Кездесудің мақсаты - агенттіктің
негізгі қызметімен таныстыру. Іс-шараға қатысушылар қатарында: Давыдов Андрей
Владимирович, ҚМА
превенция және аналитикалық әзірлемелер департаментінің превенция басқармасының
басшысы, Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі, Каусов Асхат Кубашевич, ҚМА Кадрлар жұмыс
департаментінің кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының аса маңызды істер
жөніндегі жедел уәкілі, Гани Сутбаев, ҚМА Кадрлар жұмыс департаментінің
кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының аға жедел уәкілі, Асел Қайржанқызы, ҚМА Кадрлар жұмыс
департаментінің кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының бас кеңесшісі.
Спикерлер дәріс оқып, қаржылық
пирамидаларға қарсы тұру туралы айтып, құмар ойынға тәуелділік, ақшаны
жылыстату және терроризмді қаржыландыру, криптовалютаны заңсыз айырбастау
мәселелеріне назар аударды.
Студенттер қаржылық мониторинг
агенттігіне жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Агенттік
өкілдері заманауи технологияларды меңгерген түлектерді өз қатарына қабылдауға
дайын екендерін аттап өтті.
Мұндай кездесулер түлектердің
болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағдар алуы үшін өте маңызды.
Іс-шараға
Құқық жоғары мектебінің декан орынбасары Сеиллханов Жанат Дүйсенбайұлы және
Астана халықаралық университетінің ҚЖМ, ЭЖМ - нің 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.