Жаңалықтар

...
«Фрилансерге өз агенттігін қалай ашуға болады» тақырыбында қонақ дәріс
2023 ж. 14 нау., сс, 06:34

2023 жылғы 14 наурызда Астана Халықаралық университетінде Digital агенттігінің басшысы Алибаев Арыстанның қатысуымен «Фрилансерге өз агенттігін қалай ашуға болады»  тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.

Дәріс аясында Арыстан Алибаев студенттермен келесі ақпараттармен бөлісті:

жеке бренд құру;

нарықты талдау және «ниша» табу;

идеяны және өнімді сата алу;

инвесторларға жобаны дұрыс ұсыну жолдары;

идея, бренд және зияткерлік меншіктің басқа түрлерін ұсыну тәсілдері.


Ақпараттық технологиялар саласындағы бизнесті  дамыту тақырыбы бойынша, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түрлі қызықты мәліметтермен бөлісті. Дәріс барысында АТ кәсіби саласының мүмкіндіктері, сондай-ақ, студенттердің болашақ мамандығы туралы  білім қорын кеңейтуге көмектесетін ақпараттар айтылды.

...
2023 жылдың 2 наурызында Астана халықаралық университетінде «Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу: университеттің қаланың тұрақты дамуына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек....
2023 ж. 3 нау., жм, 12:10

2023 жылдың 2 наурызында Астана халықаралық университетінде «Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу: университеттің қаланың тұрақты дамуына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасына назар аударту; тұтынуға саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру; қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы субъектілер арасында диалог құру; ынтымақтастық басымдықтарын үйлестіру және шартқа қол қою болды.

Шара АХУ президенті Серік Азтайұлы Ирсалиевтің құттықтау сөзімен басталды. Ол жоғары оқу орындарының қоғамдық дамудағы, оның ішінде экологиялық ойлау саласындағы оң өзгерістердің көзі ретіндегі маңыздылығы артып келе жатқандығын атап өтті. «Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ахметова Жансая Айтуарқызы жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес қалдықтарды басқару туралы баяндады, Севериненко Алена Петровна студенттерді Пластнет желісінің қызметімен, ал Уразгалиева Фарида Кулкожахмедовна – екіншілей шикізат жинаумен айналысатын ВТС Астана-1 кәсіпорнының жұмысымен таныстырды.

Іс-шара барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алып, шақырылған қонақтарға алғыстарын білдірді.

Дөңгелек үстел аясында ВТС Астана-1 ЖК және Пластнет желісімен ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды. Осылайша, Астана халықаралық университеті өз аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ресми түрде енгізген Астанадағы алғашқы университет атанды және бұл қадам университеттің елордамыздың тұрақты дамуына қосқан маңызды үлесі!


...
24 февраля 2023 года в Астане состоялась церемония награждения победителей конкурса «Лучший преподаватель вуза-2022»
2023 ж. 3 нау., жм, 07:27

2023 жылдың 24 ақпанында Астанада "ЖОО үздік оқытушысы-2022"байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.  Салтанатты іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қазақстанның 43 жоғары оқу орнынан келген 150 жеңімпазын құттықтауымен басталды. Оқытушылардың қызметі жұмыстың екі бағыты бойынша бағаланды – оқыту сапасы және ғылыми-зерттеу қызметі. 

2022 жылы Үздік оқытушы ретінде біздің әріптесіміз - Астана Халықаралық университетінің жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD (Биология) Жұмағұл Мөлдір Жақыпжанқызы танылды. Жеңімпаздар үздік шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге, біліктілігін арттыруға және өздерінің ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін грант алды. Университет президенті Серік Азтайұлы жылдың үздік оқытушысын құттықтай отырып, университет оқытушылары жылда осы атаққа ие болып жатқандығын қуанышпен атап өтті және Мөлдир Жақыпжанқызына жоспарланған мақсаттар мен жобалардың сәтті іске ауын тіледі. Әріптесімізге толағай табыстар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!


...
«Бақытты отбасы-қоғам байлығы» семинар-тренингі.
2023 ж. 2 нау., бс, 04:01

2023 жылдың 2 наурызда Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі психолог-психотерапевт-Серікгүл Салидің қатысуымен отбасындағы қарым - қатынасқа бағдарланған «Бақытты отбасы - қоғам байлығы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырып, өткізді.

Кездесу барысында Серікгүл Сали отбасының қоғамдағы рөлі, өмір сүру сапасын арттыру, рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинар-тренингте студенттер қарым-қатынас құруға және оларда туындайтын мәселелерді шешуге байланысты көптеген сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды. Психолог студенттермен топтық терапия жүргізді, оларда бар проблемаларды анықтады және олармен жұмыс процестерін көрсетті.

Семинар-тренинг студенттердің өздерінің ішкі қорқыныштарымен, буллингпен күресу әдістерімен бөлісу тұрғысынан өте пайдалы болды, осындай мәселелерді талқылау негізінде студенттер өздері үшін жаңа инсайдтар алды.

...
"Стартапердің жиі жіберетін қателіктері"қонақ дәрісі
2023 ж. 1 нау., ср, 10:34

28.02.2023 ж. Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері үшін "Logizi.kz" стартапының СЕО-сы  Типеев Даниярдың қатысуымен "Стартапердің жиі жіберетін қателіктері" тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Қонақ дәріс барысында Данияр Саматұлы "Logizi.kz" стартапы туралы айтты, студенттерге гранттарды қалай ұтып алуға болатындығы және АТ стартаптары қандай қателіктер жіберетіні, сондай-ақ стартаптағы сату мен инвестициялар туралы пайдалы кеңестер берді.

Спикер АТ саласында өзінің стартапын құру және оны табысты ілгерілету бойынша ұсыныстарды айтты. Қонақ дәрісінің соңында білім алушылар Данияр Типеевқа алған ақпараттары үшін алғыстарын білдіріп, технологиялық кәсіпкерлік саласындағы сұрақтарын талқылады.

Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және студенттердің кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді.

...
«Дизайн» мамандығы бойынша 2022 жылғы түлектердің дипломдық жобаларының Республикалық on-line байқау-конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз.
2023 ж. 1 нау., ср, 09:03

Байқау Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өтті.

Осы байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған:

Курмашева Динара Кайыржановна – 2 орын «Графикалық дизайн» номинациясы бойынша

Ғылыми жетекшісі- Мухамедиева Самал Қоңыртаевна

Жобаның тақырыбы: «Шұғыла» балалар лагерінің фирмалық стилін әзірлеу 

Какимова Дина Есенгелдиевна – 3 орын «Сәулет дизайны» номинациясы бойынша

Ғылыми жетекшісі- Хоровецкая Евгения Михайловна

Жобаның тақырыбы: Әмбебап көпфункционалды модуль әзірлей отырып, Нұр- Сұлтан қаласындағы LRT трассасын жаңғыртудың тұжырымдамалық жобасы

Байқауға Қазақстанның 10 жоғары оқу орны қатысып, 43 диплом жобалар ұсынылды.

Республикалық байқаудың жүлдегері Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің халықаралық фестиваліне жіберіледі.


Шығармашылық табыстар тілейміз!




Текст: Мухамедиева Самал Коныртаевна


...
«IoT жүйелеріндегі шабуылдарды анықтау тәсілдері» тақырыбы бойынша дәріс
2023 ж. 1 нау., ср, 08:42

2023 жылдың  1 наурызында Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері үшін «Ресей Ғылым Академиясының Санкт-Петербург Федералды зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің компьютерлік қауіпсіздік мәселелері зертханасының аға ғылыми қызметкері Василий Алексеевич Десницкийдің қатысуымен «IoT жүйелеріндегі шабуылдарды анықтау тәсілдері» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды. 

Студенттермен кездесуде Василий Алексеевич жалпы ережелер мен машиналық оқыту әдістеріне, сондай-ақ жеке тәжірибесіне негізделген шабуылдарды анықтау тәсілдерімен бөлісті.

 Студенттер қауіпсіздік және шабуылдарды анықтау бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Осылайша олар өздерінің болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы түсінік алды.

...
"Өзіңмен және басқалармен үйлесімді қарым-қатынасты қалай құруға болады" семинар-тренингі
2023 ж. 25 ақп., сб, 04:49

2023 жылғы 24 ақпанда Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебі Астана Халықаралық университетінің студенттері үшін практик психолог Мариям Нұрланқызымен "Өзіңмен және басқалармен үйлесімді қарым-қатынасты қалай құруға болады" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Кездесу студенттерге өзімен және басқалармен қарым-қатынас, оның жағымды және жағымсыз жақтары, ішкі үйлесімділік жағдайы туралы түсініктерін кеңейтуге көмектесті.

Қатысушылар функционалды модельдің қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысты, сонымен қатар қажеттілік түрлері туралы білді. Практикалық жаттығулар әлемнің өзіндік бейнесі, сенімдері, қажеттіліктері, мінез-құлық ерекшеліктері, көзқарастар мен көзқарастар қарым-қатынасқа, оның жеткіліктілігіне, шынайылығы мен конструктивтілігіне қалай әсер ететінін түсінуге бағытталған. Қатысушылар өзімен және басқалармен үйлесімді қарым – қатынас бір қарағанда қарапайым құбылыс емес деген қорытындыға келді.

...
Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебі әріптестерімен бірлесе отырып халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді
2023 ж. 24 ақп., жм, 12:57

2023 жылдың 24 ақпанында «Құқықтану ғылымы дамуының заманауи мәселелері мен үрдістері және құқық қолдану практикасының мәселелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталған конференцияны М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Астана халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі, "Мир закона" ғылыми-практикалық журналы, Қазақстан Республикасының адвокаттар алқасы, Санкт-Петербург заң академиясы, сондай-ақ Баишев атындағы университет бірлесе отырып ұйымдастырды. Аталған конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушы құрамы белсенді қатысты. Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Аленов Марат Амрадинович конференцияның секциялық жұмыстарын жүргізіп, «Елдің мемлекеттік-құқықтық дамуы. Цивилистика мен сабақтас құқықтардың қазіргі жағдайы» деп аталатын секцияға модераторлық жасады. Конференция жұмысына ТМД мемлекеттерінің көптеген білікті құқықтанушы мамандары мен білім алушылар қатысты. 

...
«Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылықтарын арттыру жолдары» шеберлік сыныбы
2023 ж. 23 ақп., бс, 05:13

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана халықаралық университетімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт аясында «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Матаева Аглиман  Бултукановна «Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылықтарын арттыру жолдары» атты шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбына «Бастауыш оқыту педагогикасы мен «Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттері мен педагогикалық институт оқытушылары қатысты. 

Шеберлік сыныбы барысында функционалдық сауаттылық компоненттері, оқуды жеке тұлғаға бағыттаудың тәсілдері қарастырылды. «Әліппе» пәнінде бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылықтарын арттыру мәселесі нақты мысалдар арқылы тәжірибелік тұрғыдан талқыланды.