Жаңалықтар

...
«ГеоМастер» компаниясы AIU студенттерімен кездесті
2025 ж. 12 жел., жм, 12:09

2025 жылғы 11 желтоқсанда Astana International University Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде «Геоинформатика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері «ГеоМастер» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында компания мамандары GNSS және лидарлық сканерлеу технологияларын біріктіретін заманауи геодезиялық жабдықты таныстырды. Бұл жабдық 120° көру бұрышы кезінде 70 метрге дейінгі қашықтықта нүктелер бұлтын түсіруге және жер бедерінің жоғары дәлдіктегі үшөлшемді модельдерін жасауға мүмкіндік береді.

Студенттер ұсынылған технологиялардың практикалық қолданысына үлкен қызығушылық танытып, геоинформатика мамандығының даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ мамандану бағыттары мен саладағы мансаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойды.

Кездесуді Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушысы Смаилов А.А. ұйымдастырды.

...
Студенттердің психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті
2025 ж. 8 жел., дс, 09:44

Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде 5 желтоқсан күні танымал психолог, қоғамдастық арасында кеңінен танылған маман Серікгүл Сәліммен студенттерге арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шараға РГиТ-23 және РГиТ-25 оқу топтарының студенттері қатысып, кездесуді пән оқытушысы Н.С. Ауезова өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың психологиялық сауаттылығын арттыру, стрессті басқару мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі дамыту мен оқу мотивациясын күшейту болды. Бүгінгі жоғары оқу орны студенті тек кәсіби біліммен шектелмей, эмоционалдық тұрақтылық пен тұлғалық кемелденуге де назар аударуды қажет етеді. Осы бағытта өткізілген шара студенттер үшін маңызды әрі пайдалы ақпарат ұсынды.

Серікгүл Сәлім өз сөзінде өзін-өзі танудың жеке тұлға қалыптасуындағы рөлі, стрессті еңсерудің тиімді тәсілдері, мақсат қою мәдениеті және заманауи студент өміріндегі психологиялық қиындықтарды жеңу жолдары жөнінде өз тәжірибесіне сүйене отырып кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында қоғамда жиі талқыланатын лудомания мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Спикер ойынқұмарлықтың психологиялық тәуелділіктің бір түрі екендігін, оның жас буынның оқу үлгеріміне, кәсіби дамуына және жеке өміріне елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Сонымен қатар, тәуелділіктің белгісін ерте кезеңде танып, оның алдын алу тетіктерін түсіндірді.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар кездесудің өзектілігін көрсетті. Тыңдаушылар спикерден нақты кеңес алып, психологиялық тұрақтылыққа қатысты практикалық ұсыныстармен танысты. Жалпы, бұл басқосу жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына, өмірлік дағдыларын жетілдіруге серпін беретін маңызды шаралардың бірі болды.

...
Экочеллендж нәтижелері: AIU студенттерінің пластик қалдықтарын жинаудағы белсенділігі тұрақты даму бағытындағы ілгерілеуді көрсетті
2025 ж. 29 қар., сб, 03:40

10 қарашада басталып15 қараша - Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай ұйымдастырылған Astana International University-дің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің ЭкоЧелленджі өз мәресіне жетті. Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл іс-шараның қорытындысы 28 қараша күні жарияланды.

ЭкоЧеллендж G-Global жасыл экономика мен даму коалициясы мен Astana International Universityарасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып отырған Restart жобасының маңызды бөлігі болып табылады.

Restart жобасы: кезеңдік даму және экологиялық сауаттылықты арттыру

Университет студенттері арасында қалдықтарды дұрыс басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Restart жобасы бірнеше кезең бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

🔹 AIU студенттері 2024 жылдан бастап пластик қалдықтарын Sparklo фандоматтарына тапсыру арқылы қайта өңдеудің қолжетімді тетіктерін белсенді қолдана бастады.

🔹 2025 жылы жоба инфрақұрылымы кеңейіп, пластик қалдықтарын қабылдау бағыттары толықтырылды: Freedom фандоматтары, LS Astana – қайталама шикізатты қабылдау және өңдеу пункті.

LS Astana - тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдап, сұрыптап және қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтетін экологиялық орталық. Студенттердің бұл пунктті белсенді пайдалануы экологиялық сауаттылықтың артуын көрсетеді.

Экочеллендж нәтижелері

Челлендж нәтижесінде келесі көрсеткіштер тіркелді:

·       50-ден астам бейнеролик қабылданды;

·       500 студент белсенді қатысты;

·       500 кг пластик қалдығы қайта өңдеуге жіберілді.

Бұл көрсеткіштер студенттердің тұрақты даму бастамаларына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.

Жеңімпаздар

🥇 1орын – ЭиП 25A тобы

🥈 2 орын – ИЯ 24-3 тобы

🥉 3 орын –Химия 24А тобы

ЭкоЧеллендж арқылы келесі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосылды:

ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 17 – Серіктестікті дамыту

10-28 қараша аралығында өткен, 15 қараша - Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне арналған ЭкоЧеллендж AIU студенттерінің экологиялық жауапкершілігін арттырып, қайта өңдеу мәдениетін жандандыра түсті. Restart жобасы мен G-Global жасыл экономика мен даму коалициясымен серіктестік университеттің тұрақты даму бағыты бойынша маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

AIU келешекте де экологиялық бастамаларды қолдауды және ТДМ бағыттарын жүзеге асыруды жалғастырады.

Ұйымдастырушылар: Қыдырова Айдана Саламатқызы, Карабалаева Айман Бейсембаевна

 

 

...
Геология және геоморфология пәні бойынша жарыс форматындағы «Геологиялық процесстер» тақырыбындағы ашық сабақ қорытындысы
2025 ж. 28 қар., жм, 06:43

            Астана халықаралық университеті, жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің РГиТ -25 оқу тобында пән оқытушысы Н.С. Ауезова 25 қараша күні «Геология және геоморфология»  пәні бойынша жарыс форматында ашық сабақ өткізді.

            Ашық сабақтың басты мақсаты - студенттердің теориялық білімдерін бекіту, геологиялық үрдістер мен жер бедері пішіндерін тану қабілетін арттыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту болды. Жарыс форматы студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Топтар өзара бәсекеге түсіп, әр кезең бойынша білімдерін шығармашылықпен көрсетті. Сабақ барысында интерактивті сұрақтар, тапсырмалар, картамен жұмыс және геоморфологиялық объектілерді анықтау сияқты бөлімдер қамтылды.

         Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттерге мотивация берді және пәннің маңызын терең түсінуге ықпал етті.

...
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары AIU-де ғылыми семинар өткізді
2025 ж. 28 қар., жм, 05:39

2025 жылғы 27 қарашада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің биология-география факультетінің ғалымдары ғылыми ынтымақтастық аясында Астана халықаралық университетінің «Nature Lab» ғылыми-зерттеу зертханасына келіп, бірқатар ғылыми-оқытушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

          Кездесу барысында б.ғ. к., жетекші ғылыми қызметкер Ишмуратова М.Ю., б.ғ. к., ботаника кафедрасының меңгерушісі Тлеуканова С.У., сондай-ақ ғылыми қызметкер Мусина Р.Т. AIU Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі оқытушылары, студент, докторанттар және жас ғалым зерттеушілер үшін «Өсімдік нысандарын микроскопиялық зерттеу әдістері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар кезінде қатысушылар:

1.     өсімдік тіндерін микроскопиялық талдау әдістерімен танысты;

2.     өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық құрылымдарын зерттеу тәсілдерін қарастырды;

3.     оптикалық және цифрлық микроскоптармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді;

4.     үлгілерді дайындау кезеңдері мен микропрепараттарды талдау үдерісін бақылады.

Сонымен қатар ғылыми қызметкерлерге «Nature Lab» зертханасының инфрақұрылымы таныстырылды: өсімдіктерді генотиптеуге арналған жабдықтар, биологиялық белсенділікті анықтау әдістері және морфологиялық зерттеулер бағыттары. Тараптар бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, ғылыми жарияланымдар дайындау және зерттеу нәтижелерімен алмасу перспективаларын талқылады.

Астана халықаралық университеті Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің әріптестеріне нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Өткізілген семинар екі университет арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға және жас ғалымдардың кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал етті.

...
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру: “Green Steppe” жобасы аясында жаңа бастамалар таныстырылды
2025 ж. 27 қар., бс, 12:11

21 қараша күні Астана қаласындағы Haileybury халықаралық мектебінде елдегі экологиялық мәдениетті, волонтерлікті және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуді мақсат еткен “Green Steppe: Әр қадамдағы экоойлылық” жобасының баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға экология саласының сарапшылары, жобаның өңірлік үйлестірушілері, білім беру ұйымдарының өкілдері, жас эковолонтерлер мен мемлекеттік құрылымдар қатысты.

Баспасөз конференциясында көтерілген мәселелер Қазақстан қоғамы үшін өзекті. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің азаюы, ауаның ластануы және табиғи ресурстардың шамадан тыс пайдаланылуы елімізде экологиялық жауапкершілікті күшейтуді талап етіп отыр. Бұл ретте экобілім мен экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызы айқын көрінуде.

Іс-шарада Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы, эколог, PhD Айман Карабалаева сөз сөйлеп, «Жас ғалым» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады. Ол еліміздегі экожүйелерді қалпына келтіру бағдарламаларының ғылыми негіздері мен жастарды табиғатты қорғауға ынталандыру тетіктерін атап өтті.

ЖҒЖМ AIU аға оқытушысы, PhD Шолпан Бисембаевна Абилова «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында баяндама жасап, табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрудың, сирек кездесетін түрлерді қорғаудың және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырудың маңызын көрсетті.

Ал ЖҒЖМ AIU оқытушы-докторант, эколог әрі экоактивист Айдана Саламатқызы Қыдырова мектеп оқушылары мен жастар арасында экологиялық өмір салтын енгізудің тәжірибелік тәсілдерін ұсынды. Оның айтуынша, экологиялық әдеттерді ерте жастан қалыптастыру - болашақта тұрақты дамуға қол жеткізудің негізгі кепілі.

“Green Steppe” жобасы бір жыл ішінде мыңдаған жас волонтерді тартып, ондаған экологиялық бастамалардың жүзеге асуына жол ашты. Еліміздің көптеген мектептерінде экоклубтар ашылып, экологиялық білім беру жаңа деңгейге көтерілді. Бұл - экология мәдениетін қалыптастырудың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Сонымен қатар жоба аясында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру бағытында нақты нәтижелер байқалады. Атап айтқанда:

·         ТДМ 4 - Сапалы білім: экологиялық сауаттылықты арттыруға арналған оқу модульдері енгізілуде;

·         ТДМ 11 - Тұрақты қалалар мен елді мекендер: қалалық ортадағы экологиялық жобалар саны артты;

·         ТДМ 13 - Климаттың өзгеруімен күрес: ағаш отырғызу, қалдықтарды басқару және табиғатты қалпына келтіру шаралары тұрақты түрде өткізіледі;

·         ТДМ 15 - Құрлық экожүйелерін сақтау: сирек түрлерді қорғау және табиғи резерваттарды күшейту бастамаларына қолдау көрсетілуде;

·         ТДМ 17 - Әріптестік: мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, ҮЕҰ және еріктілер қозғалысы арасында ынтымақтастық нығайды.

Жасыл болашаққа бағытталған қадам

Баспасөз конференциясы қоғамдық экосананы қалыптастыруда диалогтың маңызы зор екенін дәлелдеді. Сарапшылар, мұғалімдер мен жастардың бір алаңда бас қосуы экологиялық жауапкершілікті арттыруға, жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.

Қоршаған ортаны қорғау - тек бір ұйымның немесе бір саланың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. “Green Steppe” сияқты жобалар елімізде экологиялық мәдениетті нығайтып, жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге зор үлес қосуда.

...
AIU-де «Geonavigator: Туризм территориясы» зияткерлік байқауы өтті
2025 ж. 26 қар., ср, 12:37

25 қараша 2025 жылы Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінде «Geonavigator: Туризм территориясы» атты зияткерлік байқау өтті. Байқауға «Рекреациялық география және туризм» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері қатысты.

Сайысқа үш команда - «Меридиан», «Nomad» және «GeoVision» қатысып, экономикалық, әлеуметтік және саяси география салалары бойынша терең білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командамен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша жоғары дайындық танытып, тапсырмаларды сенімді орындаған «Nomad» командасы жеңімпаз атанды.

Іс-шараны Жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары Жанабаева С.А., Смаилов А.А. және Авезова А.А. ұйымдастырып, байқаудың кәсіби деңгейде өтуіне және конструктивті жарыс атмосферасының қалыптасуына үлес қосты.

Байқаудың тұрақты даму мақсаттарының 4 міндеті  «Сапалы білім» аясында жүзеге асырылды. Іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін, практикалық дағдыларын дамытуға, командалық жұмысты нығайтуға және география мен туризм саласына қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Мұндай бастамалар университет студенттерініңің оқу мотивациясын көтеріп, олардың ғылыми көзқарасын кеңейтеді әрі теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың кәсіби қалыптасуға ерекше ықпал ететінін атап өтті

...
Тамырлы өсімдіктерді анатомиялық зерттеу жөніндегі ғылыми семинар
2025 ж. 25 қар., сс, 12:25

2025 жылғы 27 қараша күні Астана халықаралық университеті академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетімен бірлесе отырып «Тамырлы өсімдіктерді анатомиялық зерттеудің ерекшеліктері» атты ғылыми семинар өткізеді.

Іс-шара BR21882166 мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бағдарлама Қазақстан өңірлерінің табиғи флорасындағы жеміс-жидек өсімдіктерін зерттеу мен сақтауға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Семинар жұмысына биология және ботаника саласындағы жетекші мамандар: Салтанат Ұшкемпірқызы Тлеукенова, Маргарита Юлаевна Ишмуратова,
Роза Тлетаевна Мусина қатысады.

Ғылыми семинар 2025 жылғы 27 қараша күні Астана халықаралық университетінің 207-аудиториясында өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де, аяқталуы - сағат 14:00-де.

 

...
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «B052 – Жер туралы ғылым» бағыты бойынша оқитын студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы
2025 ж. 21 қар., жм, 12:34


       Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2025 жылдың 18-19 қараша күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «B052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша оқитын студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өткізді.

        Пәндік олимпиаданың мақсаты- дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және олардың тұлғалық интеллектуалдық капиталының қалыптасуына ықпал етіп, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру.

    Пәндік олимпиадаға Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Рекреациялық география және туризм» ОББ, 2-курс студенттері  Ғазизов Батырхан, Асқаров Ағатай, Амиров Арман қатысты. Ғылыми Жетекші: б.ғ.к, аға оқытушы Ауезова Нұрқұйған Сражадинқызы.

          «B052 Жер туралы ғылым» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада қатысушыларымыз  3 тур бойынша тәжірибелік және қолданбалы тапсырмалар кезеңінде өз білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсете білді. Студенттер географиялық талдау, картамен жұмыс, деректерді интерпретациялау және нақты жағдайға негізделген ғылыми шешім ұсыну сияқты міндеттерді орындады.

          Қорытынды кезең нәтижесі бойынша қатысушыларымыз өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, «Үздік командалық рух» номинациясы   дипломымен марапатталды.

 

...
AIU және Познань жаратылыстану ғылымдары университеті бірлескен ғылыми вебинар өткізді
2025 ж. 21 қар., жм, 06:38

2025 жылдың 20 қарашасында Астана халықаралық университеті (Astana International University, AIU) мен Познань жаратылыстану ғылымдар университеті (UPP, Польша) бірлесіп халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында ғылыми вебинар өткізді.

Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылды. Офлайн форматта  Aстана халықаралық университетінің  207-аудиториясында және онлайн түрде  Қазақстан, Польша және басқа елдердің қатысушылары да қатысты. Вебинар Астана уақытымен 14:00-де басталды.

Қатысушыларға Познань жаратылыстану  ғылымдар университетінің ректоры, профессор Krzysztof Szoszkiewicz құттықтау сөз сөйлеп, экологиялық зерттеулер саласындағы қазақстан мен поляк ғылыми ынтымақтастығын кеңейтудің маңызын атап өтті.

Вебинар модераторлары профессор Klaudia Borowiak, Қоршаған ортаны инженерлік қорғау факультетінің деканы (UPP) және Руслан Мұратов, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы (AIU) болды.

Модераторлар іс-шараның ғылыми үйлестіруін қамтамасыз етіп, экологиялық мәселелер мен су экожүйелерін зерттеудің заманауи әдістерін талқылауға қолайлы орта қалыптастырды.

Вебинар барысында ғылыми баяндамалар ұсынылды. Атап айтсақ, Dr. Michał Brzozowski (UPP) «Жылымықтың перифитонға, су өсімдіктеріне және харофиттерге әсерін орташа белдеудегі жылыған көлдерде эксперименттік зерттеу» тақырыбында өтті.
Баяндамада климаттың жылынуының су экожүйелерінің құрылымы мен қызметіне әсерін көрсететін көпжылдық эксперименттік бақылаулардың нәтижелері ұсынылды.

Профессордың міндетін атқарушы  Жамангара Айжан Қашаганқызы (AIU) «Су экожүйелерінің ластану мәселелері және оларды қалпына келтірудің заманауи әдістері» тақырыбында сөз сөйледі. Спикер антропогендік әсерді бағалаудың заманауи тәсілдері мен су нысандарын қалпына келтірудің инновациялық стратегияларын ашып көрсетті.

Ғылыми вебинар білім алмасудың, ғылыми байланыстарды нығайтудың және болашақтағы бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылаудың тиімді алаңына айналды.

AIU және UPP экология және тұрақты даму саласында бірлескен зерттеулерді жалғастыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық ғылыми іс-шараларды өткізуге дайын екенін білдірді.

...
AIU ботаника және генетика саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
2025 ж. 18 қар., сс, 05:59

2025 жылғы 7-8 қараша күндері Astana International University атынан PhD-зерттеуші, Жоғары жаратылыстану ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы және NatureLab зертханасының жетекшісі Оразов Айдын Ерғалиұлы «Қазақстанның табиғи флорасындағы жеміс-жидек өсімдіктерін көбейту, сақтау және пайдалану бойынша ғылыми-тәжірибелік негіздер» атты семинарға қатысты. Іс-шара BR21882166 мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Ғалымның семинарға қатысуы ҚР МНВО Ғылым комитетіне қарасты «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» РМК-ның ресми шақыруы негізінде жүзеге асырылды.

Семинар барысында Айдын Оразов екі ғылыми баяндамасын ұсынды:
• «Маңғыстау облысындағы өсімдік популяцияларының флоралық құрамы, морфологиялық және генетикалық айырмашылықтарын зерттеу»;
• «Oxford Nanopore MinION технологиясы негізінде өсімдіктердің хлоропласт геномдарын дешифрлеу және талдаудың заманауи тәсілдері».

Қабылдаушы тарап ботаника, генетика және биоинформатика саласының өзекті мәселелерін талқылауға қолайлы жағдай жасап, семинарды жоғары деңгейде өткізді.

Кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық рецензияланатын журналдарда бірлескен ғылыми мақалалар әзірлеу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Astana International University Айдын Ерғалиұлы Оразовтың ботаника, генетика және биоинформатика саласындағы ғылыми серіктестікті нығайтуға және зерттеу бағыттарын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

 

...
Дебаты на тему «Охрана животного мира» в Astana International University
2025 ж. 7 қар., жм, 09:57

2025 жылғы 4 қараша күні Astana International University Жаратылыстану жоғары мектебі «Жабайы және үй жануарларын чиптеу қажеттілігі: жабайы табиғатқа қауіп пе, әлде нақты қажеттілік пе?» тақырыбында дебаттар ұйымдастырды. Іс-шара университеттің акт залында (213 аудитория) өтті.

 Студенттер жануарлар дүниесін қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және экологиялық қауіпсіздік саласында заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

Дебат барысында қатысушылар өздерінің логикалық ойлау, шешендік және дәлелдеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

 Шақырылған қонақтар:

·       Федулин Александр Евгеньевич  экотуризм саласының маманы, табиғатты қорғау саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, соның ішінде Қорғалжын мемлекеттік қорығында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта шетелдік орнитологтар үшін аймақ бойынша экотурларды ұйымдастырумен айналысады.

·       Каткенов Нурлыбек Дидарович  техникалық ғылымдар магистрі, PhD кандидаты (ветеринария саласында), Nazarbayev University – National Laboratory Astana ғылыми қызметкері.

 Іс-шара белсенді және шабыттандыратын атмосферада өтті. Дебаттар табиғатты және жануарлар дүниесін қорғауға бейжай қарамайтын студенттер мен сарапшыларды біріктірді.

 Ұйымдастырушы:
Адамжанова Жанна Арынтаевна, Astana International University Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.