2024 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің профессоры Исидор Шамилович Борчашвилиге құттықтау хат жолдады.
Мемлекет басшысы Исидор Шамиловичтің қатардағы құқық қорғау органының қызметкерінен көрнекті ғалымға дейін жеткен еңбек жолын ерекше атап өтті. Бұл оның қажырлы еңбегінің, терең білімі мен жоғары кәсіби шеберлігінің жемісі екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Президент Исидор Шамиловичтің дарынды заңгерлер мен заңгер ғалымдардың бір емес, бірнеше буынын тәрбиелеп шығарғанын, ұлттық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосып, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүргенін баса айтты.
Құттықтау хатында Мемлекет басшысы Исидор Шамиловичке зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.