2024 ж. 9 шіл., сс, 07:24
AIU университетінің «NaturaLab» ғылыми зертханасы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа белестерге жетуде. Биология ғылымдарының докторы, профессор Анар Мырзагалиеваның басшылығымен біздің команда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде елеулі табыстарға қол жеткізуде, бүгінгі таңда 1 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы, 1 гранттық қаржыландыру жобасы және 2 «Жас Ғалым» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттары арқасында AIU зертханасында пәнаралық зерттеулер жүргізілуде, отандық және шетелдік жетекші ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатылып, жас ғалымдар мен студенттердің.кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасалуда.
2024 жылдың 24 маусымы мен 4 шілдесі аралығында AIU ғылыми қызметкерлері тобы (Мырзағалиева А.Б., биология ғылымдарының докторы, профессор; Оразов А.Е., PhD; Самарханов Т.Н., PhD; Тустубаева Ш.Т., постдокторант; Алемсеитова Ж. .К., докторант; Кауанов С.А., 4-курс студенті) шетел ғалымдарымен бірге - Варшава университетінің ғалымдары, ғылым докторы, профессор Малгожата Суска-Малавска, PhD Марсина Сульвински, магистрлер - Петра Чибовский және Марчина Зегарек; Вроцлав университетінің профессоры, ғылым докторы – Цезарь Кабала (Польша); Тоттори университетінің профессоры, ғылым докторы – Айеле Алмау Фента; PhD, Өлі теңізді зерттеу орталығының профессоры Илан Стави (Израиль) Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің биоәртүрлілігі бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу саябақтың экожүйесін, саябақта сирек кездесетін және эндем өсімдіктердің экологиясы мен таралуын зерттеуге бағытталып, аймақтың биоәртүрлілігінің қазіргі жағдайына талдау жасалды.
Шетелдік әріптестермен серіктестік AIU ғылыми мектебін жаңа әдістемелер мен технологиялармен байытады, оның халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы орнын нығайтады және ғылыми көкжиектерін кеңейтеді. Бірлескен зерттеулер мәдениетаралық байланыстарды дамытуға және әрбір қатысушы өзінің бірегей үлесін қосатын жаһандық ғылыми қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал етеді.
Біз ғылымға қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз және жетістіктерімізбен бөлісуге қуаныштымыз! Бірлескен зерттеулер әлемдік ғылымның дамуына және Қазақстанның табиғи мұрасын түсіну мен сақтауға елеулі үлес қоса отырып, жаңа көкжиектерді ашуға көмектеседі.