ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЛИТВАДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛЫП ЖАТЫР


















Астана халықаралық университетінің Экономика жоғары мектебі студенттері Литваның Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университетінде (Vytautas Magnus University) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Халықаралық бағдарламаға қатысу студенттерге сапалы білім алуға, оқытудың жаңа тәсілдерімен танысуға, тілдік дағдыларын жетілдіруге және шетелдіктермен мәдени қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
«Менеджмент 25 С» тобының студенті Арлан Буртебаев бағдарлама жайлы өз әсерін бөлісті: «Шетелдегі студенттік өмір – әрбір адам мүмкіндігінше басынан өткізуі тиіс маңызды тәжірибе. Сапалы білім, қызықты студенттік өмір, түрлі мәдениетпен танысу және күнделікті қиындықтарды өз бетіңше еңсеру бізге күн сайын дамып, одан әрі мықты болуға көмектеседі. Мен елге жаңа білім мен тәжірибе жинап, шетелдік достар тауып оралатыныма сенімдімін».
«Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенті Данайым Рысдәулетте бағдарламаның пайдасын атап өтті: «Бұл – білім алушыға керемет мүмкіндік. Күн сайын жаңа адамдармен танысып, олармен пікір алмасудың өзі жеке көзқарасыңның қалыптасуына әсер етеді. Өз бетінше шешім қабылдауды және айналаңдағы адамдардан жақсы қасиеттерді үйренуге тырысасың. Бастапқыда университеттің бағалау жүйесіне қиын болды, бірақ уақыт өте келе үйрендім. Университеттің өзі өте кең әрі жайлы. Жалпы, бұл тәжірибе менің тұлғалық дамуыма, жаңа білім алуыма және өзімді жаңа қырымнан тануыма көмектесіп жатыр».
Мұндай білім беру бағдарламалары AIU студенттерінің кәсіби білімін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Осындай мүмкіндік жасағаны үшін университет басшылығына алғыс айтамыз!
Бөлісу:
Фотогалерея








