2023-2024 оқу жылында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Astana International University өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.
Әріптес университеттер келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр:
- серіктес университетте PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік жасау үшін жетекші ғалымдарды тарту;
- бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- зерттеулер жүргізу үшін екі тараптың ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханаларын бірлесіп қолдану;
- ғылыми семинарлар, конференциялар және вебинарларды бірлесіп ұйымдастыру;
- ғылыми ақпарат пен біліммен бөлісу.