Қазақстан Coursera платформасына белсенді қатысатын Топ-20 елдің қатарына енді

2024 ж. 17 шіл., ср, 04:29

Қазақстан, Coursera-ның 2024 жылғы жаһандық дағдылар есебіне сәйкес, қызметкерлері Coursera-да белсенді оқитын, сондай-ақ экономикалық өсуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін кәсіби қажеттіліктерге сәйкес келетін қолжетімді білімге қаражат салуға мүдделі Топ-20 елдер қатарына кірді.

Coursera-ның хабарлауы бойынша қазіргі уақытта әлемде келесі дағдылары мен білімдері бар мамандарға сұраныс жоғары:

1) Chatgpt үшін Prompt Engineering;

2) Introduction to Generative AI (Генеративті ЖИ-ке кіріспе)

3) Generative AI with Large Language Models (үлкен тілдік модельдері бар генеративті ЖИ);

4) Ақпараттық технологиялар негіздері;

5) Google it Support кәсіби сертификаты;

6) Data Analysis (Google data analysis кәсіби сертификаты).

Astana International University ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі Coursera есебіне сәйкес заман талабына сай және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби мамандарды даярлайды:

1) 6В06102 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар

2) 6B06107 Data Science

3) 6В06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Университетті бітіргеннен кейін талапкерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесі беріледі де, IT-компанияларға табысты жұмысқа орналасуға көмектеседі.


824