2024 жылдың 15 ақпанында Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтының оқытушылары PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нұркенов С.А., ф.м.-ғ.к., қауымдастырылған профессор Анияров А.А. жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері арасында өткен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытуда жаңа әдістерді қолдану» тақырыбында қалалық семинарға қатысты. Шараны ұйымдастырған: Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының әкімшілігі.
Семинарда Нұркенов С.А. «Ядролық медицинаның физикалық негіздері: диагностика және терапия» тақырыбында, сонымен қатар Анияров А.А. «Микроэлектромеханикалық жүйелердегі математика туралы» тақырыбына баяндама жасады. Семинардың мақсаты жаратылыстану-математика бағыттары, оның ішінде STEM технологиялары, пәндерді оқыту әдістемесі және PISA бойынша пәнаралық байланыстар аясында мектептер мен университеттер арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық болды.