AIU студенті республикалық «Үздік студент» байқауының жеңімпазы атанды









Астана халықаралық университетінің 4-курс студенті Айдана Жумакенова «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Үздік студент» форумы мен байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айдана Жумакенова – «6B05203 – Рекреациялық география және туризм» білім беру бағдарламасының РГжТ-23 Б тобының студенті. Байқау қорытындысы бойынша оның оқу және қоғамдық қызметтегі жетістіктері жоғары бағаланып, үздік қатысушылардың қатарынан көрінді.
Республикалық форумды «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «ДАМУ» халықаралық инновациялық орталығы ұйымдастырды. Марапаттау рәсімі Астана қаласындағы KNUS университетінде өтті.
Байқауға білім беру мен ғылыми бағытта үздік нәтижелерге қол жеткізген көшбасшылық қабілеті жоғары, белсенді студенттер қатысты. Конкурс комиссиясы үміткерлердің жетістіктерін назарға алып, жастар саясаты мен қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесіне қарап бағалады.
Айдана Жумакенованы республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




