Astana International University студенттері мен оқытушылары Coursera платформасында әлемнің жетекші университеттерінің онлайн курстарын сәтті аяқтады: халықаралық білім мен мансаптық - табысқа жол.

2024 ж. 17 шіл., ср, 07:30

Astana International University студенттері мен оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен 500 тегін лицензия берудің арқасында Coursera жаһандық білім беру платформасының Еуропа мен Американың жетекші университеттерінің онлайн курстарын сәтті аяқтады.

Онлайн курстардың сұранысқа ие бағыттары:

1) «Успешная карьера» жобасы – 191

2) «Мансаптық даму» жобасы - 76

3) Python деректер құрылымы – 131

Бұл фактор студенттердің 1 курстан бастап мансап құру туралы ойланатындығын және университет қабырғасындағы негізгі біліммен бірге онлайн курстардан "Soft Skills" үйренуге қосымша күш салатындығын растайды.

Astana International University шетелдік университеттерден іргелі білімі бар еңбек нарығында, индустрия мен экономиканың түрлі секторларында сұранысқа ие, фундаменталды білімді қолдана алатын,  жоғары білімді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.


425