Хабарландыру

​​🙋🏻‍♀️Құрметті магистратураға түсушілер!
2024 ж. 28 қаз., дс, 05:44

💻Сіздерге 2024 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында www.app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.

⏳Кешенді тестілеудің өзі қараша айында өтеді.


📍Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.


‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.


🔻ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА

✅Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:

✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;

✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;

✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).


🔻БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА

✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:

✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).


💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.

✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды
2024 ж. 26 қыр., бс, 04:10

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-дан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылданады. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕСШІ» МИКРОБІЛІКТІЛІК БАҒДАРЛАМАҒА ШАҚЫРАЙДЫ
2024 ж. 16 там., жм, 09:45

Астана халықаралық университеті мен Халықаралық қаржы кеңесшілері қауымдастығы «Қаржы кеңесшісі» микроквалификациялық бағдарламасына тыңдаушыларды қабылдайды.


Қабылдау шарттары:

жоғары/орта арнаулы білім негізінде

қаржылық және инвестициялық сауаттылық

қабылдау емтихандары жоқ

ынғайлы оқыту форматы

оқу ұзақтығы – 2-3 ай


Сіз аласыз:

қаржы кәсіби құзыреттер

қаржылық кеңесші бағдарламасы бойынша микробіліктілік сертификаты

сертификат қосымшасы

Халықаралық қаржылық кеңесшілер қауымдастығының сертификаты

жаңа байланыстар мен таныстар

үздік бизнес-тренерлер мен бизнес-кеңесшілер

Қазақстанда және шетелде онлайн/офлайн форматында жұмыс істеу мүмкіндігі


Бұл бағдарлама қаржылық әл-ауқатты қалайтын, дағдарыстарды жеңе алатың және стресс деңгейін төмендететің тыңдаушыларға арналған.


Қаржы кеңесшісі – бұл қаржылық жағдайды бағалауды, ақшаны басқаруды және инвестициялық саясатты құруды білетін және нақты мақсаттарға жету үшін қаражатты көбейтетің тәуелсіз қаржылық сарапшы.


Бағдарлама құны – 1 200 000 теңге

Құжаттарды қабылдау – топқа қабылдау бойынша (7-10 адам)

Байланыс:

+7 775 757 57 24

+7 777 4352289

+7 701 7305411

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 8, 210 ауд.