Наньян технологиялық университетінің профессоры Саймон Редферн Астана халықаралық университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына «Тұрақтылық және қоршаған ортаның өзгеруі» курсынан дәріс оқуда

2023 ж. 12 жел., сс, 12:37

Наньян технологиялық университетінің профессоры Саймон Редферн Астана халықаралық университетінде жаратылыстану ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына «Тұрақтылық және қоршаған ортаның өзгеруі» курсынан дәріс оқуда. 8 желтоқсан күні профессор ашық дәріс өткізіп, оған барлық мамандықтардың магистранттары, сондай-ақ AIU-да ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ЕҰУ магистранттарын да шақырды.

Дәріс барысында профессор Редферн биологиялық түрлердің жойылуына антропогендік әрекеттердің зиянды әсері туралы айтты. Дәріс интерактивті форматта өтті, магистранттар мен докторанттар планетамыздың болашағы туралы ой қозғап, адамзаттың қоршаған ортаға әсерінің жаһандық ауқымын талқылады.


Тыңдаушылар лектордың кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Профессор университетке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырылғанын және Астана халықаралық университетінде көрнекті ғалымның дәрістеріне барлығы қатыса алатынын еске саламыз!


843