AIU-да Томск мемлекеттік университеті профессоры, Ольга Недоспасованың қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өтті





















Бүгін Астана халықаралық университетінде Томск мемлекеттік университеті профессоры, э.ғ.д. Ольга Павловна Недоспасованың қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өтті. Кездесудің басты жаңалығы – «Ресей мен Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік: модельдер мен тәжірибелер» атты бірлескен оқу құралының тұсаукесері. Бұл еңбек екі елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың заманауи тәсілдеріне, модельдеріне және практикалық тәжірибесіне арналған.
Оқу құралының бірлескен авторы, PhD, Экономика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Оқутаева Сәуле Төлегенқызы семинар модераторы ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы ғылыми жобалар туралы баяндады. Айрықша атап өтетін жаңалық – университетте «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер даярлаудың басталуы. Алдағы уақытта бұл білім беру бағдарламасы магистранттары университетте әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын дамытуға белсенді атсалысады.
Бұдан бөлек, семинар барысында жас зерттеушілердің кәсібилігін дамытуға назар аударылып, Астана халықаралық университеті Экономика жоғары мектебі мен Томск мемлекеттік университеті арасындағы бірлескен жобалардың жаңа бағыттарын айқындау бастамалары талқыланды.
Бөлісу:
Фотогалерея









