Жаңалықтар

...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «El.Ruh.Öner.» студенттік көрме
2025 ж. 9 жел., сс, 12:47

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында Астана халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ел тарихының кезеңдерін, мәдени дәстүрлерін және қазіргі заманғы дамуын шығармашылық тұрғыда бейнелейтін студенттік көрмені ұсынады.

Көрменің мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің өнер, ғылым және жаңа буын шығармашылығының дамуына тірек ретіндегі маңыздылығын айқындау, сондай-ақ студенттердің таланттарын таныту мен кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң қалыптастыру.

Өнер сүйер қауымды, оқытушыларды, студенттерді және шығармашылық мамандарды көрмені тамашалауға және жас суретшілерді қолдауға шақырамыз.

2025 жылғы 11 желтоқсан, 11:00
Өтетін орны: : Астана қ., М. Әуезов көшесі, 46/1

Ұйымдастырушы: Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі

...
Сақ дәуірінің археологиялық мұрасы: AIU-де профессор Ұлан Үмітқалиев дәріс оқыды
2025 ж. 8 жел., дс, 05:55

Бүгін Астана Халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде Қазақ көшпелі өркениеті модулі аясында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлан Үмітқалиевтің Сақ кезеңінің өркениеті: археологиялық талдау атты мазмұны терең дәрісі өткізілді.

Шара барысында тыңдаушылар сақ дәуіріне қатысты жаңа ғылыми зерттеулермен, археологиялық деректерді талдаудың қазіргі әдістемелерімен танысты. Профессор өз дәрісінде сақ қоғамының әлеуметтік құрылымына, материалдық мәдениетіне, мифологиялық дүниетанымына және Еуразия кеңістігіндегі ықпалына тоқталып, соңғы жылдардағы археологиялық жаңалықтарды кеңінен қамтыды.

Дәріске Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Дизайн бағыты бойынша оқытушылары мен студенттері қатысып, өркениет тарихына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Дәріс барысында ғалым сақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, жерлеу дәстүрлері, бұйымдар стилі мен символикасы, сондай-ақ Еуразия даласындағы көшпелі мәдениеттердің өзара ықпалдастығы туралы тың ғылыми пайымдарын ортаға салды. Ұлан Үмітқалиұлы археология саласындағы соңғы зерттеулерге сүйене отырып, көшпелілер өркениеті ұғымының ғылыми негізін нақты деректермен дәлелдеп, бүгінгі отандық археологияның жетістіктері мен өзекті бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Ғалым атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан өңірлерінен табылған 8 «Алтын адам» кешені - сақ дәуірі мәдениетінің жоғары көркемдік деңгейі мен күрделі идеологиялық жүйесінің айқын дәлелі болып табылады.

Сонымен қатар, қазақ даласында шамамен 20 мыңға жуық ерте темір дәуіріне жататын қорғандар мен қоныстардың әлі толық зерттелмегені, бұл бағыттың болашақ жас археологтар үшін маңызды ғылыми алаң екені ерекше аталды. Дәрісте ұсынылған әрбір слайд материалдары археологиялық деректерге, радиокөміртекті талдауларға, петрографиялық зерттеулерге және салыстырмалы мәдени талдауларға негізделген нақты ғылыми фактілермен толықтырылған. Бұл тың ақпараттар студенттер мен магистранттардың ғылыми көзқарасын кеңейтіп, зерттеушілік бағыттағы ынтасын арттыра түсті. 

...
AIU студенттері суретші Абдрашит Сыдыхановтың «TANBA» көрмесіне барды
2025 ж. 8 жел., дс, 05:18

25 қараша күні  «ТжКБ» БББ студенттері Абдрашит Сыдыхановтың шығармашылығына арналған «Kulanshy Forte» арт-кеңістігіндегі көрмеге барды. «TANBA» («ЗНАКИ») деп аталатын экспозиция суретшінің бірегей көркемдік тілін ашып көрсетеді.

Абдрашит Сыдыханов - символдар арқылы сөйлей отырып, шынайылық пен тереңдікті жоғалтпай жеткізе алатын санаулы суретшілердің бірі. Оның туындылары жердің лебін, кең даланың тынысын және уақыт пен кеңістікті өзіне сіңіріп жіберетін жарықты сезіндіреді. Ол күнделікті құбылыстан мәңгілікті, ал таңба мен белгі ішінен әлемнің әуезін көре білген ерекше дарын иесі еді.

Суретші жиі айтатын: нағыз өнер бейнелемейді, қайта жаңғыртады. Дәл осы сезім оның картиналарының алдында тұрған кезде пайда болады: олар көрерменге тірі кеңістік ретінде ашылып, оны диалогқа шақырады және жай суреттен әлдеқайда терең дүниеге куә етеді.

Бұл көрмеге бару студенттер үшін маңызды әрі шабыттандыратын тәжірибе болды. Олар суретшінің терең символикалық әлемімен танысып, автор өмірден өтсе де, өнердің өз өмірін жалғастыра беретін қуатын сезіне алды.


 

...
AIU студенттері мен оқытушылары танымал қылқалам шеберлері Вагиф Рахмон мен Гүлшат Джураевалардың «Мәңгілік махаббат» атты көрмесін тамашалады
2025 ж. 8 жел., дс, 04:03

13 қарашада елордалық HasSanat галереясында Қазақстанның аңызға айналған мүсіншісі Вагиф Рахмон мен қолданбалы өнер суретшісі Гүлшат Джураеваның «Мәңгілік махаббат» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Әдеттегідей көрмеге Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері шақырылды. Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне сондай-ақ Астанадағы әзірбайжан диаспорасының өкілдері, белгілі қазақстандық суретшілер, өнертанушылар және елорда қонақтары қатысты.

Экспозиция  «Графикалық дизайн» магистранттары мен студенттері және олардың оқытушылары арасында үлкен қызығушылық пен белсенді талқылау туғызды. В. Рахмон мен Г. Джураеваның шығармашылығын олардың көркемдік контентімен тікелей байланыста талдау «Қазақстан заманауи өнерінің мәдени контексті мен көркемдік дәстүрлері» атты жаңа оқу пәнінің бір бөлігіне айналды. Сонымен қатар көрмеге 2-курс студенттері де қызығушылықпен қатысқанын атап өткен жөн.

Қауымдастырылған профессор, сәулет ғылымдарының кандидаты Киселева Т. А., доцент, философия ғылымдарының кандидаты, өнертанушы Поваляшко Г. Н.

...
AIU студенттері өнерді біріктірген «Urban Nomads» симпозиумына қатысты
2025 ж. 30 қаз., бс, 04:08

22–25 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігі мен Суретшілер одағы ұйымдастырған «ӨзЖерім: Urban Nomads» республикалық симпозиумы ÓzgeEpic Creative Hub арт-кеңістігінде өтті. Іс-шараға «Графикалық дизайн», «WEB-дизайн», «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері мен «Дизайн» мамандығының 1-курс магистранттары қатысты.

Симпозиум бағдарламасына Қазақстанның сегіз аймағынан келген жиырма суретшінің шығармашылық сессиялары, дәрістері мен шеберлік сабақтары енді. Қатысушылар урбанизм, тұлғалық бірегейлік және кеңістікті түрлендіру тақырыптарын зерттеді.

Студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерболат Төлепбайдың көрмесіне арналған экскурсияға қатысты. Экскурсияны еліміздің танымал өнертанушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Камилла Витальевна Ли жүргізді.

Симпозиумның қорытындысы ретінде 40 жұмыс пен бір үлкен эксперименттік кенептен тұратын көрме өтті.
Сонымен қатар, «WEB-дизайн» және «Архитектуралық дизайн» мамандығының студенттері ÓzgeEpic Creative Hub кеңістігін өз бетімен аралап, қазақстандық заманауи өнердің жаңа үрдістерімен танысты.
Аға профессор Т.А. Киселева, доцент Г.Н. Поваляшко

...
AIU-да Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің үздіктері наградталды
2025 ж. 28 қаз., сс, 12:46

Бүгін Астана халықаралық университетінің Президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы 25 қазан - Республика күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканның орынбасары Дауменова Элла Талгатовна және   архитектура кандидаты, қауымдастырылған професссор Киселева Татьяна Александровнаны «ҚР Мәдениет саласының үздігі»  төсбелгісімен марапаттады. 

Aстана халықаралық университеті марапат иелерін шын жүректен құттықтайды. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен еңбектеріңіз ел мәдениеті мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми еңбектеріңіз табысты болып, жаңа жетістіктер мен биік белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

...
AIU-де «Шығармашылық және AI: студенттік жобалар» көрмесі өтті
2025 ж. 1 қаз., ср, 11:49

Астана халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Шығармашылық және AI: студенттік жобалар» атты көрме өтті. Шара оқу және шығармашылық жұмыстарда жасанды интеллектіні қолдануға арналды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын  атап өткендей,«ЖИ дамуы – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, ол ел егемендігін нығайтудың, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің қажетті шарты».

AIU осы стратегиялық күн тәртібін қолдай отырып, білім беру процесіне заманауи цифрлық құралдарды белсенді енгізуде. Университет цифрлық құзыреттерді, креативті ойлауды және оқытудың инновациялық тәсілдерін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Көрмеде студенттер жасанды интеллектінің көмегімен жасалған дизайн-жобаларын, визуалды концепцияларын, цифрлық шешімдері мен зерттеу жұмыстарын ұсынды. Экспозицияның басты мақсаты – заманауи технологиялардың креативті әлеуетті ашуға, зерттеу белсенділігін арттыруға және кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігіне айналып отырған инновациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға қалай ықпал ететінін көрсету.

Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Ыбырай С.Б.
«Бүгінде жасанды интеллект кәсіби дайындықтың маңызды бөлігіне айналуда. Біз студенттеріміздің уақытпен қатар қадам басып қана қоймай, болашақта сұранысқа ие болатын жобаларды жасау арқылы оны озып отыруына ұмтыламыз»,- деді.

Көрменің кураторлары Иманғалиева Г.А. мен Дауменова Э.Т. өз ойларын білдірді.
«Біз студенттердің жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оларды өз идеялары мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру құралы ретінде пайдаланып жатқанын көріп отырмыз», – деді.

Осылайша, «Шығармашылық және AI: студенттік жобалар» көрмесі студенттік идеялардың көрсетілімімен қатар, тәжірибе алмасу мен адам мен технология өзара әрекеттестігінің жаңа формаларын іздеу алаңына айналды. Ол жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне интеграциялаудың маңыздылығын айқындап, AIU студенттерінің болашақ әлемінің көшбасшылары болуға дайын екенін көрсетті.

...
Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
2025 ж. 29 қыр., дс, 05:21

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Қысқаша өмірбаяны
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген.

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша (бакалавриат) тәмамдады. 2006–2008 жылдары «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2011 жылы докторантураны аяқтап, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.

Жұлдыз Сүлейменова еңбек жолын академиялық ортада бастап, жоғары оқу орындарында дәріс берді және жастар саясаты мен білім саласында басшылық қызметтер атқарды. Ақтөбе институтында, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, Халықаралық бизнес академиясында және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қызмет етті. 2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-да білім саясаты мен даму бағыттарын басқарды. 2021–2023 жылдары Nur Otan партиясынан ҚР Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болды, ал 2023 жылдан бері Amanat партиясынан VIII шақырылымның депутаты.

AIU-да
2025 жылы Жұлдыз Сүлейменова Astana International University академиялық қауымдастығына қосылып, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Философия» пәнінен дәріс берді.

Astana International University Жұлдыз Сүлейменованың тағайындалуы оның кәсіби жетістіктерін көрсетеді және университет үшін маңызды оқиға болып табылады.

...
AIU-де шығармашылықты қорғайтын құқық туралы дәріс өтті
2025 ж. 26 мам., дс, 10:36

2025 жылғы 24 мамырда Astana International University-дің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде авторлық құқық және оның креативті индустриядағы рөліне арналған дәріс өтті. Шақырылған спикер – зияткерлік меншік құқығы саласының сарапшысы, PhD Темирлан Төлегенов.

24 жылдық тәжірибесі бар заңгер және авторлық құқық бойынша оқытушы Темирлан Төлегенов дәріске қатысушыларға авторлық және сабақтас құқықтардың негізгі қағидаларын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Дәріс студенттер, оқытушылар мен шығармашылық кәсіп өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

🔹 Дәріс барысында спикер келесі мәселелерді қамтыды:

  • авторлық және сабақтас құқықтардың айырмашылығы;

  • мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар;

  • лицензиялау және құқықты беру механизмдері;

  • авторлық және сабақтас құқықтарды заңды түрде тіркеу;

  • интернеттегі құқықбұзушылықтар мен open source өнімдерін пайдалану тәуекелдері;

  • Қазақстандағы авторлық құқықты қорғау ерекшеліктері;

  • авторлық қоғам мен музыкалық баспаның айырмашылығы.

Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ғылыми-білім беру мақсатында бөтен контентті қолдануға байланысты заманауи құқықтық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

📍 Іс-шара Creative Industries Alliance of Qazaqstan бастамасымен ұйымдастырылды.

AIU университеті Темирлан Төлегеновке мазмұнды дәрісі мен пайдалы мәліметтері үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, белсенді қатысып, шығармашылық құқық мәселесіне қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

...
AIU республикалық олимпиадаларда архитектуралық және өнеркәсіптік дизайн бойынша: тамаша жетістіктер, шеберлік пен креативтілікті мойындау!
2025 ж. 12 мам., дс, 05:39

2025 жылғы 24-25 сәуірде Алматы қаласында, Халықаралық білім корпорациясында (ҚазГАСА) Б031 «Сән, дизайн» білім беру бағдарламалары тобының пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті («Архитектуралық дизайн» және «Өнеркәсіптік дизайн» ББ).

Олимпиаданың I турының нәтижелері бойынша, ол 2025 жылдың 1 сәуірінде «Астана халықаралық университеті» ЖШС-де өткізілді, «Архитектуралық дизайн» ББ бойынша ВШИГН-нен келесі 4 қатысушы жіберілді: Маханбетова Әдия, Сүгірова Адэма (3 курс) және Рақымжан Жанмерей, Ерғалиева Дильназ (4 курс); «Өнеркәсіптік дизайн» ББ бойынша 3 қатысушы: Құспан Фатима, Тұңғышбай Динара (3 курс) және Орал Томирис (4 курс).

Топ жетекшілері болып архитектура кандидаты Киселева Т.А. және аға оқытушы Иманғалиева Г.А. тағайындалды.

Олимпиаданың шығармашылық тапсырмалары белгіленген тақырып бойынша практикалық жұмыс (блиц-жоба) форматында орындалды. Студенттер шығармашылық, позитивті атмосферада жұмыс істеп, жоғары композициялық және графикалық мәдениетті көрсетті.

Біздің нәтижелеріміз:
Сүгірова А.Ж.ҚР ҒЖБМ
II дәрежелі дипломы (жет. доц. Киселева Т.А.)
Орал Т.Ж.ҚР ҒЖБМ II дәрежелі дипломы (жет. маг. Алиева А.Н.)
Тұңғышбай Д.Т. ҚР ҒЖБМ II дәрежелі дипломы (жет. маг. Дауменова Э.Т.)
Ерғалиева Д.Е.ҚР ҒЖБМ III дәрежелі дипломы (жет. доц. Фендт Ю.Б.)
Құспан Ф.С.ҚР ҒЖБМ III дәрежелі дипломы (жет. маг. Иманғалиева Г.А.)
Маханбетова А.А. – «Vertex Studio» ЖШС-нің I дәрежелі дипломы (жет. доц. Фендт Ю.Б.)
Рақымжан Ж.Б.«Vertex Studio» ЖШС-нің III дәрежелі дипломы (жет. доц. Киселева Т.А.)

Студенттерді құттықтаймыз және кәсіби дағдылары мен шығармашылық нәтижелерін одан әрі арттыруды тілейміз!

...
AIU студенттері Coventry University Kazakhstan базасында өткен II Орталық Азия медиафорумына қатысты
2025 ж. 18 сәу., жм, 09:50

17 сәуір күні Астанадағы алғашқы британдық университет — Coventry University Kazakhstan 🇬🇧 кампусында II Орталық Азия медиафорумының маңызды іс-шараларының бірі өтті.

Іс-шараға халықаралық медиа өкілдері мен жоғары деңгейлі спикерлер қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (@sayasatnurbek) «Қазақстан – академиялық хаб» тақырыбында баяндама жасады.

Бағдарлама аясында Coventry University Kazakhstan университетінің қызметі таныстырылып, аймақтағы трансұлттық білім беруді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.

Astana International University атынан аударма ісі білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінен құралған 20 студент қатысып, халықаралық журналистика мен медиакоммуникация салаларындағы заманауи трендтермен танысуға, кәсіби ортада аударма жасау тәжірибесін арттыруға және медиа мен білім арасындағы байланысты терең түсінуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушыларға шақырту мен студенттерімізге осындай маңызды шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!

...
«Алаш заңгерлері»: AIU-де құқық, тарих және тәуелсіздік туралы дәріс өтті
2025 ж. 17 нау., дс, 13:31

Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2025 жылғы 17 наурызда Astana International University-де «Алаш заңгерлері» атты ашық дәріс өтті. Іс-шараның спикері Мәжіліс депутаты, еліміздің құрметті заңгері Құспан Абзал Темірғалиұлы болды. Дәріске «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері мен университет оқытушылары қатысты.

Спикердің баяндамасы қатысушыларға ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасу процесін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Құспан Абзал Темірғалиұлы Алаш қозғалысы заңгерлерінің Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі, олардың батыл реформалары, әділдікке ұмтылысы және халық мүддесін табанды қорғауы туралы айтты. Сондай-ақ, ол парламентаризмнің дамуы, негізгі заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік басқару жүйесі алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерге тоқталды.

Дәріс студенттердің қызу қызығушылығын тудырды. Болашақ тарихшылар мен халықаралық қатынастар мамандары алаштық заңгерлердің қазіргі құқыққа әсері, заңнаманы реформалау механизмдері және Қазақстанның құқықтық дамуының болашағы туралы сұрақтар қойды. Іс-шара соңында AIU вице-президенті Абдрахманов Қайрат Амангельдинович Құспан Абзал Темірғалиұлына мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің жастардың тарихи және құқықтық процестерді терең түсінуіне қосатын маңызын атап өтті.

Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтті, студенттерге Қазақстанның құқықтық тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Astana International University спикерге танымды дәрісі мен студенттермен мазмұнды диалог жүргізгені үшін, сондай-ақ, барлық қатысушыларға маңызды тарихи және құқықтық мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.