Экономика жоғары мектебі
Экономика жоғары мектебі кадрларды кәсіби даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оқыту процесін ұйымдастыруға тұтас көзқарасты жүзеге асырады. Оқыту алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ескере отырып жүргізіледі. Жоғары білікті оқытушылар таңдалған траекторияны ескере отырып, білім алушылардың жан-жақты, терең дайындығын қамтамасыз етеді. Біз болашақ экономистерді, менеджерлерді, қаржыгерлерді, маркетологтарды, компания басшыларын дайындаймыз және мамандарды (бакалавриат-магистратура-докторантура) үш деңгейлі даярлауды жүргіземіз. Біз Қазақстан Республикасында экономиканы тұрақты дамыту мақсатында кәсіпкерлік жаңашылдық қабілеттерін көрсете алатын әлеуметтік кәсіпкерлерді (магистратура) даярлауды жүзеге асырамыз. Біздің мектепте Қытай, АҚШ, Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламалары және басқа да бірлескен білім беру жобалары жүзеге асырылуда.
Фотогалерея












