«Рекреациялық
география және туризм» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында
өткен жаратылыстану пәндерінен олимпиада - 2025
26-27 наурызда Астана халықаралық
университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде жаратылыстану пәндері
бойынша олимпиада өтті, оған «Рекреациялық география және туризм» білім беру
бағдарламасының студенттері қатысты. Барлығы 24 қатысушы тіркелді.
Олимпиада
екі турдан тұрды:
Бірінші
тур – тестілеу, мұнда оқушылар топырақтану, география, геология, геоморфология,
туризм, ландшафттану, гидрология, картография салалары бойынша білімдерін
көрсетті.
Екінші
тур – Қазақстан көлдері бойынша туристік жобаларды қорғау. Қатысушылар
ұсынылған тізімнен көлді таңдап алып, туризмді дамыту және осы ерекше табиғи
нысандарды қорғау бойынша шығармашылық идеяларын ұсынды.
Жобалар
тек қызықты ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты
туризмнің маңызды мәселелерін көтеретіндей ерекше болды. Студенттер өз
жұмыстарында экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру, тұрақты тұтыну мен
өндірісті қамтамасыз ету, инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз
ету, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызды элементі ретінде экотуризмді
ілгерілету сияқты БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын назарға алды.
Екі
кезеңнің қорытындысы бойынша 1 курс студенттері арасында жеңімпаздар: 1 орын –
Найрият Сарыбай, 2 орын –Баширов Тимур, 3 орын –Батталов Темірлан. Екінші курс
студенттері арасында жеңімпаздар: Қапарова Альбина – 1 орын, Болат Әмір – 2
орын, Асилбек Нұрай – 3 орын.
Студенттер,
сіздер оқуға ғана емес, еліміздің туризмін дамытуға және қоршаған ортаны
қорғауға үлес қосуға дайын нағыз зерттеушілерсіздер! Алға ұмтылыңыздар, сіздің идеяларыңыз
болашақты өзгерте алады.