AIU БЕЛАРУСЬ ҰҒА-НЫҢ ТАРИХ ИНСТИТУТЫМЕН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ















Астана халықаралық университеті мен Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Тарих институты 2026 жылғы 12 қазанда жасалған келісім негізінде ғылыми ынтымақтастықты дамытып жатыр.
Тараптар «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша өзара серіктестікті нығайтып келеді. Басты мақсат – бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, тағылымдамалар ұйымдастыру, кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ білім беру және ғылыми іс-шараларды өткізу үшін мамандар алмасу.
Екіжақты келісім аясында Астана халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Махамбетұлы Гиззатов 19 қазан мен 2 қараша аралығында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Тарих институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Институт директоры В.Л. Лакиза қазақстандық ғалымды мекеменің материалдық-техникалық базасымен, сонымен қатар Беларусь археологиясы мен антропологиясы орталығының және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметімен таныстырды.
Тағылымдама барысында С.М. Гиззатов «Археологиялық ғылыми-музейлік экспозициямен» танысып, соңғы жылдары Беларусь аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін зерттеді. Тағылымдама қорытындысы бойынша оған Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының атынан арнайы сертификат табысталды.
Бөлісу:
Фотогалерея






