Астана халықаралық университетінде Наньян технологиялық университетінің оқытушысы, Ксиаолэей Фэнг (Xiaolei Feng) Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі мен Педагогикалық институт оқытушылары мен студенттеріне ғылыми-әдістемелік семинарлар жүргізді

2023 ж. 20 жел., ср, 12:41

Астана халықаралық университетінде Наньян технологиялық университетінің оқытушысы, Ксиаолэей Фэнг (Xiaolei Feng) Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі мен Педагогикалық институт оқытушылары мен студенттеріне ғылыми-әдістемелік семинарлар жүргізді.

Ксиаолей Фэнг Кембридж университеті PhD ғылыми дәрежесін алған, Қытайдағы Цзилинь университетінің физика факультетінде конденсацияланған заттар физикасы бойынша бакалавр және PhD дәрежесін қорғаған. Шанхай және Бейжіңдегі (Қытай) Жоғары қысымды ғылыми-зерттеу және технологияны жетілдіру институтында (HPSTAR) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ол 2022 жылы Наньян технологиялық университетінің Материалдық инженерия кафедрасына келгенге дейін Қытайдың Сычуань университетінің Табиғи апаттарды басқару және қалпына келтіру институтында ассистент профессоры болып жұмыс істеді.

Доктор Фенг тұрақты даму мақсаттары және оларды білім беру үдерісіне қалай енгізуге болатынын, сондай-ақ Наньян технологиялық университетінде қолданылатын озық/инновациялық оқыту әдістері туралы дәріс оқыды. Студенттер мен оқытушылар құрамы спикер мен ұйымдастырушыларға (педагогикалық институт оқытушысы Г.С. Сағымбаева мен А.Б. Қажығалиева) алғыстарын білдірді.


2194