Жаңалықтар

...
Ақпараттақы технологиялар және инженерия жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD Тасболатұлы Нұрболат Ұлыбритания елінің Линкольн университетінде Болашақ халықаралық бағдарламасы аясында....
2023 ж. 22 қар., ср, 05:58

Ақпараттақы технологиялар және инженерия жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD Тасболатұлы Нұрболат Ұлыбритания  елінің Линкольн университетінде Болашақ халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтуде (ағылш. University of Lincoln).

Линкольн университеті Англияның шығысындағы Линкольн қаласында орналасқан. Университет өз тарихын 1861 жылдан бастап жүргізеді және 1996 жылы университет мәртебесін алды. Қазіргі уақытта университеттің заманауи сәулеті бар және әлемнің түкпір-түкпірінен 15000-нан астам студенттер оқиды. Линкольн университеті QS World University Rankings-ті қоса алғанда, әйгілі рейтингтік ұйымдардың нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің қатарына кіреді, сондай-ақ 2023 жылғы Times Higher Education жас университеттерінің рейтингінде, әлемдегі ең үздік 150 университеттің қатарына кіреді.

Тасболатұлы Н.: «Жоғары оқу орындарының ғалымдарына арналған Болашақ халықаралық бағдарламасының ғылыми тағылымдамалары – бұл өз ғылыми қызығушылықтары саласында практикалық тәжірибе алуға ғана емес, сонымен қатар тілдік дағдыларды арттыруға да тамаша мүмкіндік. Ғылыми тағылымдама шеңберінде степендиаттар кәсіби даму үшін, сондай-ақ өз білімдерін жаңарту және IT саласындағы соңғы үрдістермен және технологиялармен танысу мүмкіндігіне ие.

Тағылымдама барысында біз қонақ дәрістерге, семинарларға, Линкольн университетінің ғана емес, Ұлыбританияның басқа қалаларының конференцияларына қатысуға мүмкіндігіміз бар. Тағылымдама аясында Глазго, Эдинбург, Ливерпуль және Кембридж сияқты қалалардың IT конференцияларына қатыстық.

Линкольн университетінің кампустарындағы атмосфера Халықаралық студенттер үшін қауіпсіз және қонақжай, сонымен қатар жергілікті тұрғындар да мейірімді. Тағылымдама маған мәдениетаралық коммуникация саласында үлкен тәжірибе берді!» 

...
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2023 ж. 21 қар., сс, 05:44

Сенім мен өзара сыйластық қағидаттары негізінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім беру процесіне, ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу және Құқық Жоғары мектебінің білім алушыларының тәжірибелік дағдыларын қолдану мақсатында ағымдағы жылдың 20 қарашасында Астана халықаралық университеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумда Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Құқық Жоғары мектебінің білім алушыларының кәсіптік (оқу, оқу-таныстыру, өндірістік, диплом алдындағы, зерттеу) тәжірибелерін өткізу көзделген.

Бұдан бұрын Астана Халықаралық университеті Құқық Жоғары мектебі, Экономика жоғары мектебі және Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды жазуда бірлесіп басшылықты жүзеге асыру және консультациялар беру үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің профессорлық-оқытушылық және әкімшілік білікті құрамын тарта отырып, теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми және өзге де диссертациялық зерттеу жобаларын ұйымдастыру және жүргізу көзделген. 

Кадрмен жұмыс департаментінің басшысы Нұрлан Қайыржанұлы Адалиев студенттерге Агенттік қызметінің ерекшелігі мен Мемлекет Басшысы қойған басым міндеттері туралы айтты.

Сонымен қатар, түлектерге мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің артықшылықтары жайлы, жұмысқа орналасу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттерге қаржылық пирамидалармен, ойынға тәуелділікпен (лудомания) байланысты алаяқтық әрекеттерден өздерін қорғау шаралары туралы дәріс оқылды.

Іс-шараға Құқық жоғары мектебінің деканы Хайрмұханмедов Нұрбек Исабайұлы деканның орынбасары Сеиллханов Жанат Дүйсенбайұлы, топ кураторы Жамбаев Ержан Сагынханович және Астана Халықаралық университетінің ҚЖМ, ЭЖМ және АТжИЖМ-нің 3,4 курс студенттері. қатысты.


...
АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ӨКІЛІНІҢ «НАШАҚОРЛЫҚ-ҚАУІПТІ ІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӘРІСІ ӨТТІ
2023 ж. 16 қар., бс, 13:03

2023 жылғы 14 қарашада Астана Халықаралық университеті студенттеріне Құқық жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласы Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Тамаев Ерқанат Ермаханұлымен кездесу өткізілді. 

Ерқанат Ермаханұлы жастардың нашақорлық мәселесі бүгінде бүкіл әлемде проблемаға айналып отырғанын атап өтті. Себебі он нашақордың тоғызы толық емделуі екіталай. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін өмір сүрмейді. Есірткіні қолданушылардың негізгі бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағы жастар. Алайда, өкінішке орай, соңғы кездері есірткі қолданатындардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Сондықтан прокуратура мен жастар жөніндегі құзыретті органдардың өкілдері нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты бірінші орынға қояды.

Ерқанат Ермаханұлы өсімдік және синтетикалық есірткі заттары мен олардың қосылыстары туралы айтып берді. Олар әртүрлі топтарға жатады: таза түрінде қолданылатын өсімдік тектес есірткі заттары (марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар); химиялық өңдеуден өтетін өсімдік тектес есірткі заттары (гашиш, апиын, морфин, героин, кокаин және т. б.); және синтетикалық есірткі заттары (мефедрон, экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар және т. б.).

Сондай-ақ, дәріскер есірткіні заңсыз пайдаланғаны, дайындағаны, сақтағаны, сатып алғаны, тасымалдағаны, сатқаны және жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылатынын ескертті. Қорытындылай келе, Ерқанат Ермаханұлы нашақорлық адам денсаулығына ғана емес, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіретінін атап өтті.

Студенттерге прокурордың кәсіби тәжірибесінен нақты мысалдар келтірілді, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

...
ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІІНІҢ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫНА ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЭКСКУРСИЯ
2023 ж. 16 қар., бс, 13:00

Ұлттық валюта күніне және қаржыгер күніне жоспарланған іс-шаралар аясында 2023 жылғы 15 қарашада Астана Халықаралық университетінің "Қаржы" ББ бірінші курс студенттері ЭЖМ оқытушысы Г.А. Қадырованың жетекшілігімен ҚР Ұлттық Банкінің Орталық филиалының мұражайына барды.

Экскурсия барысында студенттер ұлттық валюта – теңге, оның шығу тегі, дамуы және бірегейлігі туралы ақпарат алды. Олар бүгінде 18 дәрежелі қорғанысқа ие қазақстандық теңге әлемдегі ең қорғалған валюталардың қатарына кіретінін білді. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының кассалары бағалы металдардан – алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды сатуды жүзеге асырады.

Биыл қазақстандық теңге өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы күнге орай Қазақстан Ұлттық Банкі ақбөкен, ирбис, бүркіт, төбет және тазы бейнеленген жаңа банкноттарды, сондай-ақ "Көрнекті оқиғалар мен адамдар" монеталар сериясынан TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

...
25 қазанда Астана халықаралық университеті мен Каид-и-Азам университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
2023 ж. 16 қар., бс, 09:04

25 қазанда Астана халықаралық университеті мен Каид-и-Азам университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. (Quaid-i-Azam University, Исламабад қ.) Каид-и-Азам университеті 2024 жылғы Times Higher Education (THE) университеттердің әлемдік рейтингісінде топ 401-500 орында. Сондай-ақ, QS Халықаралық рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік 320 университет қатарына кіреді, ол инженерия мен технологияда, жаратылыстану ғылымдарында, медициналық-биологиялық ғылымдарда, әлеуметтік ғылымдар мен менеджментте ең дамыған университеттердің бірі болып табылады.

Меморандум шеңберінде Каид-и-Азам университеті ботаника кафедрасы мен Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі біріккен ғылыми шаралар мен жобалар бойынша жұмыс жасауға уағдаласты.

В рамках меморандума кафедра ботаники Университета Кайд-и-Азам и Высшая школа естественных наук Международного университета «Астана» договорились о совместной научной работе.

...
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық Институты «Жастар арасында интернет алаяқтық, лудомания және есірткі-тасымалдау әрекеттерін ескерту және алдын алу» тақырыбында бірқатар қонақтық....
2023 ж. 14 қар., сс, 03:06

Қазіргі уақытта әлемде интернет-алаяқтық, ойын құмарлық және есірткі-тасымалдау әрекеттер тақырыбының өзектілігі күн сайын артып келеді, осыдан зардап шеккендердің осы тақырыптар турады хабарсыз болғандықтан және де сондай жағдайға тап болған кезде қалай жауап беру керектігін және не істеу керектігін білмейтін адамдар болып табылады. Осыған байланысты, 2023 жылғы 06-11 қараша аралығында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық Институты «Жастар арасында интернет алаяқтық, лудомания және есірткі-тасымалдау әрекеттерін ескерту және алдын алу» тақырыбында бірқатар қонақтық дәрістер өткізді. Тікелей осы мәселелермен айналысатын және осы сұрақтар төңірегінде үлкен тәжірибелері бар Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері шақырылды. Педагогикалық институтта 19 қонақ дәріс сағаттары өткізілді, онда 182 студенттік топ, 2771 студенттер қатысты. Дәрістер өте қызықты өтті, студенттер көптеген сұрақтар қойып, кері байланысып отырды, оларға қонақтарымыз алаяқтармен, лудоман және т.б. проблемаларды болдырмау үшін толық жауаптар мен нұсқаулар берілді. Студенттер өмірлік маңызды білім алып, қонақтарымызды қуана қарсы алды.

С. Дюсупова

...
Астана халықаралық университеті Шэньчжэнь университетімен және Қытай Халық Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясымен ынтымақтастықты дамытуда
2023 ж. 10 қар., жм, 09:57

Астана халықаралық университеті Шэньчжэнь университетімен және Қытай Халық Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясымен ынтымақтастықты дамытуда.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында елордамызда Астана халықаралық университетінің (АХУ) өкілдері Шэньчжэнь университетінің делегациясымен кездесті. Әңгіменің тақырыбы алдағы өзара іс-қимылдың перспективаларын анықтау болды.

Атап айтқанда, тараптар академиялық алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу нәтижесінде университеттер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік пен білім алмасуға негіз болатын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Шэньчжэнь университетінің проректоры Ли Юнхуа мырза жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, AIU-ді келесі жылы бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді егжей-тегжейлі зерделеу үшін Қытай университетіне шақырды.

AIU өкілдері сондай-ақ ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының (ҚХР ҒА) делегациясымен кездесті. Қонақтарға университеттің, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулермен айналысатын құрылымдық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметінің нәтижелері ұсынылды.

ҚХР АОН сарапшылары бірлескен ғылыми зерттеулерді, соның ішінде Азия-Еуропа құрлық-теңіз көлік дәлізі ғылыми-зерттеу институтының жобалары аясында жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар негізгі нәтижелер мен қорытындыларға арналған ғылыми мақалалар мен шолулар дайындау туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақ-қытай қарым-қатынасының «алтын отыз жылы».

Бұл кездесулер екі елдің студенттері мен ғалымдарының білім беру тәжірибесін байыту үшін оқу орындарының халықаралық байланыстарды кеңейтуге және ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылысын көрсетеді. AIU және оның серіктестері болашақта академиялық байланыстар мен бірлескен бастамаларды нығайту бойынша жұмысты жалғастырады.

...
2023 жылдың 2 қарашасында Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық Институтында акт залында қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, публицисті және қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт....
2023 ж. 4 қар., сб, 16:38

2023 жылдың 2 қарашасында Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық Институтында акт залында қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, публицисті және қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Поэзия бізді алысқа шақырады ...» атты Әдеби қонақ бөлмесінің алғашқы отырысы өтті. Зал қатысушыларды қызу қолдауға келген университеттің оқытушылары мен студенттеріне толы болды.

Доцент Т.Д.Абжаков пен оқытушы Р.И.Нарманованың жетекшілігімен 1-2 курс студенттері тұсаукесер, бейнеролик, С.Торайғыровтың шығармаларын көрнекі оқуын дайындады, сондай-ақ өз өлеңдерін назарға салды. Көрермендер сахнада өнер көрсеткен Қабылбек Қарақат, Жайсан Қарақат, Әубәкірова Жұлдыз, Болатова Диляра, Смайыл Гүлфайруз, Оразай Диляра, Сембаев Ілияс және Құрбаналиев Кенжебай секілді түрлі мамандықтардың студенттерін зор ықыласпен қарсы алды.

Әдеби қонақ бөлмесінде ақынның шығармашылығын зерттеу және "Сұлтанмахмуттану" авторлық курсын құру туралы әңгімелеген доцент Ж.Е. Күзембаев және педагогикалық институт деканының орынбасары С.Т.Дюсупова қатысушыларды және жетекшілерді әдеби кешті ұйымдастырумен және өткізумен құттықтады.

Кеш соңында әдеби қонақүйге белсенді қатысқан студенттер Педагогикалық институт деканатының грамоталарымен марапатталды.

...
AIU «ToxicNet» химиялық қауіпсіздік, ТОЛ және ескірген пестицидтер ұлттық желісінің мүшесі болды
2023 ж. 3 қар., жм, 03:57

AIU «ToxicNet» химиялық қауіпсіздік, ТОЛ және ескірген пестицидтер ұлттық желісінің мүшесі болды.

Желіні «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» қоғамдық қоры FAO/GEF «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің циклін басқару және  ТОЛ-пестицидтерін жою» жобасы аясында құрды.

Желінің мақсаты – жергілікті тұрғындардың, ҮЕҰ және басқа да мүдделі тараптардың улы заттармен, соның ішінде ТОЛ және ескірген пестицидтермен ластануы туралы хабардарлығын арттыру және осы ластануды азайту және алдын алу бойынша ортақ әрекеттер үшін серіктестерді біріктіру.

«ToxicNet» желісінің мүшесі ретінде қатысу улы заттарды, соның ішінде тұрақты органикалық ластаушы заттарды (ТОЛ) және ескірген пестицидтерді қауіпсіз басқару туралы ақпараттандырылған қоғамды құру үшін маңызды.