу туралы өтінішті міндетті түрде толтыру қажет.

 

Егерде сізде сұрақтарыныз қалса, сіз қаржы орталығының ресми сайтына кіре аласыз, онда толығырақ ақпарат, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.

https://fincenter.kz/students/working-off/bachelor-degree   

 

НҚА сілтемелері:

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 47-баптың 17-тармағы: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291