Бүгін 2024 жылғы 14 ақпанда Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің «Data science» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері үшін университетіміздің психологы Венера Елеудің қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты топтың бір-бірімен жақсы араласуына ықпалдастық тудыру, топ арасындағы кикілжіңді жою, қарым-қатынасты жақсартуына бағытталған.
Бұл тренингтің мақсаты-топтың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын дамыту, топтар арасындағы қақтығыстарды жою, қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ топты біріктіру және тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру.
Бұл тренингтің міндеттері-топта қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру.
Тренинг барысында барлық студенттер белсенді қатысып, әртүрлі жаттығулар жасады: "Таныстыру", " Қолтырауын" және "Қызықты оқиға" және өз жауаптарын талқылап, сұрақтарға жауап берді.