AIU ректоры Анар Мырзағалиева канадалық Georgian College және Georgian Global өкілдерімен кездесті


















20 қарашада Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева канадалық Georgian College және Georgian Global өкілдерімен кездесті. Жиын мерзімді халықаралық серіктестікті дамыту және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылауға арналды. Шетелдік делегация құрамында Georgian College қаржы және корпоративтік қызметтер жөніндегі вице-президенті Дэвид Джонсон, Georgian Global халықаралық оқыту және консалтинг бағдарламаларының жетекшісі Бакри Субра, Cormack Consultancy Group кеңесшісі Ербол Сүлейменов болды.
Келіссөз барысында тараптар бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, кәсіби тағылымдамалар мен қонақ дәрістерін ұйымдастыру бастамаларын қарастырды. Сонымен қатар ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесуде академиялық тәжірибе алмасуға, мамандар даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге және студенттердің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ халықаралық сарапшыларды білім беру үдерісіне тарту және білім алушылардың кәсіби әрі мансаптық құзыреттерін дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды.
Бөлісу:
Фотогалерея








