AIU студенттері «Болашақ тергеушілер» республикалық форумына қатысты






2026 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Болашақ тергеушілер» республикалық форумы өтті.
Іс-шараға Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің студенттері қатысты. Университеттің 4-курс студенттерін Құқық жоғары мектебі деканының орынбасары Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы бастап барды. Еліміздің әр өңірінен келген 300 студент қатысқан форумның негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдайтын білікті тергеушілерді даярлау.
Жиын барысында болашақ мамандар тергеу қызметінің негізгі бағыттарымен және құқық қорғау саласындағы қызметтік міндеттермен танысты. Сонымен қатар қатысушыларға тергеуші мамандығының қыр-сыры мен қоғам үшін маңызы түсіндірілді.
Іс-шараның соңында форумға қатысқан Құқық жоғары мектебінің студенттеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атынан тергеу қызметіне арнайы шақыру қағаздары табысталды. Бұл – құқық қорғау саласында қызмет еткісі келетін жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік.
Студенттеріміздің кәсіби жолына табыс тілейміз! Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, заң мен тәртіпті сақтайтын білікті маман болуларыңызға тілектеспіз.
Бөлісу:
Фотогалерея




