AIU-да көшбасшылық құзыреттілікті дамыту бағдарламасы басталды






























Бүгін Астана халықаралық университетінде көшбасшылық құзыреттілікті дамытуға арналған бір жылдық бағдарлама басталды.
Бағдарламаны Harvard Business Impact ұйымының эксклюзивті дистрибуциялық серіктесі KazMedia Holding жүзеге асырады. Қатысушылар бір жыл бойы халықаралық басқару құралдарын меңгеріп, оларды университет жұмыстарына қолданады.
Бүгін стратегиялық тренер-фасилитатор Дана Магауина Астана халықаралық университетінде жобаның алғашқы сессиясын өткізді. Кездесуге AIU ректоры Анар Мырзағалиева, университеттің департамент директорлары және жоғары мектеп декандарынан құралған 24 адам қатысты. Басты мақсат – көшбасшының стратегиялық ойлауын дамыту.
Сессия барысында көшбасшы үшін күрделі ситуацияларды бағалау мен назардан тыс қалдырмаудың маңызы түсіндірілді. Бұдан бөлек өзгерістердің команда жұмысына әсері талқыланды.
Бағдарлама – AIU басшыларының стратегиялық ойлауын, дұрыс шешім қабылдауы мен команданы басқару тәжірибесін арттыруға үлкен мүмкіндік. Көшбасшылық құзыреттерді дамыту – университеттің болашағы мен білім сапасына салынған маңызды инвестиция.
Бөлісу:
Фотогалерея












