Білім беру гранттарына құжат қабылдау басталды: болашағыңызды Astana International University-нен бастаңыз!

2024 ж. 15 шіл., дс, 07:18

2024-2025 оқу жылына түсу үшін документтерді қабылдау басталды!

Документтерді қабылдау 2024 жылдың 13 шілдеден басталып 20 шілдеге дейін жалғасады. су тасқынынан зардап шеккен өңірлер (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) келген талапкерлерге құжаттар қабылдау мерзімі 24 шілде дейін жүзеге асырылады.

Astana International University-де әр бір талапкерге жағдай жасалған.

Құжаттарды уақытында тапсырып, сәтті болашаққа аяқ басыңыз!

Тапсырыс беру үшін қажетті құжаттар:

* Жеке куәлік;

* ҰБТ сертификаты;

* 3х4 көлемдегі фотосурет;

* Орта білім беру аттестаты (колледж түлектері үшін диплом);

* жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

* 075/у формадағы медициналық анықтама, флборография суреті;

* 063 формадағы вакцина паспорты;

* Әскери тіркеу туралы куәлік (жігіттер үшін);

* Арнайы емтихан (педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін) немесе шығармашылық емтихан (шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін) мәлеімдемеден үзінді.

Құжаттарыңызды университеттің қабылдау комиссиялары арқылы офлайн режимінде тапсырыңыз немесе AIU виртуалды қабылдау комиссиясын пайдаланыңыз.



655