AIU-да музыкалық туындылар арқылы тарихи сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды






























Бүгін Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Музыкалық туындылар арқылы тарихи сананы қалыптастырудағы педагогикалық әдістердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, «Күй анасы» қоғамдық қорының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Төлеген Қуанышев, Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының дипломаты, өнертану магистрі Серік Нұрмолдаев, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің философиялық-экономикалық ғылыми қауымдастығының толық мүшесі Орақ Әлиев қонақ болды. Сондай-ақ Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония Қазақ оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекенов қатысты.
Кездесу барысында Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, «Мәдениет саласының үздігі», «TURAN» ансамблінің мүшесі Мақсат Медеубек және күйші-композитор, өнертану магистрі, «Мәдениет саласының үздігі», Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының солист-әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы Бауыржан Бекмұханбет сөз сөйледі. Ал AIU аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, «Күй анасы» қоғамдық қорының ғылыми хатшысы Ерзат Жетібаев модератор болды.
Жиында ұлттық музыка мен тарихи сананың байланысы, музыкалық білімнің зайырлы қоғамдағы орны, домбыраны мектеп бағдарламасына енгізудің педагогикалық маңызы және музыка мен математиканың өзара сабақтастығы талқыланды. Қатысушылар дәстүрлі ән мен күйді білім беруде қолдану, музыкалық мұраны цифрландыру жөнінде пікір алмасты.
Сарапшылар ұлттық музыканы сақтау мен насихаттауда кездесетін мәселелерге тоқталып, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар «Ұлы дала өнері» республикалық қоғамдық қорының ұлттық өнерді зерттеу, жүйелеу және келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы мүмкіндіктері сөз болды.
Бөлісу:
Фотогалерея












