2024 ж. 28 қаз., дс, 07:47
🌟 2024 жылдың 22-23 қазанында «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында еліміздің жалпы орта білім беру мектептерінің гуманитарлық бағыты бойынша мұғалімдерге арналған республикалық оқу семинары өтті. Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жиналып, маңызды тақырыптарды талқылады. 📚
🎯 Семинардың мақсаты — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, олимпиадаға дайындық сапасын арттыру, және оқушыларға қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу. Қатысушылар Астана халықаралық университетінің доценті, ф.ғ.к. Ғалиябану Кабиевна Резуанова; п.ғ.к., доцент Талғатбек Дүйсенбекович Абжаков; және ф.ғ.к., аға оқытушы Жанар Бериковнаның баяндамаларын тыңдап, өздері үшін тың және аса қажетті мағлұмат алды. 👩🏫
💡 Тәжірибелі оқытушылар бірнеше маңызды тақырыптарды қозғады:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу бойынша толығырақ ақпарат беріп, мектеп мұғалімдерін ғылыми ізденіске баулу 📝;
- Эссе жазу талаптары мен оны бағалау критерийлерімен бөлісті ✍️;
- Олимпиадаларда жиі кездесетін қателіктерді және олардан қалай сақтануға болатынын айтып, маңызды кеңестер берді 🎓.
💬 Семинар соңындағы кері байланыс кезінде мұғалімдер екі күндік оқу барысында көптеген пайдалы мәлімет алғандарын, өздерінің білмей жүргендерін түсініп, жұмысындағы қателіктерін ұққандарын қуана жеткізді. Олар Астана халықаралық университетінің ұстаздарына шын жүректен алғыс айтып, үйренгендерін болашақта қолданатындарын жеткізді. 🙏
🌍 Республикалық семинарға қатысушылар Астана халықаралық университеті жайлы да көп ақпарат алды. Онда қандай мамандықтар бар екені, студенттік өмір қалай өтіп жатқаны жайлы мәліметтерді естіп, бұл туралы өз оқушыларына міндетті түрде айтып беретіндерін жеткізді. 🌟
🤝 Екі күндік семинар мұғалімдер үшін де, оқу ордамыз үшін де пайдалы әрі ынталандырушы болды, болашақта білім беру саласындағы байланыстарды нығайтуға үлес қосары сөзсіз!