2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 15.00-де Ақын Сара 11 208 аудиторияда
Экономика жоғары мектебінің оқу процесінің негізгі қатысушылары – жұмыс
берушілермен және серіктестермен кездесу өтеді. Негізгі назар білім беру
бағдарламаларын жаңартуға, еңбек нарығының қажеттіліктерімен үндестіруге және
тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытуға бағытталған.
Талқылау сұрақтары:
- Бүгінгі күні және
болашақта түлектер арасында қандай құзыреттер сұранысқа ие?
- Жұмыс берушілер
бағдарламалардың мазмұнына қалай әсер ете алады?
- Бизнес пен
университет арасындағы өзара әрекеттестіктің қандай форматтары ең тиімді?
Біз кәсіби қоғамдастықпен тығыз диалогта ғана тиісті білім беру
бағдарламаларын жасап, сұранысқа ие мамандарды шығаруға болатынына сенімдіміз.