AIU мен Цилу технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді















Астана халықаралық университетінің делегациясы университет ректоры Анар Мырзағалиеваның басшылығымен Қытай Халық Республикасының Цзинань қаласындағы Цилу технологиялық университетіне іссапармен барды.
17 қарашада Цилу технологиялық университетінің Чанцин кампусында екі университет басшылығының ресми кездесуі өтті. AIU делегациясының құрамында Академиялық саясат департаментінің директоры Балжан Медеубаева, Педагогикалық институттың директоры Жанна Ахмадиева, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Динара Сапарова және AIU жанындағы Қазақстан-Қытай халықаралық бизнес және экономика институтының басшысы Тамерлан Акниязов болды.
Қытай тарапынан кездесуге Цилу технологиялық университетінің партия комитетінің хатшысы У Яньтао, университет ректоры Дуань Пэйюн, проректор Шу Минлэй, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Шао Сяобо, Оқу бөлімі басшысының орынбасары Юй Цзе, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары Сюй Сюй, сондай-ақ аудармашы Го Цзяньпин қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты тетіктерін талқылау. Сонымен қатар тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуына жағдай жасау мәселесін қарастырды.
Цзинань қаласындағы кездесу жоғары деңгейде өтіп, тараптарға бұған дейін келісілген бастамаларды нақтылауға және алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Сапар Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы ғылыми және академиялық байланысты нығайтып, білім мен тәжірибе алмасуға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея







