AIU-да мансап орталығы мамандарымен кездесу өтті





















Бүгін Астана халықаралық университетінде Есіл және Нұра аудандары бойынша мансап орталығы секторының басшысы Жібек Бабажанова мен орталық мамандары қатысуымен ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – 4-курс студенттеріне жұмысқа орналасу жолдарын көрсету.
Мамандар білім алушыларға «Жастар практикасы» бағдарламасының талаптары мен мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл бастама оқу орнын бітірген жастарға мамандығы бойынша еңбек тәжірибесін жинауға, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек қатысушыларға жұмысқа орналасу үшін Enbek.kz порталын пайдалану тәртібі көрсетілді. Сондай-ақ түйіндеме толтыру және жұмыс берушілермен байланысу мүмкіндіктері де сөз болды.
Іс-шара соңында студенттер мамандарға жұмысқа орналасу, бағдарламаға қатысу және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер студенттердің еңбек нарығы жайлы білімін арттырып, кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея









