AIU оқытушысы Қытайдағы NECLIME 2026 халықаралық конференциясына қатысты












2026 жылғы 1-8 қарашада Қытайдағы Қытай Ғылым академиясының Сишуанбаньна тропикалық ботаникалық бағында жыл сайын ұйымдастырылатын NECLIME 2026 «Еуразиядағы неогендік климат эволюциясы: Еуразияның кайнозойлық тропиктік және субтропиктік палеофлоралары» халықаралық конференциясы өтті.
3-4 қараша күндері өткен ғылыми отырыстарға AIU Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы Шаһизада Ақмағамбет қатысып, «Late Oligocene and Aquitanian floras of Northern Ustyurt and the Northern Aral Sea region as a source basis for quantitative reconstruction of paleoclimate and vegetation in Southwestern Kazakhstan» тақырыбында баяндама оқыды.
Зерттеу Қазақстанның ежелгі флораларын және оларды Оңтүстік-Батыс Қазақстанның палеоклиматы мен өсімдік жамылғысын сандық тұрғыдан қалпына келтіруде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Конференция ғылыми зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея






