2023 ж. 9 жел., сб, 12:35
Астана халықаралық университетінің магистранттары мен докторанттарына әлемге әйгілі геолог-физик, Наньянг технологиялық университетінің (NTU Singapore) профессоры Саймон Редферн дәріс оқиды! QS World University Ranking 2024 деректері бойынша бұл университет әлемде 26-шы орында.
Профессор Саймон Редфернқазіргі кезде университеттің Ғылым колледжінің деканы қызметінде. Профессор Кембридж университетіндегі жұмысымен танымал, ол Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментін, сонымен қатар британдық университеттердегі докторантураны дамыту бағдарламасын басқарған.
Оның 260-тан астам ғылыми мақалалары бар, Хирш индексі 58 (Scopus), 56 (WoS), 65 (Google scholar). Ғалымның зерттеулері жоғары температура мен қысым жағдайында минералдардың қасиеттерін зерттеуге бағытталған.
7 желтоқсанда университет президенті Серік Азтайұлы Ирсалиев пен профессор Саймон Редферннің кездесуінде екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бағыттары мен мүмкіндіктері талқыланды. Профессор Редферн Сингапурдағы білім беру жүйесінің дамуы, жас университеттің тарихы туралы айтып, университеттің бүкіл әлемдегі академиялық және өндірістік серіктестермен байланыс орнатудағы табысты тәжірибесімен бөлісті.
Астана халықаралық университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік үздік университеттердің әлемге әйгілі ғалымдарын шақыруға мүмкіндік бергені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысын білдіреді.