AIU-дың болашақ түлектеріне мемлекеттік грантты жұмыспен өтеу тәртібі түсіндірілді












2026 жылғы 19 қарашада Астана халықаралық университетінде (AIU) «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шараға Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі мен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері мен магистранттар, докторанттар қатысты.
«Қаржы орталығының» мамандары білім беру гранты бойынша оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік грантты жұмыспен өтеудің тәртібі мен шарттарын, заңнама талаптарын және жұмыспен өтеу міндетінен босату немесе кейінге қалдыруға негіз болатын жағдайларды түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік грант есебінен білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың міндеттемелерін орындау мәселелері талқыланды.
Кездесудің мақсаты – білім алушыларға мемлекеттік білім беру грантына қатысты талаптар мен оқудан кейін жұмысқа орналасу тәртібі туралы алдын ала мәлімет беру. Жиын соңында қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
Бөлісу:
Фотогалерея






