AIU-да «Ұлы дала білімі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті















23 қарашада Астана халықаралық университетінде AlmaU-дың «Ұлы Дала Академиясы» ғылыми орталығының директоры, PhD Нұржан Құлымжановтың қонақ дәрісі өтті. Кездесуге «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Дәріс барысында спикер Ұлы дала өркениетінің мұрасы, тарихи таным мен дәстүрлі білім жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар дала мәдениетінде қалыптасқан идеялар мен құндылықтардың қазіргі қоғам үшін маңызы сөз болды.
Нұржан Құлымжанов тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерттеу, ұлттық дүниетанымды терең түсіну және жинақталған білімді кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері жөнінде ойын бөлісіп, студенттермен пікір алмасты.
Кездесу соңында Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының орынбасары Нұржан Құлымжановқа AIU ректоры Анар Мырзағалиеваның атынан алғыс хат табыстады.
Бөлісу:
Фотогалерея







