Қазіргі әлемде табысты көшбасшылар экономикалық сын-қатерлер мен даму перспективаларын терең түсінуге ұмтылады. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арналған Студенттік стратегиялық сессия 2023 жылғы 8-9 желтоқсан аралығында ЭКСПО базасында өтті. Бұл іс-шара Экономика жоғары мектебінің студенттері үшін аналитикалық және стратегиялық дағдыларды дамытудағы маңызды оқиға болды.
Сессия барысында студенттер Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі аспектілерін белсенді талқылады, ағымдағы үрдістер мен болжамды перспективаларды талдады. Инвестициялармен, инновациялармен және негізгі салаларды дамытумен байланысты мәселелер талқылаудың басты тақырыбына айналды.
Стратегиялық жоспарлауға және жаһандық факторлардың Қазақстан экономикасына әсеріне ерекше назар аударылды. Студенттер даму сценарийлерін белсенді түрде әзірледі және ұлттық экономикалық мүдделерді қолдау үшін нақты ұсыныстар берді.
Бұл стратегиялық сессия Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының мәніне енуге бірегей мүмкіндік беріп қана қоймай, ұжымдық талқылау мен идеялармен алмасудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар осындай маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін терең алғыстарын білдірді. Ең белсенді студенттерге "Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы" ҚҚ серіктесінен фасилитациялық сессиядан өткені туралы сертификаттар табысталды.