Хабарландыру

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 ж. 23 ақп., дс, 03:20

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


Астана халықаралық университеті серіктес жоғары оқу орындары - ОШ мемлекеттік

университетімен, Казан (Приволжье) Федералдық университетімен, Сотим Улугзода

атындағы Тәжік халықаралық шет тілдер университетімен бірлесіп, білім берудегі қазіргі

заманғы трендтер жағдайында мектеп пен жоғары оқу орындары интеграциясының өзекті

мәселелеріне арналған «МЕКТЕП ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДЕР

ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» атты Халықаралық ғылыми-

практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда мектептер мен жоғары оқу

орындарының өзара әрекеттестік мәселелері бойынша ғылыми идеялар мен практикалық

тәжірибелерді талқылау және алмасу үшін платформа құру.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1-секция. Мектеп пен жоғары оқу орнының бірыңғай білім беру кеңістігін дамыту

бойынша халықаралық және өңіраралық тәжірибелер

2-секция. Инклюзивті орта және метадағдылар — білім алушыларды даярлаудың

стратегиялық бағдарлары ретінде.

3-секция. Желілік өзара әрекеттестіктегі дидактикалық тәсілдер мен педагогикалық

инновациялар

4-секция. Цифрландыру және жасанды интеллект мектеп пен ЖОО-ның білім беру

экожүйесін трансформациялау факторлары ретінде.

«МЕКТЕП ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДЕР ЖАҒДАЙЫНДА

БІЛІМ БЕРУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық

конференцияға қатысу үшін мектеп басшылары мен педагогтарын, әдіскерлерді,


психологтарды, колледждер мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар

құрамын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.


Өтетін күні – 27 наурыз 2026 жыл

Өтетін орны - Астана Халықаралық университетінің акт залы

Конференцияның басталу уақыты – сағат 10.00

Конференцияға тіркелу – сағат 9.00

Конференцияға қатысу форматы - офлайн/онлайн

Конференцияға қатысу форматы - қатысушы/тыңдаушы

Конференция жұмысының тілдері - қазақ/орыс/ағылшын

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық

жинағы жарыққа шығарылады. Жинаққа тиісті кітапханалық индекстер — ӘОЖ және ББК,

сондай-ақ баспа кітап индексі ISBN беріледі. Конференцияға қатысу нәтижесінде әрбір автор

конференцияға қатысқанын растайтын бекітілген үлгідегі атаулы сертификат және

конференция мақалаларының PDF форматындағы электрондық жинағын алады. Жинақ

Астана Халықаралық университетінің сайтында жарияланады

https://www.aiu.kz/ru/science/conf.

Конференцияға қатысу үшін материалдарды 2026 жылдың 25 наурызға дейінгі

мерзімде келесі электрондық мекенжайларға (e-mail) ұсыну қажет:

1 секция - asel_duysekova@aiu.edu.kz

2 секция – gulnaz_turarova@aiu.edu.kz

3 секция – mira_sadvakasova@aiu.edu.kz

4 секция - nazgul_kudarova@aiu.edu.kz ,

бір хатпен, жеке файлдармен:

1) үлгі бойынша ресімделген өтінім (1-қосымша);

2) талаптарға және үлгіге сәйкес ресімделген мақала (2-қосымша);

3) ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің көшірмесі (төлем кезінде

«Конференция» көрсетілуі қажет)

Жіберу кезінде мақаласы бар файлдың атауында бірінші автордың тегі көрсетілуі

керек (мысалы: өтінім - Иванов Д.А., мақала - Иванов Д.А., түбіртек - Иванов Д.А.).

Конференцияға қатысқаны және материалдар жинағында мақала жариялағаны үшін

ұйымдастырушылық жарна 4000 теңгені (төрт мың теңге) құрайды.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:

1. Абылайхан Салтанат Мұратханқызы, Астана халықаралық университеті,

«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, тел.: +77012271592.

2. Кударова Назгуль Абильбековна, Астана халықаралық университеті, «Педагогика

және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, тел.: 87077056703.

3. Есиргепова Венера Жумабековна, Астана халықаралық университеті, «Педагогика

және психология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., тел.: – 87054626242.

4. Турарова Гульназ Укметбековна - Астана халықаралық университеті, «Педагогика

және психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, тел.: – 87051922943.

5. Дуйсекова Асель Аманжоловна – Астана халықаралық университеті, «Педагогика

және психология» кафедрасының аға оқытушысы, тел.: – 87752745720.

6. Садвакасова Мира Газизовна - Астана халықаралық университеті, «Педагогика

және психология» кафедрасының аға оқытушысы, тел.: – 87018339226.

7. Нигметжанова Гульназым Кудайбергеновна – Астана халықаралық университеті,

«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., тел.:– 87714360382

(төлем жайында сұрақтар бойынша).


КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар


- Мақала мәтіні doc форматында (Microsoft Word 2003–2007) ұсынылуы тиіс. Қағаз

форматы – А4 (297 × 210 мм). Жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол

жақ – 3 см. Электрондық нұсқада беттер нөмірленбейді. Қаріп – Times New Roman, негізгі

мәтін үшін – 14 pt, ал аннотация мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі үшін – 12 pt. Мәтін

тасымалсыз, ені бойынша тураланып форматталуы қажет, абзацтың бірінші жолының

шегінісі – 1,25 см. Жоларалық интервал – бірлік. Мақала мәтінінде автоматты нөмірлеу

қолданылмауы тиіс;

- Мақаланың басында, оның бағытына сәйкес, әмбебап ондық жіктеу индексінің

(ӘОЖ) коды сол жақ жоғарғы бұрышта көрсетіледі (12 pt, қарапайым қаріп);

- Бір жол тастап (Enter), ортасына мақала тақырыбы бас әріптермен, қалың қаріппен

жазылады (12 pt, бас әріптермен, қалың);

- Тақырыптан кейін бір жол тастап (Enter), оң жақ шетке автордың тегі, аты, әкесінің

аты, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс (оқу) орны, қала, ел көрсетіледі. Егер ұйым

атауында қала нақты көрсетілмесе, ұйым атауынан кейін үтір арқылы қала жазылады, ал

шетелдік ұйымдар үшін – қала және ел көрсетіледі. Егер мақала бірнеше автордың

қатысуымен дайындалса, олардың мәліметтері мақалаға қосқан үлесінің маңыздылығына

қарай ретімен беріледі (авторлар саны 3-тен аспауы тиіс);

- Автор туралы мәліметтерден кейін бір жол тастап (Enter), үш тілде аннотация

беріледі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде): алғашқысы – мақаланың жазылған тілінде

(3–5 сөйлем) және кілт сөздер (3–5 сөз) (10 pt, курсив, қарапайым қаріп);

- Мақала көлемі кемінде 3 бет және ең көбі 5 бет болуы тиіс;

- Мақаланы дайындау барысында пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі мақаланың

соңында бір жол тастап (Enter) орналастырылады, дереккөздер саны 10-нан аспауы тиіс (12

pt). Әдебиеттер тізімі мәтінде келтірілу реті бойынша беріледі. Мәтін ішіндегі сілтемелер

квадрат жақшада көрсетіледі, мысалы – [1].


«Жалпы талаптар және рәсімдеу ережелері»


- Кестелерді рәсімдеу. Әрбір кесте нөмірленуі және атауы болуы тиіс. Кесте нөмірі

мен атауы кестенің үстінде сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірлеу «Кесте 1» («Таблица

1», «Table 1») түрінде беріледі, қаріп стилі – курсив. Кесте атауы нөмірден кейін сызықша

арқылы жазылады;

- Графикалық материалдарды рәсімдеу. Графикалық материалдарда сканерлеуді

қолданбай, «Microsoft Graph» немесе «Excel» бағдарламалары арқылы дайындалуы тиіс.

Графикалық объектілер сурет немесе топтастырылған объектілер түрінде берілуі қажет.

Графикалық объектілер бет жиектерінен шықпауы және бір беттен аспауы тиіс;

- Объектілерді нөмірлеу. Әрбір объект нөмірленуі және атауы болуы керек. Объект

нөмірі мен атауы объектінің астында сол жақ шетке орналастырылады. Нөмірлеу «Сурет 1»

(«Рисунок 1», «Picture 1») түрінде рәсімделеді;

- Формулаларды рәсімдеу. Математикалық формулалар «Microsoft Equation»

формулалар редакторы арқылы рәсімделеді. Формулалардың нөмірлері оң жақта жақша

ішінде көрсетіледі. Формулалар саны көп болған жағдайда әр бөлім бойынша жеке нөмірлеу

ұсынылады.

Мақалалар рецензияланбайды, ұсынылған мақалалардың мазмұны мен заңсыз өзге

еңбектерді пайдалану (плагиат) үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі.


Ескертпе. Мақалалар тек өтінім болған жағдайда ғана қабылданады.


Қосымша 1


ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІМІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ӨТІНІМ

Автордың Т.А.Ә. (толық жазу)  

Жұмыс орны

Ғылыми дәрежесі / атағы

Лауазымы  

Байланыс телефоны  

E-mail ((қолданыстағы))

Конференция секциясының атауы  

Мақаланың атауы

Қатысу формасы  


Қосымша 2


МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ӘОЖ 711.7 (өз ӘОЖ көрсетіледі)


ҚАЗІРГІ ДИДАКТИКА МАЗМҰНЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮРДІСІНДЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Иманова А.Ж.

педагогика ғылымдарының магистрі,

педагогика кафедрасының оқытушысы

Астана халықаралық университеті,

Астана қ., Қазақстан

Аңдатпа: мақалада қазіргі дидактиканың мазмұнындағы негізгі қайшылықтар және

олардың болашақ мұғалімдерді даярлау процесіне әсері қарастырылады. Қарама-

қайшылықтар талданды, сонымен қатар болашақ мұғалімдерді даярлау процесінде

анықталған қайшылықтарды шешу жолдары ұсынылды.

Түйінді сөздер: дидактика, қайшылықтар, мұғалімдерді даярлау, теория мен

практиканы интеграциялау, оқытуды жекелендіру, инновациялық тәсілдер, ресми және

бейресми оқыту, рефлексиялық дағдылар.

Аннотация: В статье рассматриваются ключевые противоречия, существующие в

содержании современной дидактики, и их влияние на процесс подготовки будущих

учителей. Проанализированы противоречия, а также предлагаются пути разрешения

выявленных противоречий в процессе подготовки будущих учителе

Ключевые слова: дидактика, противоречия, подготовка учителей, интеграция теории

и практики, персонализация обучения, инновационные подходы, формальное и

неформальное обучение, рефлексивные навыки

Abstract: The article examines the key contradictions that exist in the content of modern

didactics and their impact on the process of training future teachers. The contradictions are analyzed

and ways to resolve the identified contradictions in the process of training future teachers are

proposed.

Key words: didactics, contradictions, teacher training, integration of theory and practice,

personalization of learning, innovative approaches, formal and informal learning, reflective skills.

Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні

[1].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Н.Э.Пфейфер, Е.Жуматаева, Е.И.Бурдина. Основы современной дидактики. Павлодар,

2006. 315 с.

2.Н.Е.Бекетова. Проблемы дидактики высшей школы: усложнения на всех уровнях при

обучении будущих менеджеров // Научно-методический электронный журнал «Концепт». –

2016. – Т. 37. – С. 13–17. – URL: http://e-koncept.ru/2016/56779.htm.

3. Григорьева Е. В., Бабаева А. А. Противоречия в процессе обучения и методы их решения //

Проблемы современного педагогического образования. 2023. №79-1. URL:

https://cyberleninka.ru/article/n/protivorechiya-v-protsesse-obucheniya-i-metody-ih-resheniya.


4.Мирзагитова А.Л. Дидактика в условиях современного образовательного процесса //

Современные проблемы науки и образования.-2016.-№ 6


Қосымша 3


ТӨЛЕМ БОЙЫНША РЕКВИЗИТТЕР


Товарищество с ограниченной ответственностью «Международный университет

Астана»

Адрес: г.Астана, ул.Кабанбай батыра, 8

ИИН (БИН): 180440034965

ИИК: KZ1794805KZT22035807 (KZT)

БИК: EURIKZKA

АО «Евразийский банк»

Кбе 17

КНП 859 – услуги (конференция)

Ректор – Мырзагалиева Анар Базаровна

«ЖОО-НЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ 2025» ІШКІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2025 ж. 12 қар., ср, 04:17

2025 жылғы 3-12 қараша аралығында «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2025» конкурсының ішкі кезеңі өткізілді.

 

Үміткердің аты жөні

Лауазымы

НП жұмыс өтілі

Оқытушының баллы

Эксперттік балл

1

Мусабаева Бинур Хабасовна

к.х.н., профессор ПИ

42(42)

76

76

2

Небесаева Жанар Орынбековна

PhD,  қауымдастырылған. Профессордың м.а. ПИ

14(14)

31

31

3

Сеилханов Жанат Дюйсенбаевич

Аға оқытушы ВШП

18(15)

67,5

67,5

4

Муканова Асель Сериковна

PhD, доцент ВШИТиИ

13(13)

73

64

5

Оразов Айдын Ерғалиұлы

PhD, доцент ВШЕН

8(8)

126

126

 

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі - 2025 жылғы 13 қарашаға дейін.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес, университет 2-кезеңге өтетін үміткерлер санын әр 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден артық емес мөлшерде анықтайды. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылға дейінгі және 15 жылдан жоғары оқытушылар арақатынасы жалпы үміткерлер санының кемінде 1:3 болуы қажет.

II республикалық кезеңге қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттар пакетін әзірлейді:

  1. белгіленген нысан бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға өтінім;
  2. бекітілген нысанға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер;
  3. белгіленген нысан бойынша жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
  4. ЖЖООКБ-ның алқалық басқару органының шешімі;
  5. жұмыс орнында расталған кадр есебі бойынша жеке парақ;
  6. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. карточкалық базаға тіркелген 20 таңбалы әрекеттегі ағымдағы шот туралы хабарлама.

      ПРОТОКОЛ


ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СЕРІКТЕСІ – SWISS INSTITUTE OF TECHNOLOGY AND ENTREPRENEURSHIP (SITE) GLOBAL AI OLYMPIAD 2025 БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
2025 ж. 17 қаз., жм, 04:55

Астана халықаралық университеті Швейцарияның  Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship, SITE,  стратегиялық әріптестікте ұйымдастырылған жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада — Global AI Olympiad жобасының іске қосылғанын қуана хабарлайды. Олимпиаданың басты ерекшелігі – ресми швейцариялық дипломы бар SITE бакалавриат бағдарламасына 3 жылдық толық грант ұтып алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, қатысушылар жасанды интеллект саласындағы заманауи трендтермен танысып, болашақ кәсіби дамуына қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

Global AI Olympiad деген не? Бұл үш апталық тәжірибеге бағытталған AI курсы. Оған онлайн дәрістер, тікелей сессиялар және тапсырмалар кіреді. Модульдер: AI негіздері мен модельдері, жұмыс пен коммуникацияға арналған AI, креативті және визуалды AI, видео мен мультимедиа, AI-агенттер мен процестер, этика және трендтер. Тәжірибе: AI-ассистенттер, брендтер, мультимедиа және жобалар жасау. Финал: үздік қатысушылар жобаларын қорғайды және сұхбаттан өтеді.

AI бүгінде барлық салаларды өзгертуде – бизнестен медицинаға дейін, білім мен ойын-сауықты қоса алғанда. Prompt engineering, креативті құралдар, этика және AI шешімдерін біріктіру сияқты дағдылар студенттерге үлкен бәсекелестік артықшылық береді. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай AI мамандарына деген сұраныс 10 есе артады.

Нәтиже: Барлық қатысушыларға халықаралық SITE сертификаты беріледі. Жеңімпаздар SITE бакалавриат бағдарламасына толық грант ұтып алады.

Қатыса алады: Жоғары сынып оқушылары, мектеп бітірушілер, бакалавриаттың 1-курс студенттері және болашақ мансабы үшін AI меңгергісі келетін барлық адам. Қатысу толық онлайн өтеді – ноутбук пен интернет жеткілікті.

Барлық қатысушылар сертификат пен практикалық дағдылар алады. Ең үздіктеріне құны $10 000 тұратын толық гранттар беріледі (мамандықтар: Business Analytics, Financial Technology, Digital Marketing, Strategic Communication).

Тіркелу мерзімі: 2025 жылғы 25 қыркүйек – 15 қарашаҚатысу құны: $100 (оқу және тапсырмаларды қамтиды), https://sitegeneva.com/ai_olympiad

 

AIU ресми мәлімдемесі
2025 ж. 14 қаз., сс, 04:55

Astana International University хабарлайды.Threads, 2ГИС және басқа әлеуметтік желілер платформаларында жеке студентке қатысты жағымсыз пікірлер мен шағымдар келуде.


2024 жылдың тамыз айында 2ГИС платформасында университет парақшасына жүйелі түрде білім беру сапасына қатысы жоқ ақпараттар қорлау сипатындағы және жала жабу мазмұнындағы пікірлер жариялануда.

Жүргізілген ішкі тексеріс нәтижесінде студенттің оқу тәртібін бұзбағаны анықталды. Ал жағдайдың өзі жеке сипатта екені расталды. Тексеру барысында аталған жазбалардың авторлары тарапынан студентке қатысты қудалау, жала жабу және кибербуллинг белгілері байқалғаны анықталды.


AIU және студент құқық қорғау органдарына ресми өтініш жолдап, жағдайдың мән-жайын анықтауды және студентті кибербуллинг пен жалған ақпарат таратудан қорғау сұралды.


Astana International University, құрмет және академиялық этика қағидаттарын ұстанады. Университет кибербуллингтің және жалған ақпарат таратудың кез келген түрін, соның ішінде үшінші тұлғалардың жеке деректері мен аккаунттарын пайдалануды және онлайн-платформа пайдаланушыларын жауапкершілік пен басқа адамдардың жеке өміріне құрметпен қарауға шақырады.

🎓 Талапкерлер, Назар аударыңыз! 2025-2026 оқу жылына BLCU Kazakhstan брэнч-кампусында оқуға 80 грант!
2025 ж. 27 мау., жм, 11:21

Құрметті талапкерлер!

BLCU Kazakhstan — Астана Халықаралық Университеті (AIU) базасында орналасқан Пекин тілі және мәдениеті университетінің (BLCU) ресми халықаралық кампусы — 2025–2026 оқу жылына арналған бакалавриаттың қос дипломды бағдарламаларына және Foundation бағдарламасына қабылдау басталғанын хабарлайды. Ең бастысы — 80 білім гранты қолжетімді!

📍 BLCU Kazakhstan — Токио мен Бангкоктан кейінгі Қытайдың алдыңғы қатарлы университетінің үшінші халықаралық кампусы. Астанадағы кампус 2024 жылдың 3 шілдесінде ашылып, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және академиялық ынтымақтастықтың жаңа алаңына айналды.

🎓 Білім беру бағдарламалары

  1. Бакалавриаттың қос дипломды бағдарламалары (3+1 форматы)
    📍 3 жыл Астанада + 1 жыл Бейжіңде
    📜 Екі диплом: Қазақстандық және Қытайлық

Бағыттар:

  • 6B01711 — Ағылшын және қытай тілдері (педагогика)

  • 6B02303 — Аударма ісі: қытай тілі

Қабылдау талаптары:

💰 Ақылы оқу ақысы — жылына 1 300 000 ₸

🎯 2025–2026 оқу жылына арналған 80 грант!

  • 30 грант — «Ағылшын және қытай тілдері (педагогика)» бағытына

  • 50 грант — «Аударма ісі: қытай тілі» бағытына

📅 Маңызды күндер:

  • 20 маусымнан бастап — Қытай тілінен емтихан

  • 13–20 шілде — Грантқа құжат қабылдау

🌱 Foundation (дайындық) бағдарламасы (1 жыл)
HSK3–HSK4 деңгейіне дайындау

Қабылдау шарттары:

  • ҰБТ талап етілмейді

  • Жасы: 17–25 жас
    💰 Оқу ақысы — 700 000 ₸

📍 Байланыс:

  • Қабылдау комиссиясы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 8

  • Кампус: Астана қ., EXPO, С2.1 блогы

  • WhatsApp: +7 708 586 63 77, +7 777 001 3913

  • Email: blcu_kz@aiu.edu.kz

  • Instagram: @blcu__kazakhstan

📌 Бейжің Тіл және мәдениет университетімен (BLCU) бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламаларына қабылдау тәртібі
2025 ж. 19 мау., бс, 09:42

📌 Бейжің Тіл және мәдениет университетімен (BLCU) бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламаларына қабылдау тәртібі


Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру және (немесе) білім беру бағдарламалары бойынша ақылы оқуға қабылдау конкурсына қатысу үшін:

  • 6B01711-ағылшын және қытай тілі (В018 (KZ-CHN-185)),
  • 6B02303-аударма ісі: қытай тілі (В036 (KZ-CHN-185)),

бар адамдарға рұқсат етіледі:


  • орта, техникалық және кәсіптік не кейін орта білім,
  • ҰБТ нәтижелері төмен емес:

55 балл — аударма ісі: қытай тілі (В036 (KZ-CHN-185)),

75 балл — "педагогикалық ғылымдар"бағыты үшін,ағылшын және қытай тілі (В018(KZ-CHN-185));

бұл ретте:

  • Қазақстан тарихы және екі бейіндік пән - кемінде 5 балл,
  • оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық - кемінде 3 балл.

✅ ҰБТ-ны электронды форматта өткізген кезде конкурсқа қатысу үшін балдар бойынша барлық талаптар сақталған жағдайда екі нәтиженің бірін пайдалануға болады.


🈴 BLCU БК БК бойынша қосымша шарттар


  • HSK4 сертификатының болуы міндетті,
  • немесе AIU университетінде қытай тілінен қосымша қабылдау емтиханын тапсыру. (Қытай тілін білудің нөлдік емес деңгейі бар талапкерлер қосымша емтиханға жіберіледі) емтихан нәтижелерімен емтихан тапсырылғаннан кейінгі күні танысуға болады. Қосымша емтихан қорытындысы бойынша оқуға түсушіге ресми үзінді көшірме беріледі. 


📅 Қосымша емтихан өткізу мерзімі


Грант конкурсына қатысу үшін — ағымдағы жылдың 20 маусымынан 12 шілдесіне дейін;

Ақылы бөлімшеге қабылдау үшін - 21 шілдеден 20 тамызға дейін.

Қосымша емтиханға қатысуға өтініш белгіленген балдарға сәйкес беріледі.


📍 Маңызды ескерту


Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды тек Astana International University арқылы беруге болады.