AIU-да PROD халықаралық хакатонының ашылу рәсімі өтті










































Бүгін Астана халықаралық университетінде өнеркәсіптік бағдарламалау бойынша PROD халықаралық олимпиадасы хакатонының ашылу рәсімі өтті. Елордада алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 8–12-сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысып жатыр.
Ашылу салтанатына Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ирсалиев, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Юрий Юрьевич Мельник, ұйымдастырушылар, менторлар мен жас бағдарламашылар қатысты. Іс-шара барысында хакатонның негізгі бағыттары, жұмыс тәртібі және тапсырмаларды орындау талаптары таныстырылды.
PROD – Орталық университет ұйымдастыратын өнеркәсіптік бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада. Осы уақытқа дейін жобаға 30-дан астам елден 10 мыңнан аса адам қатысқан.
Хакатонды Астана халықаралық университеті, Орталық университет және Қазақстандағы MyFreedom халықаралық IT-мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар командаларға бөлініп, үш күн ішінде нақты бизнес тапсырмаларды шешуге бағытталған жоба әзірлейді. Жұмыс барысында оларға тәжірибелі менторлар көмектеседі.
PROD хакатоны – жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыруға және командалық жұмыс пен логикалық ойлау дағдыларын дамытуға таптырмас мүмкіндік. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар келесі турға өтеді.
Бөлісу:
Фотогалерея
















