AIU-да «AIU CUP V» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
21-22 қарашада Астана халықаралық университетінде «Кітап оқитын ұлт – кемел болашақтың кепілі» тақырыбындағы «AIU CUP V» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Екі күнге созылған пікірсайыста студенттер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғады.
Турнир қорытындысында үздік командалар мен пікірсайысшылар анықталып, жеңімпаздарды Астана халықаралық университетінің жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Есбол Есенбайұлы марапаттады.
«AIU CUP V» республикалық пікірсайыс турнирінің мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін, зияткерлік әлеуетін және дәлелді пікір білдіру дағдыларын дамыту. Сонымен қатар сайыс жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Бөлісу:



